GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Documents
Все материалы
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

17 октября 2026
AUYL SPORT – 2026: АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫ – ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ!

Орал қаласында өткен «AUYL SPORT – 2026» Батыс Қазақстан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік турнирінде Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболдан қыздар командасы үздік өнер көрсетіп, жүлделі І ОРЫНДЫ жеңіп алды!

Осы жеңістің нәтижесінде қыздарымыз Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алып, Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болды!

ЖЕКЕЛЕГЕН НОМИНАЦИЯЛАР:

«ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» – А.М.Джангалиев

«ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» – команда капитаны Бекболат Аэлита

Бұл жарқын жетістік – спортшы қыздарымыздың табандылығы, командалық бірлігі мен жаттықтырушының тынымсыз еңбегінің нәтижесі!

Жеңімпаз қыздарымызды және жаттықтырушысын айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана төрінде өтетін республикалық додада қыздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!

14 октября 2026
АУДАНҒА ЖАҢА ДӘРІГЕР КЕЛДІ!

Бөкей ордасы аудандық ауруханасы білікті маман Азизов Шухрат Улугбековичпен толықты.

Шухрат Улугбекович Азизов Түркістан облысы, Түркістан қаласының тумасы.

2011–2016 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алып, 2016–2018 жылдары интернатурадан өтіп, жалпы тәжірибе дәрігері біліктілігін меңгерген.

2018–2019 жылдары аталған университетте «Ересектер неврологиясы» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолы:

2020–2024 жылдары «Талғат» клиникасында жалпы тәжірибелі дәрігер;

2024–2026 жылдары «Рауан» медициналық орталығында невропатолог және жалпы практика дәрігері ретінде еңбек еткен.

2026 жылдың қазан айынан бастап Шухрат Улугбекович №3 учаскенің учаскелік дәрігері қызметіне кірісті.

13 октября 2026
Бисен ауылында 5 көшеге асфальт төселуде

Бисен ауылында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында ауылдың 5 көшесіне асфальт төсеу жоспарланған. Бұл жұмыстар тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Б.Жәникешев, Т.Масин, З.Жиеналиев және Ш.Жексенбаев көшелеріне асфальт жабыны төселіп, жалпы ұзындығы 3,8 шақырым жолға асфальт салынды.

Қазіргі уақытта жол жиектерін реттеу және қалған көшелерге асфальт төсеу үшін жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Ауылішілік жолдардың құрылыс барысын аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бижановпен бірге бақылады.

Жұмыс сапасына назар аударған аудан әкімінің орынбасары мердігер мекеме – «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті.

07 октября 2026
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ

Аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған "Ұстаздың шуақты әлемі" атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі, аудандық мәлихат төрағасы, ауданның білім беру саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов - Ұстаз – әр адамның өмірінде айрықша орны бар қадірлі жан. Бізге алғаш әріп танытып, білімге жол ашқан мұғалімдерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Ұстаздың айтқан ақылы мен берген тәлімі жылдар өтсе де жадымызда сақталады, - деген ыстық лебізін жеткізді. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ж.Ташуов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Умарова білім беру саласында еселі еңбек еткен бірқатар ұстаздарды марапаттап, алғыстарын білдірді.

Мерекелік кеш барысында білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге елеулі үлес қосып жүрген ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.

Мерекелік кештің көркін ауданның білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы қыздырды. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер мен жүрекжарды жырлар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер туындысынан ұстаздарға деген шәкірттердің шынайы құрметі мен алғысы аңғарылды.

Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіретін ардақты тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін ұлықтау – ел болашағына қызмет етіп жүрген жандарға көрсетілген үлкен құрмет.

Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара білім саласы қызметкерлеріне деген ыстық ықылас пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.

 

07 октября 2026
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық  ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

29 сентября 2026
АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ішкі ауысу тәртібі бойынша аудан әкімінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 239-ө өкімімен Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымға Нурфат Нұрболатұлы Бисекенов тағайындалды.

Нурфат Бисекенов 1988 жылы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Бөкей ордасы аудандық сотының жетекші маманы болып бастаған.

2009-2012 жылдары Бөкей ордасы аудандық сотының бас маманы;

2012-2014 жылдары Зеленов ауданының № 2 сотының аға сот приставы;

2014-2016 жылдары Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі заң тобының заң кеңесшісі;

2016-2019 жылдары Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқару бөлімінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы;

2019-2021 жылдары Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы;

2021-осы уақытқа дейін Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Отбасылы, екі ұлы және бір қызы бар.

29 сентября 2026
САЙҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2026 жылғы 27 қыркүйек күні өткізілген Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №61 шешіміне сәйкес, Сайқын ауылдық округінің әкімі болып Сайран Алтаяқов тағайындалды.

Алтаяқов Сайран Нұрлыбайұлы, 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген. Әкім лауазымына үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған. Бұған дейін С.Алтаяқов «Бөкей ордасы колледжі» директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Бүгін жаңа әкімді аудан басшысы Нұрлыбек Даумов округ әкімі аппаратының ұжымына таныстырса, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы қызметтік куәлігін табыс етті.

28 сентября 2026
1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді

«1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

Орал қаласындағы Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО енді кезекші кесте бойынша: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал Орал қаласындағы Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы №2 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Айта кетейік, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО бұрынғы жұмыс кестесі бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 20:00-ге дейін; сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін.

ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

27 сентября 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚЫЗУ ЖҰМЫС ЖҮРУДЕ

Бүгін Сайқын ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

Дауыс беру алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, сайлау жәшіктері пломбаланды. Осыдан кейін алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасады.

Дауыс берушілер қатарында ауылдың үлкендері мен жастары да бар. Тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы