Құрметті брифингке қатысушылар және телекөрермендер!
Алдымен осы брифингке шақырып, ауданда атқаралып жатырған жұмыстарды көпшілік алдында баяндауға мүмкіндік беріп отырғандарыңызға рахмет.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялаған болатын.
«Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз» - деген болатын мемлекет басшысы.
Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл біз үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.
Сонымен қатар биыл төл тарихымызда ойып тұрып орын алатын Бөкей хандығының құрылғанына 220 жыл, Жәңгір хан негізін қалаған білім ордасына 180 жыл.
Тарих – тек қана өткен шақтың естелігі ғана емес. Ол – халықтың жады, ажырамас бөлшегі, тереңге тартқан тамыры. Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлыңғыр. Қасиетті Бөкей ордасының қазақ тарихында алар орны ерекше.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өлкеміздің шежірелі тарихы, әр заманның тарихи оқиғаларының, тұлғаларының куәсі болған көне архитектуралық ғимараттар мен мемориалдық ескерткіштердің көңіл толтырарлықтай сақталуы елдің елдігін жоймаған жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне разы боп, ауданға екі мәрте келуі болашақта тұрақты дамуға бағыт алуға үлкен серпін берді.
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің өткен жылдарындағы жетістіктерімізге, атқарылған жұмыстарға көз жүгіртіп, бір парасына тоқталып өтейін.
ХАЛЫҚ САНЫ
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді.
Тәуелсіздік алған жылы ауданда халық саны 18,3 мың адамды құраса, ең үлкен көрсеткіш 1998 жылы болған, ол кезде аудан халқы 19,3 мың адамға жеткен. Кейін адам саны азайып 2011 жылы 16,2 адамды құрады. Сол жылдан бастап халық санының динамикасы тұрақтанып 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 15,9 мың адамды құрап отыр. Ауданымыздың жер көлемі – 1 млн. 921 мың га. Аудандағы 7 ауылдық округте 20 елді мекен орналасқан.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Агроөнеркәсіп кешені - ел экономикасының өзегі. Облысымыздың оңтүстік батысында орын тепкен Бөкей ордасы ауданы географиялық орналасуы жөнінен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға оңтайлы мекен болып табылады. Біздің аудан тұрғындарының негізгі кәсібі де осы мал шаруашылығы. Сондықтан, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, халықтың әл-ауқатының өсуімен тығыз байланысты.
Тәуелсіздік алған жылдан бастасам ауданда 7 кеңшар шаруашылығында 49 278 бас ірі қара, 202 708 бас қой-ешкі, 16 979 бас жылқы және 1584 бас түйе болған.
Кейін 1993-1994 жылдары шаруашылықтар таратылып, малдар мен техникаларды жұмысшыларға пайға бөліп беріледі.
1999 жылы ірі қара саны 49%-ға, қой-ешкі 74%-ға, жылқы 49%-ға, түйе 25%-ға кемиді. Себебі сол кезде адамдарға еңбек ақы төленбей, жұмыс болмай, көп мал айырбас жасау (бартер) арқылы есептен шығады.
2002-2005 жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ауыл жылдары» деп жариялайды. «Ауыл жылдары» аясында жүргізілген кешенді жұмыстарға дейін кейбір орталықтан шалғай елді мекендердің жағдайы ауыр деңгейде болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған ауқымды шаралар ауылдың дамуына үлкен серпін берді. Сол кезде шаруа қожалықтары құрылып, олар Үкіметтен несие, көмек қаржы ала бастайды.
2007 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігіне және өнім сапасын арттыруға субсидия беру басталады. 2007 жылдан күні бүгінге шаруа қожалықтары 5 млрд. теңге көлемінде субсидия алды. Шаруа қожалықтарымыздың мал басы өсіп, сапасы да жақсарды.
Қазіргі таңда ауданымызда ірілі-кіші 553 шаруа қожалық жұмыс жасауда.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне мүйізді ірі қара мал саны 84 000 басты құраса, қой мен ешкі – 88 574 бас, жылқы – 30 257 бас, түйе – 1053 басқа жетті.
Шет елден асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналығын сатып алуға, яғни импорттауға бағытталған жұмыстар ауданымызда қарқынды жүргізілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ресей, Белоруссия мен Венгрия елдерінен шаруа қожалықтарымыз соңғы 3 жылда 1083 бас герефорд және ангус тұқымының қашарларын сатып әкелсе, биылдың өзінде 250 бас ангус сатып алды.
Мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мен оң нәтижелер мал басын асылдандыруға жақсы әсерін тигізіп келеді. 2014 жылы ауданда 7 асыл тұқымды шаруашылық болса, қазіргі таңда олардың саны 25-ке жетіп отыр. Бағымдарында 10 мың бас мал өсірілуде.
Жыл сайын ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Соңғы 10 жылда лизингке және қолма-қол қаржыға 587 әр-түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынды, оның 239-і трактор.
ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО
Эффективный малый и средний бизнес является прочной основой развития государства.
На 1 сентября 2021 года в районе зарегистрировано 1087 субъектов малого и среднего бизнеса. Число работающих в сфере бизнеса составляет 2130 человек. Что составляет 25% экономически активного населения района.
За последние 10 лет количество субъектов выросло в 1,5 раза, а число работающих увеличилось в 1,7 раз (01.09.2011 г. – 713 субъектов, 1225 человек).
За 8 месяцев текущего года объем производства составил 5 млрд. 440 млн. тенге, что по сравнению аналогичным периодом 2011 года больше в 2 раза.
На сегодня в районе действуют 292 объектов предпринимательства, из них: 160 продуктовые и бытовые магазины, 8 хлебопекарней, 18 ресторанов и кафе, 3 аптеки, 2 стоматологических кабинета, 43 транспортных услуг, 17 парикмахерских услуг, 4 ателье, 6 фотосалонов, 10 СТО,
1 мебельный цех, 2 цеха по обработке шерсти, 2 цеха по производству пластиковых окон, 1 общественная и 11 частных бань оказывают услуги населению.
За последние 10 лет по различным программам кредитования 372 субъекта предпринимательства на развитие животноводства, сферы услуг и производства получили кредиты на сумму 2 млрд. 673 млн. тенге.
В рамках программы «Бастау-Бизнес», который стартовал в 2018 году, для открытия своего дела 304 начинающих предпринимателей района получили гранты на сумму 161 млн.
700 тыс. тенге.
Начиная с 2014 года в рамках Дорожной карты бизнеса было одобрено 12 проектов на сумму 22 млн. 800 тыс. тенге.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
1991 жылы жұмыссыздар саны 3580 адам болса, қазіргі уақытта олардың саны 748 адамға азайып, жұмыссыздық деңгейі 9%-ды құрады.
1991 жылы ауданда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 375 рубль болған. Кейін 2001 жылы орташа айлық жалақысы 8325 теңгені құрап, 2011 жылы 48 666 теңгеге жеткен. Бүгінгі күнге ауданда бұл көрсеткіш 154 422 теңгені құрап отыр.
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты азайту мақсатында 2011 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданады. Аталған бағдарлама бойынша 2011-2016 жылдары аралығында 1811 адам жұмысқа орналасып, 1454 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар бағдарламаның 1-бағыты шеңберінде 200 адам 147 млн. көлемінде несие қаржысымен қамтылды.
Кейін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске қосылады. Бағдарлама аясында 3243 адам жұмысқа орналасып, 2350 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оған қоса өз ісін ашуға және дамытуға 261 адам 903 млн. көлемінде несие алды.
Шалғай орналасқан ауданымызға жас мамандарды тартып, оларды тұрақтандыру үшін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген әр-түрлі сала мамандарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары жыл сайын жалғасын табып келеді. 2009 жылы бастау алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында күні бүгінге 412 маманға 69,8 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді, 186 маманға 535,8 млн. теңге бюджеттік несие берілді.
ЖИЛИЩНОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО
Улучшение жилищных условий является одним из основных вопросов, волнующих население.
На сегодня в очереди на жилье состоят 313 человек, из них 35 - многодетные семьи.
Реализация коммунального жилищного строительства в районе берет начало с 2006 года. Всего с 2006 года в эксплуатацию сдано 34 одноквартирных и 26 двухквартирных домов. Так жильем было всего обеспечено 86 семей.
В настоящее время в районном центре ведется строительство 26-ти двухквартирных жилых домов.
Кроме того, проходят экспертизу проектно-сметные документации 22-х двухквартирных домов и 12-ти квартирного двухэтажного жилого дома в селе Сайхин, а также 2-х двухквартирных домов в селе Бисен.
В районе активно идет индивидуальное жилищное строительство. За годы Независимости всего в эксплуатацию было сдано 74 тыс. кв.м. жилья. И для дальнейшего развития по данному направлению в настоящее время подготовлены и утверждены генеральные планы сел Сайхин, Хан Ордасы и Муратсай.
ГАЗДАНДЫРУ
Алғаш рет 2008 жылы «Қайрат-Мұратсай» жоғары қысымды газ құбырының құрылысы басталып, Мұратсай ауылында газ тарату станциясы салынды. Сол кезден бастап аудан орталығы Сайқын ауылы, Мұратсай, Хан Ордасы, Жәрмеңке, Әжен, Қарасу, Үштерек, Бисен ауылдары табиғи газға қосылды.
2018 жылы аудандағы елді мекендерді газдандырудың екінші кезеңі басталып, 12 ауылға газ құбыры жеткізілді. Кеңес Үкіметі жеткізе алмаған газға ауданымыз Тәуелсіздік жылдарында осындай ауқымды жоба іске асып, елді мекендеріміз толықтай 100% табиғи көгілдір отынға қол жеткізді.
СУМЕН ҚАМТУ
Халықты таза ауыз сумен қамту - мемлекеттің негізгі бағытының бірі. 1993-1994 жылдары Орда топтық су құбырының құрылысы басталып, Хан Ордасы, Мұратсай, Сайқын ауылдарына таза тұщы су жеткізіледі.
«Таза су» бағдарламасы аясында 2005-2008 жылдары 3 ауыл таза сумен қамтылды (2005 - Сайқын, 2008 - Мұратсай мен Ұялы).
2012-2020 жылдары «Ақ бұлақ» таза ауыз су бағдарламасы бойынша 13 елді мекенге ауылішілік су құбырлары тартылса, 2 ауылдың су құбырларына қайта құру жұмыстары жүргізілді
(2012 – Саралжын, 2013 – Жиекқұм, 2014 – Бисен, 2017 - Бөрлі, Көктерек, Жетібай және Сайқын, 2018 – Кеңой, Жәрмеңке, Қарасу, Әжен, 2019 – Тайғара, Үштерек, 2020 – Шоңай, Мұратсай).
Алдағы уақытта Ұялы ауылының су құбырын қайта жаңарту және Тереңқұдық ауылына да су тарту жұмыстарын жоспарлап отырмыз.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 385 шақырым болса, оның республикалық маңызы бар автожолдар – 124 км, облыстық – 116 км, аудандық – 145 км.
Аудан халқы талай жылдары жол азабын шегіп келе жатыр. Ауданды облыс орталығымен жалғайтын асфальт жол жоқ. Ғасыр бойы күткен жол салу мәселесіне еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келгенде қозғау салады. Тәуелсіздіктің арқасында бастама алған бұл үлкен жобаға аудан тұрғындары ерекше қуанғаны баршаңызға белгілі.
Қазіргі таңда 103 шақырым республикалық жолдың күрделі жөндеу жұмыстары 2 мердігермен жүргізілуде.
Бұл жұмыстар объективті және субъективті себептермен баяу жүріп жатқаны көрініп тұр, объективті дегенім, бастапқы кезде қажетті қаржыландырылмауы, ауданымыздың шалғай орналасуы, мердігерлердің өз жұмыстарын дұрыс жоспарламай, қажетті деңгейге шығалмай жүргені де анық. Дегенмен ағымдағы жылы шілде айында Өнеге-Бисен-Сайқын 50-103 км жол құрылысы өз бастауын алды. Жол құрылысының қарқынын төмендетпеуге жұмыстанатын боламыз. Қазіргі уақытта 11 км асфальт жабыны төселді.
Сонымен қатар туризмнің дамуына жағдай жасау мақсатында республикалық маңызы бар жолы болып танылған Хан Ордасы ауылының 21 км кірме жолы бойынша мердігер анықталды, жөндеу жұмыстары 2021-2022 жылдары жүргізілетін болады.
Аудан орталығының көше жолдарына асфальт төсеу жұмыстары да жүргізілуде.
2018 жылы Сайқын ауылының 5,6 км көше жолдары орташа жөндеуден өткізілді.
2020 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайқын ауылының көше жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 15 көшенің 13-і аяқталса, 2 көшенің асфальт төсеу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталып, тапсырылады.
Аудандық жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Бисен ауылының кірме жолына асфальт жабынды төсеу жұмыстары басталды. Мұратсай ауылына 18 км кірме жол асфальт бетонды жабынмен орташа жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Шежіресі бай, өнердің орталығы Бөкей ордасы ауданының мәдени өмірі, бүгінгі күні де заман талабына сай дамып, көптеген игі істер атқарылуда.
Аудан бойынша 13 мәдениет үйлері мен клубтар, 10 мектеп жанындағы спорт залдар, 1 спорт мектебі, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 22 кітапхана мен 1 тарихи-мұражай кешені халыққа қызмет көрсетуде.
Ауданда «Халықтық» атағы бар ұлт-аспаптар оркестрі, «Нарын» вокалды ән-аспаптар ансамблі, «Үлгілі» атағы бар «Орда гүлдері» би ансамблі және басқа да ұжымдар жұмыс жасайды.
Ауданымыздың көркемөнерпаздары әр-түрлі байқауларға қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсетуде. Атап айтсам, Тәуелсіздік жылдарында жерлестеріміз 10 халықаралық,
6 республикалық байқауларда жетістіктерге жетті.
Ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар тиісті деңгейде өтуде. Жыл басынан 26 мәдени және 9 спорттық шаралар оздырылды.
Халықтың мәдениетін көтеру тек мәдени шаралармен ғана емес, мәдени нысандардың келбетімен де байланысты.
Тәуелсіздік жылдарында 1 мәдениет үйі мен 4 кітапхана ашылып, 8 мәдениет үйінің және 3 кітапхананың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.
Қазіргі уақытта Бисен ауылындағы мәдениет үйі апатты жағдайда болуына байланысты, жаңа 300 орындық мәдениет үйін салуды қолға алдық. Аудандық бюджет есебінен ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өтуде.
Бұқаралық спортты дамыту да басты назарда. Балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, дене шынығуымен айналысуына жағдай жасау мақсатында соңғы жылдары барлық округтерде жасанды жабыны бар заманауи футбол алаңдары және балалар ойын алаңдары салынды.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Бөкей ордасында ұлттық спорт түрлері кеңінен ұлықтаулы тиіс. Осы бағытта ашылған ат спорты мектебі жас өрендердің атқа мініп, шабандоздықтың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік туғызарына күмәнім жоқ.
Биыл 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы жергілікті спорттың дамуына серпіліс береді деп есептеймін. Бұл нысанда тұрғындардың спорт түрлерімен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Тәуелсіздік жылдары ауданымыздың спортшылары әртүрлі спорт түрлерінен республикалық чемпионаттарда жүлделі орындардан көрінді. Бұл спорттың дамуына бағытталған жұмыстардың нәтижесі деп білемін.
БІЛІМ БЕРУ
Келешек ұрпаққа сапалы білім беру, оларды қоғамымыздың белсенді мүшелері болып қалыптастыру – біздердің күнделікті міндетіміз болып табылады.
Ауданның білім беру жүйесінде 18 мектеп жұмыс жасайды. Оларда 555 педагог қызмет атқарады.
Мектеп оқушылары өз білімдерін одан әрі жетілдіру бағытында әр-түрлі сайыстарға қатысып келеді. Халықаралық байқауларда 20, ал республикалық байқауларда 143 оқушы жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік жылдарында 49 мектеп түлектері «Алтын белгіге» қол жеткізді.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында берілген «100 мектеп, 100 аурухана» аясында 2009 жылы аудан орталығында 600 орындық мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл мектепке этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Мұхамед-Салық Бабажановтың есімін иеленді.
Жалпы Тәуелсіздік жылдарында ауданда 600 орындық мектеп, 290 орындық балабақша, 70 орындық мектеп интернаты салынса, күрделі жөндеуден 8 орта және 3 бастауыш мектептері өтті.
Биыл Хан Ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігері анықталды. Сонымен қатар
2 бастауыш мектептің ЖСҚ дайын тұр.
ЗДРАВООХРАНЕНИЕ
Качество медицинских услуг является важнейшим компонентом социального самочувствия населения. В нашем районе также уделяется соответствующее внимание системе здравоохранения.
В годы Независимости были построены 2 врачебных амбулаторий и 10 медицинских пунктов.
На сегодняшний день в районе функционируют 18 объектов здравоохранения, из них 17 объектов газифицированы. В этих учреждениях работают 26 врачей, 118 медицинских работников.
Активно ведется работа по улучшению материально-технической базы, оснащению медицинским оборудованием.
В 2015 году районная больница получила грант посольства Японии в Казахстане по программе «Корни травы» и на полученные 18 млн. тенге были приобретены современные медицинские оборудования.
В 2018-2019 годах для районной поликлиники были приобретены цифровой рентген, аппарат УЗИ, электронный флюроаппарат, аппарат для наркоза и ряд другого оборудования.
В Послании Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу было поручено обеспечить сельскую местность медицинским оборудованием. В 2020 году в рамках этого нашему району был передан передвижной медицинский комплекс. Раньше такого мобильного центра в районе не было. Комплекс незаменим для жителей отдаленных сел. Ведь комплекс сделает врачебную помощь доступной для населения отдаленных населенных пунктов нашего района. Мобильный комплекс оснащен всем необходимым оборудованием для диагностики здоровья граждан. Такой медицинский комплекс позволяет на ранней стадии выявить хронические неинфекционные заболевания населения района.
По санитарно-эпидемиологической ситуации наш район находится в «Зеленой зоне». С начала 2021 года зарегистрировано 342 случая (291 симптоматических, 51 бессимптомных), из них
138 человек пролечились в инфекционном стационаре, 204 получили лечение в амбулаторных условиях. От заражения вирусом умерло 6 человек.
Вакцинация - единственный путь профилактика вируса. В этом направлении были организованы мобильные пункты вакцинации, где жители могли получить прививку без посещения больницы. На сегодняшний день по району всего привито первым компонентом 3921 человека, второй компонент получили 3429 человек.
ТУРИЗМ
Бөкей ордасы ауданы экономикасының негізгі бағытын ауыл шаруашығы құрайды. Алайда қазіргі таңда жаңа бағыт туризм саласын дамыту көзделіп отыр, себебі туризм экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады.
Хан Ордасы ауылындағы тарихи-музей кешені біздің туризмді дамыту бағытындағы басты нысанымыз. Ол Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізіміне енгізілген.
Баяндамамның басында Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарының басында ауданымызға екі мәрте келгенде осы Хан Ордасы ауылына тоқтағанын атап өттім. Елбасының жете көңіл бөлуінің арқасында Хан Ордасының тарихы өзінің әділ бағасын алып, дамуының жаңа кезеңі басталды.
2292 халқы бар Хан Ордасы ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 561 км, аудан орталығы Сайқын ауылынан 56 км қашықтықта орналасқан. Тұңғыш Президент облысымыздың оңтүстік аудандарының жолына асфальт төсеу туралы тапсырмасының себебі Хан Ордасына жолды жақсартып, туристердің көптеп келуіне мүмкіндік жасау бағытында берілген болатын.
Туризм саласының дамуы үшін барлық жағдайды жасау мақсатында өңір басшысының тапсырмасымен Хан Ордасы ауылының кешенді даму жоспары жасақталды.
Жобамыздың мақсаты - келушілердің санын көбейтіп, аудан экономикасының жалпы ішкі өнімін кемінде 8% үлесін қамтамасыз ету. «Тұңғыштар мекені» аталып кеткен Бөкей ордасының бай тарихын жұртшылыққа насихаттау, жеке инвесторлар тарту арқылы дамыған туристтік инфрақұрылым жасақтау, туристтерге өлкеміздің ерекше табиғатын көрсету және қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту.
Жоспарға сәйкес Хан Ордасы ауылының дамуы 3 бағытта іске асырылады. Олар: бюджеттік инвестициялар, жеке инвестиция және коммуналдық меншіктегі ғимараттарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы сенімгерлік басқаруға беру.
Аталған шараларды іске асыру, туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебін одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Аудан экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі салаға айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте өңірдің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасауға жұмыстанамыз.
Бөкей хандығының тарихы қайта зерттеліп, шындықтың ақтаңдақ беттері ашылды. Бұл, сөзсіз бөкейліктер үшін тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген мәртебе еді.
Қадірменді тыңдаушылар!
Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озғанын Мемлекет басшысы атап өткен еді.
Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Өйткені тәуелсіздік жоқ жерде еркін даму мүмкін емес. Бүгінде әлемге ықпал жүргізіп отырған озық елдер осы дәрежеге тәуелсіздіктің арқасында жеткені белгілі. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз деп білген жөн.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!