Бәйтерек ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Бәйтерек ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

308391

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасының орындалуының негізгі бағыттарын, ауданның стратегиялық және ортамерзімді даму жоспарларын әзірлеу, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты іске асыру, алдағы қаржылық жылға бюджет жобасын әзірлеу, бюджетке уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру. Аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және бюджеттің орындалуына ішкі бақылау жүргізуді жүзеге асыру. Жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына талдау жасау. Бөлімнің, бағыныстағы адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау қабілеті. Қабылдауға келушілермен  жұмыс істей білу және аппаратішілік жұмыс негіздерін білу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 15.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15мб

Сұхбаттасу күні

20.05.2025

Сұхбаттасу орны

Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139

Анықтама алу үшін байланыс

8-(71130) 22-225