Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы
Бәйтерек ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
Функционалды міндеттер
Шаруашылық есеп кітаптарын жүргізу, электронды «Е-akimat365» базасына енгізу. Округ бойынша статистикалық есептерді жүргізу. Аудан және ауыл әкімімен өткен кеңес хаттамаларының тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру, ардагерлер кеңесі, әйелдер және қоғамдық кеңестерімен жұмыс, хаттамаларын толтыру. Ауыл жастары және саяси бірлестіктермен жұмыстар атқару. Округ аумағында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүргізу,атаулы әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, денсаулығына байланысты берілетін біржолғы материалдық көмек беру жұмысын жүргізу, есебін жүргізу. Ауыл әкімі атынан құттықтау және алғыс хаттарды, округтегі мекеме басшыларына құттықтауларды дайындау. Әкім аппаратының мұрағат ісін жүргізу, аудандық мұрағат бөліміне сапалы және уақытылы тапсырылуын ұйымдастыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sagandykova@bko.gov.kz
- 23.05.2024
- Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139
-
8-(71130) 22-225