GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
02 октября 2026
ҚАРИЯСЫ ҚҰРМЕТТЕЛГЕН ЕЛДІҢ — МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

 
Халықаралық қарттар күні – өмір жолы өнегеге толы аға буынға құрмет көрсетіп, олардың ел дамуына қосқан еңбегін бағалайтын ерекше күн. Осыған орай Мичурин ауылдық округінде ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарттарына арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Ізгі шараға Бәйтерек ауданының әкімі Марат Токжанов қатысып, ауылдың үлкендерін мерекемен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде аға буынның елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесінің маңызын атап өтіп, ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тіледі.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі атынан ардагерлерге шағын сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, Мичурин ауылдық округінің мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қариясын ардақтаған елдің қазынасы мол. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.
30 сентября 2026
ЕЛІМІЗДЕ 100 ЖАСТАН АСҚАН 44 ЗЕЙНЕТКЕР БАР
Әлеуметтік сала
30 сентября 2026
Бәйтерек ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде мамандандырылған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік қызмет лауазымдарына конкурс жариялайды:

Бәйтерек ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде мамандандырылған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі келесі бос мемлекеттік қызмет лауазымдарына конкурс жариялайды:

Құрылымдық бөлімше басшысы:

1.1. Декреттік демалыс кезінде үйде әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы - 1,0 ставка;

1.2. Үйде әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы - 1,0 ставка;

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер:
Переметнин ауылдық округінің Переметное ауылында - 1,0 ставка;

Мүгедек балаларға және 18 жастан асқан нейропсихиатриялық бұзылулары бар мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер:

1.1. Переметнин ауылдық округінің Переметное ауылында - 0,25 ставка;

Біліктілік талаптары:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық немесе заңгерлік) және тиісті экономикалық қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қоса берілген құжаттар тізімімен бірге конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Толтырылған кадрлық есеп парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 нөмірімен тіркелген).

Мемлекеттік қызметке кірген кезде жеке тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпараттың бар немесе жоқ екенін растайтын анықтама ұсынуы тиіс.

Байқауға қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: 090600, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, № 82B. Анықтама телефоны: 8(71130) 22-366, a.dusenova@bko.gov.kz.

Анонстар мен Хабарламалар
27 сентября 2026
Бәйтерек ауданы бойынша 2026 жылғы 27 қыркүйектегі сағат 07.00-ге сайлау учаскесін ашу туралы

№171, №172, №173, №174, №175, №176, №211, №212, №213      учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2026 жылғы 27 қыркүйек сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 9 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылатын болады.

 

 

16 сентября 2026
«Қазақтелеком» АҚ ескертеді: жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын оларды жерасты коммуникацияларының иелерімен келісу қажет.

16 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 74 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰП ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ
10 сентября 2026
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданының тұрғындармен кездесуі

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің 2026 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 10:30-да Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында аудан халқымен кездесуі өтеді.
Өтетін уақыты мен орны: 23.09.2026 ж. сағ.10:30. БҚО, Бәйтерек ауданы, Щапов ауылы, Байқоңыр көшесі №16, ауылдық клуб ғимараты.
Аудан тұрғындары өздерінің сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін алдын-ала a.baiterek@bko.gov.kz электронды поштасына және +7 708 358 34 20 WhatsApp желісіне жолдауына болады. Сонымен қатар, Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімі блогына https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek?lang=kk сілтемесі бойынша электронды форматта жолдауыңызға болады.
Ұсыныс пікірлерді жолдаған кезде жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу өткеннен кейін облыс әкімі мен сала басшылары азаматтарға жеке қабылдау өткізетін болады.


Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты.

07 сентября 2026
Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленое ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы                 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы      №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №175 бұйрығының 2 бөлігінің 4-тармағының             3-тармақшасына және Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 7 қыркүйектегі №7 жоспардан тыс отырыстарының хаттамаларына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Балаган-Переметное» су құбырында орын алған авариялық жағдайға байланысты Зеленый ауылдық округі Зеленый ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                      М.Токжанов

 

 

 

ТҮКШ
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады

-------------------------------------------------------------------------------------------------------.

 

Мәдениет және спорт
11 августа 2026
Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер!
Сіздерді ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай аталып өтетін Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Абайдың асыл мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық санамыздың темірқазығы. Оның «Толық адам», білім мен ғылымға ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық пен адамгершілік туралы тағылымды ойлары бүгінгі қоғам үшін де аса маңызды.
Абай сөзі – ұрпаққа өнеге, елге бағыт. Ақын мұрасын дәріптеп, кейінгі буынға жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз. Әр шаңыраққа амандық, береке мен бірлік, зор денсаулық тілеймін! Еліміз еңселі, келешегіміз кемел болсын!
Абай күні құтты болсын!
Абайдың тағылымы ұрпақ санасында мәңгі жасай берсін!
Құрметпен,
Бәйтерек ауданының әкімі
МАРАТ ТОҚЖАНОВ
Социальные сети
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы