Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
Культура

Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарасты аудандық мәдени- демалыс орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және «Бәйтерек» спорт клубы қарайды.

Бөлімінің  негізгі  қызметі  тарихи- мәдени  мұраны  сақтау  мен  насихаттаудан, мәдениет  пен  өнердің  жоғары  дәрежеде  қалыптасып,  дамуын  қамтамасыз  етуден  және  тұрғындардың  рухани  дүниетанымын  байыту, бұқаралық  спортты  және  спорттың  ұлттық  дамыту, ауданымызда  мемлекеттік  тілді  дамыту  мен  қолданыс  аясын  кеңейту  мақсаттарынан  құралады.                                                                         

Осы  жұмыстарды  жүзеге  асыру  барысында   бүгінгі  таңда ауданымызда 51 кітапхана, оның екеуінде  модельді ауылдық кітапхана мәртебесі  бар. Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы жанынан коворкинг орталығы ашылып жұмыс жасауда.

Ауданда 33  мәдениет мекемелері қызмет атқарады, соның ішінде:

- 1 аудандық мәдениет үйі /Переметный ауылы/;

- 2 ауылдық мәдениет үйі / Дариян мәдениет үйі, Калинин Достық үйі/;

- 30  ауылдық клуб.

Сонымен қатар, 1 тарихи-өлкетану музейі /Переметный ауылы/,

1 «Жеңіс» кинотеатры /Переметный ауылы/, 1 киноқондырғы /Дариян ауылы/.

Аталмыш 33 мәдениет 5-уы бейімделген ғимаратта орналасса, ал 28-і типтік ғимаратта орналасқан.

Бүгінгі күнде аудандық мәдени-демалыс орталығының 33 мәдениет мекемелерінде 240 клубтық құрылымдар /үйірмелер, көркемөнерпаздар ұжымдары, ұлттық- мәдени бірлестіктері/ қызмет атқарады. Оларға қатысушылар саны- 2847 адам.

Клубтық құрылымдардың ішінде 7 ұжымның «Халықтық» атағы бар. Олар:

          - « СКИФЫ» вокалды- аспапты ансамблі

          - « Шежіре» фольклорлық ансамблі

          - «Дарьюшка» би ансамблі

          - «Нұр-ай» Үлгілі би ансамблі

          - «Ақ ниет» әжелер ансамблі

          - «Калинушка» орыс вокалдық ансамблі

          - «Достық- Дружба» ансамблі.

 

Кадр құрамы

Бүгінгі таңда Бәйтерек ауданы мәдениет саласының барлық қызметкерлер саны- 463 адамды құрайды. Кіші қызметкерлерсіз- 217 адам. Оның ішінде 140 адам жоғары, арнайы орта 68 адам. (орта -9). Шығармашылық қызметкерлер саны- 151 адам. Оның ішінде 98 адам жоғары, арнайы орта 48 адам. (орта -5)

0,5 бірлікте 37 адам. Оның ішінде шығармашылығы 23 адам.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес:

 29 жасқа дейін- 41 адам, 30-50 жас аралығында-114 адам, 50 жастан асқандар саны- 62 адам.

Тәжірибесіне сәйкес:

5 жылға дейін адамдар саны- 67, 5-10 жас аралығында- 27 адам, 10 жылдан жоғары адамдар саны- 123.

Жынысына сәйкес:

Ер адамдар саны- 71 адам, әйелдер саны- 146 адам.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:

2023 жылы «Дипломмен ауылға» жобасымен жұмысқа орналасқан мамандар саны- 4 адам.

 

Қабылданған аймақтық бағдарламалар

 

-  ауылдық кітапханаларда мектеп оқушылар арасында тақырыптық байқаулар өткізу;

-  мемлекеттік, басқа да мейрамдарға орай мәдени-көпшілік, салтанатты  іс-шараларды дайындау;

-  мемлекеттік тілді білу мақсатында байқаулар өткізу;

 

Аудандық мәдени- демалыс орталығы

            Өткізілген іс-шаралар саны -2  234, қамтылған көрермен – 171 198.

Мемлекеттік ,кәсіптік және басқа да іс-шаралар: 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, 1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, 7 мамыр-  Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні, 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні, 4 маусым- Рәміздер күні,1 шілде- Ұлттық домбыра күні, 6 шілде - Астана мерекесі, 30 тамыз- ҚР Конституциясы күні, 25 қазан- Республика күні, 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан -                              ҚР Тәуелсіздік күні , Жаңа жыл мерекесі және т.б. шаралар.

Дәстүрлі жобалар: «Жасыл өлке»,  «Ұлт тарихы:Ұлы тұлғалар» , «Қолөнер - сырлы өнер» ,  «Алуан түрлі бояудың сиқыры»

Жаңа жобалар: «Жас талант» / Аудандық мәдениет үйі/, «ТТТ-Талант.Тарих.Театр»Аудандық байқау - фестивальдер: Махамбет ауылдық клубында «Бәйтерек әуен LIFE» жастар жобасы, «ШЫҢ» сазды-драма театрында суретші Г. Ысмайлованың  100 жыл толуына орай «Алуан түрлі бояудың сиқыры» сурет көрмесі ,М.Жұмабаевтың 130 ж толуына орай Махамбет клубында «Мен жастарға сенемін»  аудандық Мағжан оқулары, халық әртісі А.Қоразбаевтың 75 жылдығына орай «Елге сәлем», Январцев ауылында «Бидің әсем әлемі» би фестивалі,  Дариян ауылында «Кішкентай ханшайым -2023» бүлдіршіндер байқауы, Аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен» балалар фестивалі, «Шың» драма театрында «Абысын-ажын» байқауы, Зеленый ауылында « Жеңіс Алауы» ашық аспан астында,  Янайкин ауылында Құрманғазының 200 жылдығына «Сарыарқа» күй кеші, Рубежин клубында «New format dance» би фестивалі, Трекин ауылдық клубында «Жұлдызды балақай» балалар шығармашылығы жобасы , Красноармейск ауылында «Ойна сырнай, шырқа гитара» фестивалі,  Раздольный ауылында «Менің Бәйтерегім» фото сурет көрмесі, Құрманғазы клубында «Веселые частушки» фестивалі,Мичурин ауылдық клубында Ш.Қалдаяқотың әндерін орындаушылары арасында «Жұлдызды жұп», Атамекен ауылында «Сыр тартқан жылдар сазынан» халық әндері байқауы, Чиров ауылында «Живая струна» бард әндерін орындаушылар байқауы , «Шың» сазды-драма театрында  мәдениет қызметкерлері арасывнда ұлттық ойындар жарысы, аудандық мәдениет үйінде тіл мерекесіне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-достық тірегі» шарасы, Қайнар ауылында «Жас батыр – 2023» байқауы , Мичурин ауылында «БАСТАҢҒЫ» жобасы, «Асыл Ана -2023» көпбалалы аналар бйқауы, «Қызық премия» шоу- бағдарламасы;

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер» бағдарламасы: «Бастаңғы», «Салт-дәстүрім-қазынам», «Жасыл өлке», «Ұлт тарихы:Ұлы тұлғалар», «Алуан түрлі бояудың сиқыры» жобалары, «Ақ кимешек -киелім» этно-танымдық кеш , «Менің Бәйтерегім» фото-көрмесі, «Абысын- ажын» аудандық келіндер байқауы;

Қайырымдылық шаралар: Аудандық «Өз жүрегіңнің жылуымен бөліс» мүмкіндігі шектеулі өнерлі жандардың қатысуымен өнер байқауы, «Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық концерті, «Қайырымдылық-қайырлы іс» акциясы, «Сделай добро»  шарасы, «Қарттарым-асыл қазынам» қайырымдылық концерті, «От сердца к сердцу» көрмесі.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі:

Өткізілген іс - шаралар саны - 2085, қатысқан оқырмандар- 38835.

2023 жылы кітапхана мәдени-көпшілік қызметін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған шаралар, «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» жобасы, «Туған жер» арнайы жобасы,  «Балалар жылы» жарияланымы, «Бір ел –бір кітап» акциясы,  2023 жылы аталып өтілетін ақын- жазушылар, қоғам,  өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің кітап қоры 753702 дана, оның мемлекеттік тілдегісі 179755 дананы құрайды. 2023 жылы 5800, оның қазақ тіліндегісі 3683 дана кітап пен кітапшалар келіп түсті.

«Шалқар шабыт мерекесі әз - Наурыз».

«Туған жерім – тұғырым» халық шығармашылығы фестивалі аясында Бәйтерек ауданы көркемөнерпаздарының  концертті

«Жасыл өлке» аудандық жобасы аясында «Менің Бәйтерегім» аудандық фото көрмесі

«Салт-дәстүрім-қазынам» жобасы

Ашаршылық және саяси қуғын –сүргін  құрбаны, қазақ ағартушысы  С.Торайғыровтың  130 жыл толуына орай «№ 37»  қойылымы

Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ кескіндемешісі, суретші Гүлфайруз Ысмайылованың туғанына 100 жыл толуына аудандық "Алуан түрлі бояудың сиқыры" жобасының салтанатты ашылуы

Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің  ұйымдастыруымен 10 тамыз  – Абай күніне орай өткізілген  «Шың хакім, сөзің асыл баға жетпес» атты әдеби кеш.

«2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» деп жариялануына байланысты Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «КІТАП шоу» фестивалі.

Бәйтерек  ауданының ОКЖ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Біз отбасымызбен оқимыз» атты басқосу кеші.

Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл -тұтастық тұғыры» атты байқау.

Документы
Новости
Полезные материалы
Культура
Медиагалерея
1
Рәміздер алаңы
События
17 октября
Гала концерт областного фестиваля ВИА "Осенние мелодии"
28 января
“Өнер майталманы” төсбелгісінің иегері, күйші, сазгер Аслан Ғизатовтың “Өнермен талмайды қанатым” атты шығармашылық кеші!
15 февраля
Кеңес әскерлерінің Ауған елінен шығарылғанына 35 жыл толу құрметіне арналған “Ауған жауынгерлеріне-құрмет!”
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Государственное учреждение «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта района Бәйтерек»
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы