80 жылдық Жеңіс: Ұлы соғыстың батырлары – ұрпақтың жадында!

Гүл шоқтары мен гүл себеттерін қою рәсіміне аудан әкімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы, қоғамдық ұйым өкілдері, тыл еңбеккерлері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысты. Әр гүл – бейбітшілік пен ерлікке құрметтің белгісі.
Салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – аудан жастарының қатысуы. Олар Ұлы Жеңістің маңыздылығын, елдің болашағына деген жауапкершілікті жете түсініп, бұл мерекені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу міндеті екендігін ерекше атап өтті.
Ұлы Жеңіс күні – біз үшін тек тарихи дата емес, бұл – мәңгілікке жалғасатын батырлардың есімдерін ұлықтау, олардың ерліктері мен қажырлы еңбегін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз керек деген ұғымды білдіреді.