

Бәйтерек ауданының Переметный ауылындағы Бейбітшілік пен келісім саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының тұғыры 2023 жылдың желтоқсан айында орнатылды.
Биіктігі — 30 метр, ал тудың көлемі — 8×4 метрді құрайды.
Аталған нысан — тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін, елге деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеу мақсатында бой көтерді. Мемлекеттік Ту — халқымыздың ортақ құндылығы, елдік пен ерліктің, бейбітшілік пен келісімнің нышаны.
Бұл ту Бейбітшілік пен келісім саябағының төрінде желбірей отырып, ел рухын асқақтатып, келешек ұрпаққа отансүйгіштік пен бірлікке үндейтін тәлім мен тәрбие береді.