Атамекен, Щапов, Көшім, Махамбет ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 9 қазанда Бәйтерек ауданының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Атамекен сайлау округі
Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1093 азамат енгізілді, оның ішінде - 601 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 20.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қожағалиев Т.Қ.– 126 (22,2%);
Төлебалиев Н.Қ.– 43 (7,6%);
Үмбетқалиев Ф.М.– 399 (70,2%).
Щапов сайлау округі
Щапов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1209 азамат енгізілді, оның ішінде - 801 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар - 40.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қонашев Н.Ә.– 37 (4,9%);
Мұхтаров М.Н.– 108 (14,4%);
Нұрбайыров Б.Т.– 607 (80,7%).
Көшім сайлау округі
Көшім ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2683 азамат енгізілді, оның ішінде - 1734 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 35, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар - 99.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Альмурзин А.Ғ. – 1360 (85,0%);
Төрешов М.Б. – 128 (8,0%);
Халденов Б.Б.– 112 (7,0%).
Махамбет сайлау округі
Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1515 азамат енгізілді, оның ішінде - 626 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар - 26.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдуллаев Р.А. – 49 (8,6%);
Аманғалиев Б.С. – 466 (81,5%);
Қалиев З.Ғ. – 57 (9,9%).
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Ғұбашева