Бәйтерек ауданы бойынша сағат 07.00-ге сайлау учаскесін
ашу туралы
Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 9 қазанда жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 4 ауылдық округіндегі (Атамекен ауылдық округі, Махамбет ауылдық округі, Көшім ауылдық округі, Щапов ауылдық округі) 11 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.