Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы хабарламасы
2022 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 18.00-де күні Атамекен, Махамбет, Көшім және Щапов ауылдық округтері әкімдеріне кандиттарының құжаттарының ұсынуы аяқталды.
2022 жылдың 10 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өзін – өзі ұсынушылардан әкімдікке кандидаттардан 18 өтініш келіп түсті. Соның ішінде: Атамекен ауылдық округінің әкіміне - 5 өтініш; Махамбет ауылдық округінің әкіміне - 5 өтініш; Көшім ауылдық округінің әкіміне - 5 өтініш; Щапов ауылдық округінің әкіміне - 3 өтініш келіп түсті.
Ұсынылған кандидаттардың: 13 (72,2%) кандидат – мемлекеттік қызметшілер, 5 (27,8%) кандидат – жұмыссыз.
Кандидаттардың орта жасы - 41 жас, ең жас кандидат - 30 жаста, ең жасы үлкен кандидат - 60 жаста.
2 (11,1%) кандидат – осы ауылдық округтерде тұрады, ал 12 (66,6%) кандидат Бәйтерек ауданның басқа ауылдық округтерде және 4 (22,3%) кандидат облыста немесе басқа ауданда тұрады тұрады.