Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 23 қыркүйекте Махамбет ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсынған Батырбек Бетімұлы Ғұсмановтан кандидат ретінде ұсыну үшін өтініш келіп түсті.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттың құжаттарды қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.