Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 19 қыркүйекте өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ретінде ұсыну үшін 4 өтініш келіп түсті: Көшім ауылдық округінің әкіміне – Фархат Мәлікұлы Үмбетқалиевтен, Махамбет ауылдық округінің әкіміне – Зейнолла Ғайноллаұлы Қалиевтен және Рахымжан Асқарұлы Абдуллаевтен, Атамекен ауылдық округінің әкіміне – Ғабит Отаұлы Жолжановтан.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.