Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 16 қыркүйекте өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ретінде ұсыну үшін 3 өтініш келіп түсті: Щапов ауылдық округінің әкіміне – Мәулет Насиболлаұлы Мұхтаровтан және Нұрсұлтан Әлібекұлы Қонашевтан, Атамекен ауылдық округінің әкіміне – Ербол Мендіқанұлы Сидағалиевтан.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.