Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 15 қыркүйекте өзін-өзі ұсынушылардан ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ретінде ұсыну үшін 5 өтініш келіп түсті: Көшім ауылдық округінің әкіміне – Ауған Гарифоллаұлы Альмурзиннен және Сұлтан Құмарұлы Хайрушевтен, Щапов ауылдық округінің әкіміне – Біржан Төлегенұлы Нұрбаировтан, Махамбет ауылдық округінің әкіміне – Бейбіт Серікұлы Амангалиевтен, Атамекен ауылдық округінің әкіміне – Нұрлан Құмарғалиұлы Төлебалиевтан.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.