Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Переметный ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 11 қыркүйек күні Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен Герасимов Алексей Викторович – Переметный ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1986 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Переметный ауылында тұрады, Бәйтерек аудандық «AMANAT» партиясының филиалынан ұсынды.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Ғұбашева