Переметный ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 11 қыркүйек Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Переметный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4457 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде - 1855 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 65, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 24.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Герасимов А.В. – 1021 (57,80%);
Қалиев А.А. – 672 (38,10%);
Халденов Б.Б.– 73 (4,10%).
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Ғұбашева