Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 6 шілде күні Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы, 1980 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады; «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
- Хадимов Азамат Асқарұлы, 1980 жылы туылған, Бәйтерек ауданы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
- Төлебалиев Нұрлан Құмарғалиұлы, 1981 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов