Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Белес ауылдық округі әкіміне кандидаттардың ұсыну қорытындысы туралы хабарламасы
2022 жылдың 1 шілде күні сағат 18.00-де Белес ауылдық округі әкіміне кандидаттардың құжаттарының ұсынуы аяқталды.
2022 жылдың 18 маусымынан 1 шілде аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына әкімдікке кандидат ұсыну үшін - 6 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 кандидатты «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды және 5 кандидат өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың: 4 (66,6%) кандидаттар – мемлекеттік қызметшілер, 1 (16,7%) кандидат – жұмыссыз және 1 (16,7%) кандидат – бюджеттік саласында.
Кандидаттардың орта жасы - 36 жас, ең жас кандидат - 30 жаста, ең жасы үлкен кандидат - 42 жаста.
3 (50%) кандидат – осы ауылдық округте тұрады, 3 (50%) кандидат –ауданда тұрады.