Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылы 1 шілде күні Белес ауылдық округі әкіміне кандидатты ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Нұрлан Құмарғалиұлы Төлебалиевтың тиісті құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттың барлық құжаттары құжаттар тізімі бойынша қабылданды және ауылдық округі әкіміне кандидаттың құжаттарын қабылдау актісі жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және оны одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.