Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылы 28 маусым күні Белес ауылдық округі әкіміне кандидатты ұсыну үшін өзін-өзі ұсынған Сұлтан Құмарұлы Хайрушевтың тиісті құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынған кандидаттың барлық құжаттары құжаттар тізімі бойынша қабылданды және ауылдық округі әкіміне кандидаттың құжаттарын қабылдау актісі жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және оны одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.