Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Шалғай ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 17 сәуір күні Шалғай ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен Бөлекова Гүлзада Қажымқызы Шалғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді – 1982 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бәйтерек ауданының Шалғай ауылында тұрады, өз-өзін ұсынушы.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Ғұбашева