2022 жылдың 1 сәуір күні сағат 18.00-де Шалғай ауылдық округі әкіміне кандидаттардың құжаттарының ұсынуы аяқталды.
2022 жылдың 19 наурызынан 1 сәуір аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына әкімдікке кандидат ұсыну үшін - 5 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 кандидатты «Ақ ЖОЛ» ҚДП ұсынды және 4 кандидат өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың: 3 (60%) кандидаттар – мемлекеттік қызметшілер, 1 (20%) кандидат – уақытша жұмыссыз және 1 (20%) кандидат – өзін-өзі жұмыспен қамтушы.
Кандидаттардың орта жасы - 43 жас, ең жас кандидат - 34 жаста, ең жасы үлкен кандидат - 59 жаста.
2 (40%) кандидат – ауылдық округінде тұрады, 2 (40%) кандидат –ауданда тұрады және 1 (20%) кандидат – Орал қаласында тұрады.