Инвестициялар, бюджет және салық
Негізгі капиталға салынатын инвестицияның қаржыландыру көзі 45,2 млрд. теңге,
2021 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша:
республикалық бюджет қаржысы есебінен түсім - 2,2 млрд. теңгені құрады;
жергілікті бюджет қаржысы есебінен - 1,2 млрд. теңге түсім құрады;
өз қаржысы есебінен түсім - 31,6 млрд. теңге құрады;
банк несиелері есебінен түсім - 0,5 мллд.теңгені құрады;
қарыз қаражаты есебінен - 9,6 млрд. теңгені құрады;
Жиналған мемлекеттік бюджет – 6,7 млрд.теңге, соның ішінде:
- аудандық бюджет – 3,6 млрд.теңге;
- республикалық бюджет – 2,8 млрд.теңге;
- облыстық бюджет – 0,3 млрд.теңге;
Агроөнеркәсіп кешені
2021 жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі – 235,3 мың га құрады. Дәнді-дақылдардың жалпы көлемі – 128,6 мың га, майлы дақылдар – 61,6 мың га. Мал азықтық дақылдар – 41,7 мың га. Картоп, көкөніс, бақша -3,4 мың га.
Ауданда 190,3 мың.га алқаптан дәнді және майлы дақылдар жиналды. Соның ішінде: дәнді дақылдар - орташа өнімділігі - 8,1 ц/га, өнім- 93,9 мың.тн.
майлы дақылдар - орташа өнімділігі -7,0 ц/га, өнім-38,4 мың.тн.
Көкөніс дақылдары – 1,5 мың га жиналып, өнімділігі - 152 ц/га, өнім – 22,3 мың тн., Картоп – 1,6 мың га жиналып, өнімділігі-161 ц/га, өнім-24,6 мың тн., Бақша - 466 га жиналып, өнімділігі - 160 ц/га, өнім – 7,5 мың тн.
Күздік дақылдарды егу және сүдігер жырту бойынша 2022 жылдың өніміне күздік дақылдар - 37,4 мың.га егіліп, соның ішінде: күздік бидай - 35,6 мың га, күздік қара бидай - 1,8 мың га. Сүдігер жырту - 134,5 мың га құрады.
2021 жылдың 1 желтоқсанына ет өнімі – 173,7 мың тонн, сүт – 39,3 мың тонн, жұмыртқа - 62145,7 мың дана.
2021 жылдың 1 желтоқсан жағдайына ірі қара мал саны - 39 999 бас. Соның ішінде сиыр – 21 069 бас.
Қой мен ешкі -55 506 бас;
Жылқы - 6 681бас;
Шошқа - 9 836 бас;
Түйе - 11 бас;
Үй құстары - 682 мың бас;
Аудан бойынша 13 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жұмысын жалғастыруда. Олар тұқымдық түрлендіру бойынша 4 АШӨК, ІҚМ төлін бордақылау бойынша 2 АШӨК, көкөніс шаруашылығы бойынша 1 АШӨК, бау-бақша шаруашылығы бойынша 1 АШӨК. 2021 жылы ашылған 2 АШӨК сүт өндіру бойынша, 1 АШӨК ІҚМ төлін бордақылау бойынша, 1 АШӨК тұқымдық түрлендіру бойынша, омарта шаруашылығында 1 АШӨК.
Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру
2021 жылы ауыл шаруашылығында - 1150,0 млн. теңге сомасына несие игерілді.
"Батыс-Шаруа" несие серіктестігі ЖШС арқылы барлығы – 930,0 млн.теңге 66 шаруашылық несие алды;
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бөлінген несиеден 49 несие алушы 220 млн.тенге рәсімдеді.
Субсидиялау
Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарын субсидиялауға - 1,5 млрд.теңге рәсімделді, соның ішінде:
өсімдік шаруашылығына - 295 млн.теңге,
мал шаруашылығына - 369,0 млн.теңге,
инвестиция - 850,0 млн.теңге.
Жұмыспен қамту
Ауданда жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:
- экономикалық белсенді халық - 32153 адамды немесе аудан тұрғындарының 52,8% құрайды (60848 адам);
- әр түрлі қызмет саласында 31191 адам жұмыс істейді.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 2693 адам өтініш білдірді.
Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар - 539 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға - 408 адам жіберілді.
Жұмыспен қамту органдары арқылы -1232 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына -79 адам жолданды.
Жастар тәжірибесіне -117 адам жолданды.
2021 жылғы 1 желтоқсанға ауданда - 1199 жаңа жұмыс орны құрылды.
Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,7 %.
2021 жылғы 1 желтоқсанға азаматтардың өтініштері бойынша 18 отбасыға коммуналдық қызметтер төлеуге - 770 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Мүгедек баланы үйде тәрбиелеп, оқытатын 31 мүгедек баланың ата-анасының біреуіне - 1,6 млн теңге көлемінде материалдық көмек төленді.
2021 жылғы 1 желтоқсан айына 106 отбасына (495 адамға) 33,7 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Жеңіс күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 560 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 23,6 млн теңге бөлінді, 20 Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 2 млн теңге төленді, Чернобыль АЭС, Ауған соғысында қайтыс болған қатысушылардың 11 отбасына 660 мың теңге, Чернобыль АЭС аумағынан көшірілген 2 отбасыға 60 мың теңге, Ауған соғысының қатысушыларына 44 адамға 4,3 млн теңге Семей полигонының жабылу күніне ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 13 мүгедекке 1,3 млн теңге, 18 жасқа дейін 185 мүгедек балаларға 3,7 млн теңге төленді.
Шағын және орта бизнес
2021 жылғы 1 желтоқсанға аудан бойынша 2926 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде (435 заңды тұлғалар, 1390 жеке кәсіпкерлер, 1101 шаруа қожалықтары)
Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны - 2294 бірлікті құрайды. Кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны - 6704 адам.
Ауданда 29 шағын цех жұмыс істейді, онда 309 адам жұмыс істейді, олар жалпы сомасы 779,6 млн.теңгенің өнімін өндірді.
Шағын және орта бизнес саласында 2021 жылы 940 жоспармен 1199 жаңа жұмыс орны ашылды.
2021 жылы ауданда шағын және орта бизнестің 16 нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде: Мичурин ауылдық округіндегі "World Green Company" ЖШС жылыжайы, Трекин ауылдық округіндегі "Asset Ventures" ЖШС демалыс паркі, Макаров ауылдық округіндегі "Эверест Трейд Компани" ЖШС тауарлық бетон өндіру жөніндегі шағын зауыты, Дарьян ауылдық округіндегі "Галиев" ш/қ сауда үйі және басқалар.
Жер қатынасы
Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің көлемі 521, 3 мың га, соның ішінде: егістік – 236, 6 мың га, көп жылдық екпелер 372 га, тынайған жерлер – 130, 2 мың га, шабындық 16,4 мың га, жайылым 134, 5 мың га.
2021 жылы коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскесінің жалдау құқығын сату бойынша 3 аукцион өткізіліп, нәтижесінде жалпы құны 29,5 млн. теңге құрайтын 12 жер учаскесіне сатып алу-сату шарты жасалды .
Жыл басынан бері жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жалпы құны 33, 9 млн теңгені құрайтын 34 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жасалды. Жалпы көлемі 186 га құрайтын жер учаскелері инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ӘКК «АҚ Жайық» акционерлік қоғамына берілді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша 1 конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде жалпы көлемі 3542 га құрайтын 6 жер учаскелері ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілді.
Аудан бойынша 25 елді-мекен бойынша жер учаскесіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7942 адам кезекте тұр. 2016-2020 жылдар аралығында 984 адамға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілді. (Воладарка ауылы -340 адам, Белес ауылы – 211 адам, Переметное ауылы – 209, Дариян 226).
Сумен жабдықтау
Аудандағы 68 ауылдық елді мекеннен 35 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілген. Халықтың таза сумен қамтамасыз етілу - 82,3%. 10196 адам (17,7%) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Биыл Янайкин ауылындағы су құбырының құрылысы аяқталды. Жоба құны – 440,3 млн.теңге. Январцев ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны - 407,8 млн.теңге. Рубежин ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 409,2 млн.теңге. Дариян ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 1,1 млрд. теңге.
Газдандыру
Ауданда газдандырылған елді мекендер – 51 болса, ол халықтың 97,5 % құрайды. 2021 жылы ауданда 8 елді мекенді газдандыру жұмыстары басталып, бірқатар жоба аяқталды. 2022 жылы тағы 1 елді мекенге газ тарту жобасы басталады. Нәтижесінже тұрғындардың газбен қамтылуы – 99,5% жетеді.
2021 жылы ауданда Павлов ауылына газ тарту жұмысы жүруде. Жоба құны – 49,3 млн. теңге. Горбунов ауылын газдандыру жүруде. Жоба құны – 34,2 млн. теңге. Поливное ауылын газдандыру аяқталды. Жоба құны – 12,5 млн. теңге. Мирный ауылын газдандыру жобасы аяқталуда. Жоба құны – 26, 6 млн. теңге. Ақсу ауылын газдандыру жұмысы жүруде. Жоба құны – 32,3 млн теңге. Кирсанов ауылын газдандыру жұмысы жүруде. Жоба құны – 118,5 млнн теңге. Кіші Шаған ауылын газдандыру жұмысы жүруде. Жоба құны – 17 млн. теңге. Ақбидай ауылына газ тартылуда. Жоба құны – 105,4 млн.теңге. Алмалы ауылын газбен қамту құрылысы келер жылы басталады. Жоба құны - 63,0 млн.теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2021 жылдың бюджеттік қаражатты жөндеуге жұмсалған пәтер иелерінен қайтару сомасы жоспар бойынша 89,2 млн теңге, қайтару сомасы 101,2 млн теңгені немесе 114% құрайды. 28,3 млн тг республикалық бюджет есебінен төрт көп пәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Переметное - 3 үй және Дариян -1үй. Жөндеу жұмыстарды «НИРА» ЖШС мердігерлік ұйым жүргізді. Бүгінгі таңда барлық жөндеу жұмыстар толық аяқталды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге өтетін объектілерді аяқтауға 1,7 млрд теңге бөлінді:
Асан ауылы (7,5 км) – 1,1 млрд тг. Мичурин ауылы (5,5 км) – 5,7 млн.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру үшін жолдарды күрделі және орташа жөндеуге 3,4 млрд. теңге бөлінді:
- Переметный-Вечный (24 км) – 868,2 млн. тг;
- Октябрьский ауылы (9,0 км) – 465, 3 млн тг;
- Погодаев ауылы (4,8 км) – 328 млн. тг;
- Трекин ауылы (2,0 км) – 71,8 млн. тг
- Макаров ауылы (12,2 км) – 531,7 млн.
- Чиров ауылы (13,9 км) – 603 млн. тг
- Переметное - Белес ауылдары жолы (12,9 км) – 689,4 млн. тг
- Железнов ауылы (3,3 км) – 223,5 млн. тг
- Январцев ауылы (8,1км) – 609 млн тг
- Чувашин ауылы (8,6 км) – 621,3 млн. тг
Құрылыс
Аудан бойынша салынып жатқан және қайта құрылып жатқан нысандар. Нысанды салу және реконструкциялау:
Дариян ауылында екі қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жоба құны – 243,8 млн.теңге.
Дариян ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үйге инженерлік коммуникациялар құрылысы мен абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жоба құны – 56,8 млн.теңге.
«Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сараптаманың оң қорытындысымен әзірленген 13 жобалық-сметалық құжаттама бар, 2022 жылға 15 жоба жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізілуде.
Білім беру
Ауданда 2020-2021 оқу жылын бітірген түлектер саны - 444, оның ұлттық бірыңғай тестілеуге 346-сы қатысып, жоғары оқу орнына 137 түлек, колледждерге 65 түлек түсіп, 20-сы жұмысқа орналасты. Қалғандары ақылы білім алуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген 420 мың теңге қаражатқа 7 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды. (Камен, Қ.Аманжолов, Переметный, Достық, Мичурин, Абай мектеп-гимназия интернаты, Дариян мектептері)
Оқулық сатып алуға бөлінген қаражат 157,7 млн. теңге, оқулықты тасымалдауға бөлінген қаражат 2,4 млн теңге.
Мектептерге 11 дана жылыту қазандығына 13,5 млн. теңге және 9 дана су айдайтын насос сатып алуға бөлінген қаражат -2,1 млн. теңге.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу
2021 оқу жылында ауданда 8 мемлекеттік балабақша, 8 жеке балабақша, 13 «мектеп-балабақша» кешені, 23 шағын орталықта 1832 бала қамтылып, тәрбиеленуде. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды тәрбие және оқытумен қамту - 100%, мектепалды даярлықпен 864 бала қамтылып отыр.
Орта білім
2021-2022 жаңа оқу жылын 46 мектептің (9134 оқушымен) штаттық кестеде оқу үдерісін бастады.
2021 жылдың 11 айының ішінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 36 мұғалім несие арқылы тұрғын үймен, 42 мұғалім көтерме жәрдемақмен қамтамасыз етілді. Аудан мектептеріне 29 жас маман қабылданды. Мектептерде барлығы 1748 педагог жұмыс істейді.
Мәдениет саласы бойынша
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 35 мәдениет ошағы (1-аудандық мәдениет үйі, 2-ауылдық мәдениет үйі, 30-ауылдық клуб, 1- тарихи-өлкетану музейі, 1-кинотеатр), аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 51 кітапхана (1-аудандық кітапхана,1-аудандық орталық балалар кітапханасы, 4-ауылдық балалар кітапханасы, 45- ауылдық кітапхана), 1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда. Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 22 ауылдық округте 175 спорттық құрылымдар, соның ішінде: 48 спорт зал, 126 жазық ғимараттар (спортық алаңдар, алаңқайлар), мен 2 ату тирі (Володар, Батурин мектептерінде) бар.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының 33 мәдениет мекемелерінде клубтық құрылымдар саны - 238, оған қатысушылар саны - 2852 адамды құрайды.
Кітапханаларда 2021 жылдың 11 айында 2 849 мәдени шара өтті. Қамтылған адамдар саны - 150 578. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар саны- 269. Қамтылған адамдар саны - 45352.
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Махамбет және Егіндібұлақ ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Калинин ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесіне 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 36 медициналық пункт кіреді. Денсаулық сақтау саласында барлығы 77 дәрігер және 338 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2021 жылы 6 дәрігер келіп, 1 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 20 жас СМР маман келді.
Қоғамдық қауіпсіздік
2021 жылғы ауданның криминогендік жағдайына жасалған талдау қылмыстың 10,3 пайызға төмендегенін көрсетті.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 14,7 пайызға төмендеп, ашылу көрсеткіші 70,4 пайызға өсті. Аса ауыр қылмыстар саны 50,0 пайызға (6-дан 3-ке дейін) төмендеп, ашылу көрсеткіштері 100 пайызға жетті. Ауыр қылмыстар саны 12,6 пайызға төмендеп, ашылуы 69,2 пайызға өсті. Орташа дәрежедегі қылмыстар саны 21,7 пайызға төмендеп, ашылуы 76,0 пайызға өсті. Қылмыстық теріс қылықтардың саны 15,8 пайызға төмендеді. Алайда, атқарылған алдын алу жұмыстарына қарамастан жеңіл дәрежедегі қылмыстардың саны 67,4 пайызға (43-тен 72-ге дейін) өсіп, оның ашылуы 97,7 пайыздан 87,9 пайызға дейін төмендеп отыр.
Инвестициялық жобалар
Аудан бойынша 2021 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға 45,2 млрд.теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылға қарағанда 157,4% құрады.
Мичурин ауылында "World Green Company" ЖШС жылыжайы жұмысын бастады. Кешенде 175 жұмыс орны ашылды.
Январцев ауылында "Урал Ойл Энд Газ" ЖШС Рожков кен орнын игеру кешені салынуда. Жоба құны 48,0 млрд теңге. 2022 жылы 13,0 млрд. теңге инвестициялау жоспарлануда.
Январцев ауылында "Bauston" ЖШС қуаты жылына 13000 тонна құрайтын көтерме тарату орталығының жеміс-көкөніс сақтау қоймасы салынуда. Жоба құны 2,5 млрд. теңге. 2021 жылы 1,2 млрд.теңге сомасына 4000 тоннаға 1 қойманың құрылысы аяқталды. Нысанды тапсыру мерзімі 2022 жылдың 4 тоқсаны.
Переметный ауылында құны 850 млн.теңге болатын "Жайық ЕТ" ЖШС-нің 1000 га суару жүйесінің құрылысы жүруде, нысан 2022 жылы аяқталады.
Трекин ауылында құны 3,0 млрд.теңге болатын "Батыс Строй Монтаж" ЖШС монша кешені бар демалыс және су ойын-сауық паркі. 1,2 млрд. теңге сомасына құрылыстың 1 кезеңі аяқталды, қонақ үй, мейрамхана және басқа да объектілер құрылысының 2 кезеңі 2022 жылы аяқталады.
Трекин ауылдық округіндегі құны 487 млн.теңге болатын "Asset Ventyres" ЖШС демалыс саябағының құрылысы аяқталды.
Рубежин ауылында "134" ЖШС кірпіш зауыты, құны 1,1 млрд.теңге. Өнімділік қуаты жылына 30 млн. кірпіш. Нысан 2022 жылы аяқталады.
Краснов ауылында "Автогаз-Трейд" ЖШС-нің құны 800 млн. теңге жанармай құю кешенінің құрылысы жүруде.
Краснов ауылында құны 115 млн.теңге болатын "Беркут" жанармай құю станция салынуда.
Рубежин ауылында "Рубцов А.А." шаруа қожалығы құны 480 млн. теңге болатын "Картоп, сәбіз, қырыққабатты сұрыптауды, буып-түюді қамтитын» қуаты 720 тонна сәбіз, 720 тонна қырыққабат және 1200 тонна картопты терең өңдеу кешенінің құрылысы аяқталды, жабдықтар сатып алынуда.
2022 жылға жоспар
Баяндама тезисінің ресми тілдегі нұсқасы аудан әкімдігі мен «Ауыл тынысы» газетінің ресми сайтында жарияланады.