Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабарлама. 07.09.2021.

«Жайық Пресс» ЖШС – «Ауыл тынысы» меншік иесі (бұданәрі – Газет) – 2021 жылдың 19 қыркүйегінде өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде орналастыру шарттарын ұсынады.

 

Газетке жарияланым орнын  ұсынудың  жалпы тәртібі  мен ережесі

Газетке жарияланым орнын ұсыну жазбаша өтініш берілген сәттегі газеттің бекітілген прайс-парақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Газетке жарияланыморнынұсынуаудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкіміне үміткерге баспалық үгіт-насихат материалдарын орналастыру жөнінде газеттің  меншік иесімен  арадажасалған жазбаша келісімшартнегізінде жүзеге асырылады. Келісімшарт нұсқасы мен оған қосымша құжаттар, төменде көрсетілгеніндей, жазбаша өтініш жазылған жағдайда ұсынылады. Үміткердің/сенімді өкілдің газетке жарияланым орнын ұсыну жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің/сенімді өкілдің сайлауалды үгіт-насихат жүргізумен байланысты газет қызметін қабылдауға келіскені болып табылады. Мұндай келісімшартты жасау үшін үміткер/сенімді өкіл газеттің меншік иесіне төмендегі ақпараттары бар жазбаша өтініш жасауы керек:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты;

– жазбаша өтініш беруші үміткердің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;

– жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін  дәлелдейтін  құжат;

– үміткердің/сенімді өкілдің құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан берілген жеке куәлігі,  ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да құжаттар;

– жарияланым орнының көлемі және ұсыну уақыты көрсетілген жазбаша өтініштің, үгіт-насихаттық баспа материалының мәтіні;

– үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы төленгендігі, материалдың шығуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер және ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі болуы тиіс.

Баспа материалдарының орналасу кезегін газет жазбаша өтініштердің түсу ретіне орай бекітеді. Бірнеше үміткерден/сенімді өкілден жазбаша өтініш бір мезгілде түскен жағдайда газет сол күні жеребе өткізеді. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезегін талап етуші үміткерлер немесе үміткерлердің мүддесін қорғайтын сенімді өкілдер және жеребенің тәуелсіз сарапшысы ретінде БАҚ өкілі қатысады.

Әрбір үміткерге/сенімді өкілге баспа материалын орналастырудың мерзімі салынған жабық конверттің біреуін таңдау ұсынылады. Конверт саны жеребеге түсуші жақтардың санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң, жеребеге қатысушы жақтардың өкілдері мен БАҚ өкілі жеребенің хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

 

Үгіт-насихаттық  баспа материалдарының берілу тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары газетке ҚР «Сайлау туралы» заңының 28-бабы, 3-тармағында қарастырылғандай көлемде дайын күйінде жарияланым орнын ұсыну жөнінде газеттің меншік иесімен келісімшартқа қол қоятындай құзыреті бар тұлғаның қолы қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық баспа материалдары газетке оның жарияланатын уақытынан 7 (жеті)  жұмыс күні бұрын  ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті шайқалтуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздыққа, қатыгездік пен күш қолдануға, сондай-ақ заңда қарастырылмаған әскериленді-рілген құрылымдар құруға шақырған идеялар көрініс тапса және заңда көзделген басқа да негіздер георай газет үгітнасихаттық баспа материалдарын қабылдаудан  бас  тартуға  құқылы.

 

Газет  ұсынатын баспа орнының көлемімен  ақы төлеу тәртібі

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері газет бекіткен прайс-парақша негізінде:

– 1 шаршы см –120 теңге;

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төлемақы тиісті сайлау қорының есебінен толық көлемде алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлем газет ұсынған есепшот негізінде осы есепшот берілгеннен кейінгі 3 (үш)операциялық күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлем газетке жарияланым орнын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген газеттің банк реквизиттеріне сәйкес немесе ұсынған есепшот негізінде жасалады.

Дата публикации
07 сентября 2021
Дата обновления
07 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы