Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілде күні Зеленов, Чиров, Январцев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шілдегі шешімдерімен Зеленов, Чиров, Январцев ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:
Зеленов ауылдық округі – Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы, 1966 жылы туылған, Зеленов ауылдық округінің әкімі, Бәйтерек ауданының Зеленый ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Чиров ауылдық округі – Штык Николай Петрович, 1974 жылы туылған, Чиров ауылдық округінің әкімі, Бәйтерек ауданының Чиров ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Январцев ауылдық округі – Жұмағалиев Аблай Еспайұлы, 1962 жылы туылған, Январцев ауылдық округінің әкімі, Бәйтерек ауданының Январцев ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Ғұбашева