1. Ауданда 3 сайлау округі бойынша сайлау бюллетеніне 9 кандидат енгізілді (әрбір сайлау округінде 3 кандидаттан).
Сайлау кезеңінде ауыл әкімдігіне барлығы 12 кандидат ұсынылып, 9 кандидат тіркелді.
2. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервімен дайындалып, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар мөрленіп, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
3. Барлық 6 сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жабдықталған.
Барлық учаскелерде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссиялардың құрамы, жоғары тұрған комиссияның, прокуратура және сот органдарының телефондары, учаскелік сайлау комиссияларының қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы мінез-құлық қағидалары туралы қажетті ақпараттармен стенділер ресімделді.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалған, нашар көретіндерге арналған трафареттер (Брайль қарпін пайдалана отырып) жасалды және 6 учаскеге пайдалану үшін таратылды. Барлық 6 сайлау учаскесінде лупалар бар.
Учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дауыс беруге қатысуына мониторинг жүргізетін болады.
4. Сайлау комиссияларының құрамында 39 мүше бар.
БАҚ-та комиссиялардың құрамы жарияланғаннан кейін 6 мүше шығып кетті, барлық осы сайлау комиссияларының мүшелері Конституциялық заңның талаптарына сәйкес, сайлау науқаны кезеңінде міндеттерді орындаудан тоқтата тұрады.
Осыған байланысты жоғары тұрған комиссияның шешімімен 6 мүше тағайындалды.
5. Әкімінің тиісті актілері бойынша берілген сайлаушылар тізіміне 2890 азамат енгізілді.
Сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімдерін бергеннен кейін, оларға қосымша қосылған 0 сайлаушылар енгізілді, 0 алынып тасталды.
6. Сайлау учаскелерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қажетті шаралар көзделген.
Облыс әкімінің қатысуымен өткен селекторлық кеңесте электр энергиясын үздіксіз беру, байланыс, құқық тәртібін, антитеррорды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
7. Аумақтық сайлау комиссиясына сайлау бойынша шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Сайлау комиссиялары сайлау өткізуге дайын.