2021 жылдың 9 шілде сағат 18.00-де күні Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округ әкімдеріне кандаттарының құжаттарының ұсынуы аяқталды.
2021 жылдың 26 маусымнан 2021 жылдың 9 шілде аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына саяси партиялардан және өзін – өзі ұсынушылардан әкімдікке кандидаттардан 12 өтініш келіп түсті, оның ішінде "Nur Otan" саяси партиясынан - 3, "ADAL" саяси партиясынан - 1 және өзін-өзі ұсынушылардан - 8.
Зеленов ауылдық округінің әкіміне - 4 өтініш келіп түсті: "Nur Otan" және "ADAL" саяси партияларынан 1 өтініш, өзін-өзі ұсынушылардан 2 өтініш.
Чиров ауылдық округінің әкіміне - 4 өтініш келіп түсті: "Nur Otan" саяси партиясынан 1 өтініш және өзін-өзі ұсынғандардан 3 өтініш.
Январцев ауылдық округінің әкіміне - 4 өтініш келіп түсті: "Nur Otan" саяси партиясынан-1 өтініш және өзін-өзі ұсынғандардан-3 өтініш