БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 9 шілде күні Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округтері әкімдері лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Зеленов ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттары:
- Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы, 1966 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынды.
- Төрешов Мирасбек Берікқалиұлы, 1987 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Калинин ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
Чиров ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттары:
- Штык Николай Петрович, 1974 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чиров ауылында тұрады; «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынды.
- Ерболатов Болат Хайроллаұлы, 1970 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды .
- Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы, 1992 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының мемлекетттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды.
Январцев ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттары:
- Жұмағалиев Аблай Еспайұлы, 1962 жылы туылған, Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылында тұрады; «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынды.
- Үмбетқалиев Фархат Мәлікұлы, 1987 жылы туылған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады; өзін-өзі ұсынды .
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов