Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2021 жылдың 8 шілдеде ауылдық округтері әкіміне ұсыну үшін 2 өтініш пен құжаттар келіп түсті, соның ішінде Зеленов ауылдық округі әкіміне «ADAL» саяси партия» филиалынан ұсынған Айсағалиев Мирман Қабдилманұлынан және Январцев ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсынған Жолжанов Ғабит Отанұлынан.
«ADAL» саяси партия» филиалынан ұсынған М.К Айсағалиевтың, өзін-өзі ұсынған Г.О.Жолжановтың барлық құжаттары құжаттар тізімі бойынша қабылданды және ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және олар одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттар тиісті органдарға жіберіледі.