2021 жылғы 3 шілдеде Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Бәйтерек ауданының Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға аудан әкімдігінің өкілдері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, хатшылары қатысты. Семинар-кеңес барысында сайлау учаскелерін қаржыландыру, жабдықтау, учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу, қажетті ақпаратты уақтылы беру, сайлау өткізу кезінде санитарлық нормаларды сақтау және т.б. мәселелер талқыланды.
Семинар-кеңестен кейін сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына берілді.