Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2021 жылы 3 шілдеде ауылдық округі әкімдеріне ұсыну үшін аудандық «Nur Otan» партия» филиалынан 3 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде Зеленов ауылдық округі әкіміне – Давлетов Ізғалий Сапарғалиұлының; Чиров ауылдық округі әкіміне – Штык Николай Петровичтың; Январцев ауылдық округі әкіміне – Жұмағалиев Аблай Еспайұлының сондай-ақ, Чиров ауылдық округінің әкіміне 1 өтініш өзін-өзі ұсынған Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлынан құжаттары түсті.
Аудандық «Nur Otan» партия» филиалынан ұсынған үміткерлердің барлық құжаттары құжаттар тізімі бойынша қабылданды және ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау актісі жасалды. Кейіннен әкімдікке үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және олар одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттар тиісті органдарға жіберіледі.