Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек ауданы бойынша сайлау комиссияларының сапалық және сандық құрамы туралы ақпарат

Ауданның сайлау комиссияларының мүшелерінің жалпы саны – 320 адамды құрайды, оның ішінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясында - 7 адам және учаскелік сайлау комиссияларында – 313 адам.

Аумақтық сайлау комиссиясының 7 адамнан - 6 адамның жоғары білімі және 1 адамның орта арнаулы білімі бар. Учаскелік сайлау комиссияларының 313 адамының ішінде: 140 адамның (44,7%) жоғары білімді, 121 адамның (38,7%) орта арнаулы білімді және 52 адамның (16,6%) орта білімі бар.

Сайлау комиссиясының барлық мүшелері аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 4 саяси партиядан ("Nur Otan" партиясы, "Ауыл" ХДПП, "Ақ жол" ДП, ХКП) және 7 қоғамдық бірлестіктен ("Ардагерлер кеңесі" РҚБ, "Жастар болашағы" ЖҚБ, "Жастық-Молодость" ЖҚБ, "Каратэ-до" ЖҚБ, "Арна" ҚБ, "Шапағат шамшырағы" ҚБ, "Аңшылар мен балықшылар"ҚБ) ұсынылды.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері түрлі салаларда жұмыс жасайды, оның ішінде:

- мемлекеттік қызмет саласында-43 адам;

- білім беру саласында жұмыс жасайды - 68 адам (55 мұғалім, 13 Техникалық персонал);

- денсаулық сақтау саласында - 17 адам (10 дәрігер, 7 техникалық персонал);

- мәдениет саласында - 48 адам (ауылдық клубтардың 23 қызметкері, 25 кітапханашы);

- шағын және орта бизнес саласында – 21 адам;

- зейнеткерлер-24 адам;

- басқа салаларда-92 адам.

55 учаскелік сайлау комиссиясының ішінен: 40 сайлау комиссиясы 5 адамнан; 13 сайлау комиссиясы 7 адамнан және 2 сайлау комиссиясы 11 адамнан тұрады.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы