Деструктивті діни ағымдармен жұмыстануға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат көлемі және игерілуі туралы.
Бәйтерек ауданы аумағында «Дін саласындағы мемлекет қызметінің зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу» туралы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатына 2020 жылға 1,2 млн. теңге жоспарланып, игерілді.
Теолог мамандарға жеке оңалту жұмыстары барысында қолдану мақсатына діни әдебиеттер сатып алынды.
Республикалық деңгейде жұмыстанатын теолог маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы (Алматы қаласы) шақырылды.
Әйел жамағатпен жеке оңалту жұмысын жүргізу үшін теолог маман Данаева Назгүл келісім шарт негізінде жұмысқа қабылданды.
«Жаназа және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру» тақырыбында білім жетілдіру семинар-курсы өтті.
Қаржының игерілуі:
Жалақы қоры – 360 мың,
Таратпа материалдар, діни әдебиеттер сатып алу – 449 мың,
Шара қатысушыларын тамақтандыру – 115 мың,
Кеңсе тауары, сыйлықтар, кубок, медалдар – 37 мың,
Теологтар еңбегіне келісімшарт негізінде жалақы төлеу – 210 мың
Автокөлікті жалға алу – 29 мың.
Шығындарды растайтын құжаттары бар.