Деструктивті діни ағымдармен жұмыстануға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат көлемі және игерілуі туралы.
Бәйтерек ауданы аумағында «Дін саласындағы мемлекет қызметінің зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу» туралы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатына 2018 жылға 2 млн. теңге жоспарланып, игерілді.
Теолог мамандар еңбегіне келісімшарт негізінде жалақы төленді. (Берік Алдонгаров, Бейімбет Дүйсенәлі, Талғат Қайырғалиев)
Мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Округтерде өткен кездесулерге бару мақсатында жалдамалы автокөлік иесімен келісімшарт жасалды.
Ауданның барлық ауылдық округіне көрнекі баннер алынды.
Республикалық деңгейде жұмыстанатын теолог маман шақырылды.
Переметный, Асан, Дариян мешіттерінде «Құрбан айт» мерекесіне орай жамағатпен кездесулер, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған ДДА ұстанушы отбасы балаларына оқу құралдар берілді.
Переметный, Железнов, Трекин, Мичурин, Достық, Дариян ауылдарындағы ДДА өкілдеріментеолог, психолог. Құқық қорғау мамандарының кездесуі өтті.
Ережесіз төбелестен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен аудан жастарының кездесуі.
Шағын футболдан жамағат арасында облыстық турнир. Жәнібек, Казталов, Жаңақала, Ақ Жайық, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Орал қаласы және Бәйтеректен 3 команда қатысты.
Қаржының игерілуі:
Жалақы қоры – 599306 тг.
Баннер – 165250 тг.
Таратпа материалдар басып шығару – 126 мың тг.
Шара қатысушыларын тамақтандыру – 176900 тг.
Кеңсе тауары, сыйлықтар, кубок, медалдар, спорттық форма – 299340 тг.
Теологтар еңбегіне келісімшарт негізінде жалақы төлеу – 233204 тг.
Автокөлікті жалға алу – 400 мың.
Шығындарды растайтын құжаттары бар.