Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713)  бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес, Бәйтерек ауданы әкімінің аппаратында және бағынысты мекемелерде  2026 жылдың 14 қыркүйек–14 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға жұмыс тобының құрамындағы барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Жарияланған күні

30 қыркүйек 2026

Жаңарту күні

30 қыркүйек 2026