Меню

Страницы

Статья

О работе по привлечению инвестиций по району Бәйтерек

2026 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша ауданға негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 19 млрд 357 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,8%-ға орындалды. Ағымдағы жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша 25,0 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 167% - ға орындалады деп күтілуде.

Олар: Ауыл шарушылығы техникалары – 1200,0 млн.теңге.

           Өңдеу өнеркәсібі – 1050,0 млн.теңге.

           Сауда саттық  және т.б. – 3500,0 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдайына келетін болсақ:  

Инвестиция көздері бойынша:

* жеке қаражат есебінен – 18 млрд 640,7 млн. теңге;

* жергілікті бюджет есебінен – 716,3 млн. теңге игерілді.

Салалар бөлінісінде:

1.Өнеркәсіп саласына – 14033,4 млн. теңге.

  • Тау-кен өнеркәсібі – 1332,0 млн.теңге, негізгі кәсіпорындар: «ЖайықМұнай» ЖШС, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС, және карьерлер.
  • Өңдеу өнеркәсібі – 12105,2 млн теңге
    Негізгі кәсіпорындар: «Белес Агро» ЖШС, «Жайық Ет» ЖШС, «ЖайықМұнай» ЖШС, «Терра Акжайык» ЖШС, «Каверин» ЖШС және т.б.
  • Электр энергиясымен, газбен, бумен жабдықтау –                596,2 млн теңге, негізгі кәсіпорындар: «Газотурбинная электростанция» ЖШС, «Batus Power» ЖШС.
  • Сумен жабдықтау – 0,0 млн. теңге.
  1. Агроөнеркәсіп кешені – 1017,6 млн.теңге (ауыл шаруашылығы техникаларын және құрал жабдықтарын сатып алу).
  2. Құрылыс және күрделі жөндеу – 21,2 млн теңге.
  3. Көлік жөндеу және құрастыру – 2002,1 млн теңге ( көлік  

         жөндеу орталықтарын жабдықтау, құрал жабдықтар сатып алу).

  1. Жылжымайтын мүлікпен жұмыс – 1358,3 млн. теңге (жылжымайтын мүлікті сатып алып, үстіне қосып сату және тұрғын үйлерді және кеңсе ғимараттарын жалға беру).
  2. Сауда, өнер, ойын-сауық, ақпарат және байланыс салалары – 208,0 млн. теңге.

Өнеркәсіп саласында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алып отыр. Аталған бағытта «Белес Агро», «Жайық Ет», «Терра Акжайык», «Жайық Мұнай» және басқа да кәсіпорындар тарапынан белсенді инвестициялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібі, электр энергиясы және газбен жабдықтау салаларында да жобалар іске асырылуда.

2026 жылға аудан бойынша жалпы инвестиция көлемі                  112,7 млрд. теңге болып жоспарланған. Бүгінгі таңда 19,3 млрд теңге игеріліп, жоспардың орындалуы 17,2%-ды құрап отыр.

Жыл соңына дейін – 93400,0 млн.тенгеге бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде.

Атап айтқанда өнеркәсіп жобалары 59700,0 млн. теңге олар:

* Белес ауылдық округінде «Zhaik Petroleum» ЖШС-нің сұйық метанол өндіретін зауыт құрылысы;

* «Батыс Пауэр» ЖШС-нің электростанцияны кеңейту жобасы;

* «Жайық Мұнай» және «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-нің өндірістік жобалары;

* фармацевтикалық зауыт және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт құрылыстары.

Ауыл шаруашылығы саласында 12100 млн. теңгеге  олар:

құс фабрикаларын кеңейту, сүт-тауар фермаларын салу, көкөніс қоймаларын ашу, суармалы егіс көлемін ұлғайту және мал бордақылау алаңдарын іске қосу бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласында демалыс орындарын жаңғырту, супермаркеттер, балабақшалар, кемпингтер, спорт және басқа да әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандардың құрылысы бойынша, көлік жөндеу және құрастыру, жылжымайтын мүлікпен жұмыстану т.б. - 18700 млн.теңге жоспарланған.

Бюджеттік жобалар – 2895,7 млн.теңге.

Жалпы ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
15 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип
Доклад

Сейчас читают

13 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК
ЕНПФ
25 сентября 2026
АО «ЕНПФ» напоминает о важности своевременного оформления пенсий
ЕНПФ
25 сентября 2026
Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы