Меню

Страницы

Статья

Отчетный доклад акима района М. Токжанова о социально-экономическом развитии района Бәйтерек, сентябрь 2023 года.

Бәйтерек ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы аудан әкімі

М.Тоқжановтың

есептік баяндамасы

қыркүйек, 2023 жыл

 

Қайырлы күн құрметті көрермендер!

                                                                                                       

Бүгін өздеріңізге Бәйтерек ауданының 2023 жылғы ІІІ-ші тоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

          2023 жылғы аудан бюджеті :

Бір жылға бекітілген бюджет – 12,6 млрд.тг.

Бір жылға түзетілген бюджет –16,6 млрд.тг.

РБ және ОБ трансферттерінің түсімі 2023 жылғы 1 қыркүйегіне – 6,1 млрд.тг.

 

Ауыл шаруашылығы

2023 жылғы көктемгі далалық  жұмыстары.

Ауданда ауыл шаруашылық өндірістік кешенін (АӨК) дамытудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының барлығы - 255,649 мың га құрайды, оның ішінде:

- күздік дақылдар алқабы       - 48,549 мың га.,

- жаздық дәнді дақылдар        - 108,955 мың га.,

- майлы дақылдар                    - 53,689 мың га.,

- мал азығы  дақылдары         - 40,876 мың га.,

- Картоп                                    - 1,680 мың га.

- Көкөніс                                   - 1,610 мың га.

- Бақша                                      - 0,290 мың га.

2024 жылғы егіске  55 000 га күзді дақылдар егу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы  60215 га күздік дақылдар  егілді.

 

2023 жылғы ауданның егін орағы

 

Күздік және жаздық  егін жинау жұмыстары.

       Ауданда күздік және жаздық дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

       Бүгінгі таңда дәнді дақылдар – 141148,3 гектар жиналды, орташа өнімділігі – 11,8 ц/га, барлығы алынған өнім – 165951,3 тонн соның ішінде:

-күздік дақылдар – 46645,9  га.,орташа өнімділігі –16,6 ц/га, өнімі – 77655,1 тн.,

-жаздық дақылдар- 95502,4 га жиналып, орташа өнімділігі–9,3ц/га, алынған өнім- 88296,2 тн. құрады.

          - картоп–160 га, жиналды, орташа өнімділігі - 183 ц/га, өнімі – 2930,4 тн.құрады.

          - көкөніс–1096,8 га. жиналды, орташа өнімділігі - 153 ц/га, өнімі – 16777,5 тн.құрады.

  - бақша–273 га. жиналды, орташа өнімділігі - 165 ц/га, өнімі – 4504,5 тн.құрады.

- Майлы дақылдыр – 7973,6  жиналды, орташа өнімділігі – 5,6 ц/га, өнім – 4488,6 тн құрайды

Жанар-жағар май қамтылуы

          Барлық егін жинау жұмыстарына бүгінгі күнге ауданға арзадатылған жанар –жағар май 4 624,21 тонна бөлінді, соның ішінде:

  • Шілде - 1 623,3   тонна
  • Тамыз -   1 300,0 тонна
  • Қыркүйек -  1 200 тонна
  • Қазан –       500,91 тонна

          Өткізілген тендер бойынша оператор ТОО «Нефтек» болып тағайындалды, тамыз айынан бастап бір литр дизель отынының бағасы 240 тенге болды.

          Ауданның шаруа қожалықтары тамыз айына арналған мұнай ұйымымен жаңа бағамен шарт жасауда.

          Аудан бойынша жазғы егін жинау жұмыстарға шаруашылықтар бүгінге – 100 шаруашылық келісім шартқа ЖЖМ алуына кірген, шілде – 2 151,4 тонна көлеміне келісім шарттар жасаған, төленгені – 2 065,2 тонна, алынғаны – 1 183,8 тонна, тамыз – 1 219,0 тонна көлеміне келісім шарттар жасаған, төленгені - 836,7 тонна, алынғаны – 734,7 тонна, қыркүйек 558,9 тонна көлеміне келісім шарттар жасаған.

Техникалық қамтамасыз ету.

          Егіс жинау, күзгі- далалық жұмыстарын жүргізу үшін ауданда - 1652 бірлік қатысады  500 бірлік тракторлар, соның ішінде 42 бірлік Джон Дир комплекс, 385 бірлік комбайндар, соның ішінде 107 бірлік Джон Дир, Класс және  382 бірлік орақ, 385 трактор арбалар. Техникалық толық қамтамасыз етілген өткен жылы аудан шаруашылықтары бұрынғы техникаларымызға қосымша 117 әр түрлі жаңа техникалар алған болатын, ауыл шаруашылықтары 4 млрд. теңгеге 215 жаңа техника сатып алған.

 

2023 жылғы 1  қыркүйекке мал және құс саны:

ІҚМ - 45885 бас (01.09.2022 жыл – 44277 бас) – 103,6 %

с.і. сиыр- 21945 бас (01.09.2022 жыл – 21558 бас) – 101,8%

Қой мен ешкі - 61865 бас (01.09.2022 жыл -61726 бас) – 100,2%

Жылқы - 7442 бас (01.09.2022 жыл – 7420 бас) – 103,1%

Шошқа - 9725 бас (01.09.2022 жыл - 10065 бас) -96,6%

Түйе - 10 бас (01.09.2022 жыл -12 бас) -83,3%

құс - 752964 дана (01.09.2022 жыл - 895069 бас)- 84,1%.

 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру:

Ет – 12524,9 тонна (100,5%)

Сүт – 30972,8 тонна (100,0%)

Жұмыртқа – 29810,2 мың дана (66,5%)

Аудан және облыс тұрғындары "Агрофирма Ақас" ЖШС құс фабрикасының тауық жұмыртқасымен және "Жайық Ет" ЖШС құс фабрикасының тауық етімен қамтылады. Сондай-ақ ауданда "Щапово" ШҚ шошқа кешені жұмыс істейді.

 

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда –34,1 млрд.теңгені немесе НКИ (Нақты көлем индексі) – 98,3% .

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығы

Ауданда 43 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- Ет бағытындағы 34 асыл тұқымды шаруашылық ("Қазақ ақбас", "Абердин-Ангус" және "Герефорд"тұқымдары);

- Сүт бағыты бойынша 5 асыл тұқымды шаруашылық;

- 1 жылқы өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық;

- 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы.

 

Асыл тұқымды мал саны барлығы:

Ірі қара-5071 бас, (39 ш/қ)

Жылқы-37 Бас, (1 ш/қ)

Қой - 1429 Бас (3 ш/қ)

 

2023 жылдың 1 жартыжылдыгында Бәйтерек ауданына сатып алынған асыл тұқымды мал саны:

Герефорд-81 бас

Қазақтың ақбас сиыры - 494 бас

Барлығы 575 асыл тұқымды мал басы сатып алынды.

 

Сүт өндіру және сүт өнімдерін өңдеу.

Ауданда сүт сатып алу-сату бойынша 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі тіркелген.

"Батыс сүт" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тұрғындардан сүт қабылдауды жүзеге асырады және май, ірімшік чечел өндіреді.9 ауылдан 6 тоннаға дейін (жазда 8-9 тонна) сүт қабылдайды.

"Зеленов сүт"ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Зеленов ауылы тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, Кооператив 62 жеке тұрғындар шаруашылықтарынан күніне 2 тонна сүт жинайды және"Каверин" ЖК-ге тапсырады.

"Аманат-2022"ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Макаров а/о тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, кооператив 60 шаруашылықтан күніне 1 тоннаға жуық сүт жинайды және "Жастық" ЖШС-не өңдеуге тапсырады.

 

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру

Аудан бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дерекқорында 34 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген. Қазір 28 кооператив өз жұмысын жалғастыруда, оның ішінде 2021 жылы құрылған 5 кооператив, 2022 жылы құрылған 2 кооператив бар.

Өткен жылы мал азығы мол дайындалды. Ауданда 101 қыстақ ұйымдастырылды. 2023-2024 жылдарға мал қыстағына 113,9 мың тонна шөп дайындау қажеттілігі жоспарланып, қазіргі уақытта 162,3 мың га алқаптан 130,3 мың тонна шөп шабылып, яғни 114% құрап отыр.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

          2023 жылдың 1 қыркүйекке ауданда 3505 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 111,3% - ға артық.

3023 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі немесе тіркелгендер санының 86,2% жұмыс істейді. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны - 6524 адамды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 105% құрайды.

 

Шағын цехтар

          Ауданда жұмыс істейтін 26 шағын цехта 246 адам жұмыс істейді. Өндірілген өнімнің жалпы көлемі – 783,0 млн. теңгені құрайды. 2023 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымының көлемі – 7969,1 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 100,1% - ға ұлғайды.

 

Іске асырылатын инвестициялық жобалар

2023 жылдың қорытындысы бойынша Бәйтерек ауданының жылдық жоспарды орындаудағы күтілетін нәтижелер келесідей жобалануда:

1) "Орал Ойл энд Газ" ЖШС кен орындарын игеру – 10,9 млрд. теңге (барлығы құны - 48 млрд. теңге).

2)  "Bayston" ЖШС  көтерме - тарату орталығының құрылысы – 1.2 млрд теңге

3) "Батыс Строй Монтаж" ЖШС-демалыс паркі – 1,2 млрд. теңге.

4) «Семья» ЖК , Мичурин а/о мейрамхана  құрылысы – 200,0 млн.тенге

5) "BR and G Сомраnі" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы – 300,0 млн. теңге. (барлығы құны – 600,0 млн. теңге).

6) ЖК "Коняев" автомобиль кемпингінің құрылысы, Махамбет а/о, -100,0 млн тенге.

7) "Айджанов" ЖК дүкен құрылысы, Махамбет а/о – 150,0 млн.тенге

8) ЖК «Дүкеев» жол бойындағы автокемпинг, Бейбітшілік ауылы-450,0 млн теңге.

1320,0 млн.тенге - ауыл шаруашылық техника сатып алу; 4388,8 млн.тенге – бюджеттік құрылыс; 3309,0 млн.тенге - 4 мектеп құрылысы; 1021,0 млн.тенге - басқа нысандар.

2023 жылы барлығы 39,2 млрд. теңге сомасына  инвестициялар  тарту жоспарлануда.

          Жұмыспен қамту

Экономикалық белсенді халық 32872 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 53,4% құрайды (61533 адам);

Әр түрлі қызмет саласында 31863 адам жұмыс істейді.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 1848 адам өтініш білдірді.

Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 950 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 216 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту органдары арқылы 448 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 69 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне – 32 адам жолданды.

2023 жылдың 1 қыркүйек аудан бойынша – 977 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 103,0 % құрайды (948 жұмыс орны).

Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,9 %.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына азаматтардың өтініштері бойынша 29 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 908,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын 26 мүгедек баланың ата – аналарының біреуіне 1249,8 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

2023 жылғы 1 тамыз айына 48 отбасына 250 адамға 13349,7 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 39 отбасына 69 балаға қосымша 1645,6 мың теңге сомасында КӘП төленді.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 548 адамға 28322,0 мың теңге, өкпе ауруына шалдыққан 66 адамға 6568,7 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 47 адамға 1621,5 мың теңге, гемодиализ препаратын қабылдайтын 23 адамға 3967,5 мың теңге,  АИТВ – инфекциясы 10 адамға 517,4 мың теңге, мүгедектігі бар балаларға емделуге 87 адамға 4502,4 мың теңге, әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждықтарға – 414,0 мың теңге сомасына 8 адам, табиғи апаттар мен өрттен зардап шеккен 4 отбасына 690,0 мың теңге, қызыл волчанка 2 адам-103,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.  Мерекелік және атаулы күндерге төленді: Ауған соғысының 46 қатысушыларына  8220,0 мың теңге, Таулы Қарабахтағы соғыс қатысушысы 49 адамға 4900,0 мың теңге.

Жеңіс күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 362 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 13620,0 мың теңге төленді, 18 Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар мен мүгедектігі бар адамдарға 1800,0 мың теңге төленді, Чернобыль АЭС, Ауған соғысында қайтыс болған қатысушылардың 16 отбасына 960,0 мың теңге, Чернобыль АЭС аумағынан көшірілген 2 отбасыға 200,0 мың теңге, 12 Семей ядролық сынақ полигонына қатысқан мүгедектігі бар адамдарға – 1200,0  мың теңге, коммуналдық қызметтер 3 ҰОСА (узник, блокадник) – 293,1 мың теңге сомасы көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сумма – 77900,0 мың.тенге.

Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 1834 адамды құрайды, оның ішінде:  1 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 227, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 667, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 716, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 50, 16-дан 18 жасқа дейін 1 топ – 34 адам, 2 топ – 73 адам, 3 топ – 67 адам.

 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын реттеу, олардың қоғамда өмір сүруі мен тең мүмкіндіктер жасауы мақсатында 2023 жылдың 01 тамызына  13 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі маманымен,  200 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 21 адам кресло-арбамен, 46 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 94 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен және 25 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай–ақ мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үш әлеуметтік бөлімше жұмыс жасайды.

2023 жылдың басынан бері 467 адам, оның ішінде 18 мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдар, 449 қарттар мен мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штатында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 87 әлеуметтік қызметкер бар.

 

          Жер қатынасы

Бәйтерек ауданының аумағы 742 133 гектар құрайды, соның ішінде 2022 жылғы жер балансы есебіне сай елді мекен жерлері – 98 090 гектар, орман қорларының жерлері – 35163 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жерлер – 8 558 гектар, су қорының жерлері – 7354 гектар, запастағы жерлер – 69 187 гектар, ерекше қорғалатын аймақтар – 150 гектар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің көлемі 524 905 гектар, соның ішінде: егістік – 267 105 гектар, жайылымдық жерлер – 133 663 гектар, көпжылдық екпелер – 372 гектар, тыңайған жерлер – 103 238 гектар, шабындық-17 285, басқа жерлер – 3 242 гектар құрайды.

Аудан аумағынан тыс жерлерде қолданылатын жерлер – 2489 гектар және басқа аудандар пайдаланатын жерлер – 1215 гектар.

       2023 жылдың 9 айында коммерциялық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер телімін жалға беру бойынша gosreestr.kz мемлекеттік электрондық сауда порталы арқылы 8 аукцион ұйымдастырылып, нәтежиесінде құны 12 815 365 теңге құрайтын коммерциялық мақсаттағы  жер учаскелері жалға берілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша 1 конкурс өткізіліп, нәтежисінде жалпы көлемі 1859 гектарды құрайтын жер учаскелері 10 жылға ұзақ мерзімге жалға берілді.

          Тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелері бойынша:

Аудан бойынша 18 673 азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Белесте – 26, Дариянда – 38 жер телімі тұрғын үй құрылысы үшін жалға берілсе, 2023 жылы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмеді.

Газдандыру

          Бүгінде халықтың 99,5% газбен қамтылған. (60 622 адамнан 60 325 адам). Ауданда 68 елді мекеннің 60-ы немесе 88,2% газбен қамтамасыз етілген.

 

 

 

          Сумен жабдықтау және жарықтандыру

Ауданда орталықтандырылған сумен 68 елді мекеннің 38-і қамтамасыз етілген. Халық санының қамтамасыз етілуі 83,6% (60622 адамнан 50712 адам). Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ елді мекендер саны 30 ауыл, халық саны 9 910 адамды немесе 16,3% құрайды. Володар ауылында тұрғын үй алабын сумен жабдықтау желісінің құрылысы 2022 жылда басталып, жұмыстар жалғасып жатыр.

 

          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 875 адам тұр, оның ішінде:

- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 187

-Халықтың әлеуметтік осал топтары – 312

- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар - 189

- ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар - 23

Көпбалалы отбасылар - 164

Бүгінгі күні аудан бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары - 81, оның ішінде ОСИ - 1, ПТ - 80 құрылды.

          Автомобиль жолдарын ұстау

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша Бәйтерек ауданы әкімдігінің «Коммунальник» МКК (шаруашылық жүргізу құқығында) «Бәйтерек Жол құрылыс» ЖШС-мен шарт жасалды. Осы Келісім аясында жол төсемдерін қардан тазалау, шөп шабу, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде қар шығару, жол төсемдерін грейдерлеу және пішіндеу және т. б. жұмыстар орындалды.

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған ауыспалы жобалардың жалпы ұзындығы 139,8 км. Шарттардың сомасы 9 428,4 млн. теңгені құрады. 2022 жылы игерілген сома 3 044,9 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы жоспар                                                  5 709,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде бүгінгі күні 4 591,3 млн. теңге игерілді.

2022 жылы 30,3 шқ асфальтбетон жабыны төселді, 2023 жылғы жоспар 89,1 шқ құрайды, оның ішінде 62,5 шқ, оның ішінде ауылішілік жолдар бойынша жоспар 12 шқ, іс жүзінде 6,3 шқ, кірме жолдар бойынша жоспар 77,1 шқ,                       іс жүзінде 56,2 шқ.

2023 жылы 112,6 шқ кіреберіс автомобиль жолдарын және 27,2 шқ кентішілік автомобиль жолдарын іске қосу жоспарлануда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кіреберіс автомобиль жолдары бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 321,2 шқ немесе 80,4% құрайды, қанағаттанарлықсыз жағдайда 78,6 шқ немесе 19,6%, ауылішілік автомобиль жолдарының көше-жол желісі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 125,9 шқ немесе 26,9% құрайды, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 342,3 шқ немесе 73,1%.

Анықтама үшін (Бәйтерек ауданының аумағында 868,6 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, оның ішінде 400,4 шқ – елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бар, олардың 191,2 шқ немесе 47,8% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 209,2 шқ немесе 52,3%. 468,2 км- ауылішілік автомобиль жолдарының көше-жол желісі (ол 926 көшеден тұрады), оның 369,5 шқ немесе 78,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 98,7 шқ немесе 21,1%).

Пайдалануға берілді:

- 2021 жылы 24 шқ «Переметное-Вечный» кіреберіс автомобиль жолдары, сондай-ақ 12,9 шқ ауылішілік жолдары: «Мичурин ауылындағы автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу» және «Асан ауылындағы автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»;

- 2022 жылы кіреберіс автомобиль жолдары бойынша 65,2 шқ -                      Погодаево 4,8 шқ, Железново 3,3 шқ, Трекино 2 шқ, Чирово 13,9 шқ, Макарово 12,2 шқ, Январцево 8,1 шқ, Чувашин 8,6 шқ, Белес 12,9 шқ.

          2023 жылы «Ауыл Ел-Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылішілік автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу бойынша ауыспалы жобаларды іске асыру жүргізілуде:

«БҚО, Бәйтерек ауданы, Зеленое ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» 3,7 шқ ұзындығымен, «ТОБИ» ЖШС мердігерлік ұйымы;

«БҚО, Бәйтерек ауданы, Щапово ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» 2,3 шқ ұзындығымен, «ТОБИ» ЖШС мердігерлік ұйымы;

«Мичурин 1 ауылындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу»                               5,9 шқ ұзындығымен, «Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы.

2023 жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында кіреберіс автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу бойынша жаңа жобаларды іске асыру жүргізілуде:

«Переметное-Шалғай кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу ұзындығы 5,7 шқ, «Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы;

«Чиров ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы                   12,3 шқ, «Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы (бүгінгі күні жол төсемін профильдеу жұмыстары жүргізілді, құм-қиыршық тас қоспасын құю жұмыстары жүргізілуде.);

«Өркен ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы 14,6 шқ, «ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы;

«Егіндібұлақ ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы 18,1 шқ, «Асфа» ЖШС мердігерлік ұйымы;

«Болашақ ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы 4,9 шқ, «Теплоэнергострой» ЖШС мердігерлік ұйымы.

Ағымдағы жылы келесі жобалар бойынша жұмыстар аяқталды: «Чеботарево ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы 15,0 шқ, «ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Октябрьское ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа және күрделі жөндеу» ұзындығы 9 шқ «Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Сұлу көл ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» ұзындығы 11,6 шқ «Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Махамбет ауылының кентішілік автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу» 7,6 шқ ұзындығы «ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Раздольное-1 ауылына автомобиль жолын орташа жөндеу» ұзындығы 0-10 шқ, «Айдана» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Раздольное-2 ауылына автомобиль жолын орташа жөндеу» ұзындығы 10-21,4 шқ, «Айдана» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Жайық ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу» 7,6 шқ ұзындығымен, «ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы.

Бүгінгі таңда ұзындығы 53,1 шқ кентішілік жолдарды жөндеуге 6 123,6 млн.теңге сомасына 10 ЖСҚ және ұзындығы 24,6 шқ кіреберіс автомобиль жолдарын жөндеуге 2 199,0 млн. теңге сомасына 8 ЖСҚ бар.

Келесі жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде:

БҚО, Бәйтерек ауданы, Үлкен Шаған ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу - 3,780 шқ;

БҚО, Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу - 5,750 шқ;

БҚО, Бәйтерек ауданы Янайкино ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу - 5,750 шқ.

Ағымдағы жылы келесі жобалар бойынша шарт жасалды: «Егіндібұлақ ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу» жобасы бойынша, ұзындығы 1,4 шқ, «Айдана» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Володар ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу», ұзындығы 1,7 шқ, ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Шалғай ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу», ұзындығы 1,5 шқ«Ануш-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы.

     Құрылыс

Нысандарды салу және қайта құру

2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 2 599,56 млн. теңге бөлінді:

  1. «Январцев ауылында су құбыры» нысанының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 407,8 млн.теңге. Бүгінгі таңда 348,31 млн.теңге (94%) игерілді. Ұзындығы – 19,92 км. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 98% орындалды.
  2. «Рубежин ауылында су құбыры нысанының құрылысы» жүргізілуде. Жоба құны – 409,18 млн.теңге құрайды. Бүгінгі таңда 388,04 млн.теңге (94,8 %) игерілді. Ауыл ішіндегі үйлерге су тарту жұмыстары 100% орындалды. Жалпы ұзындығы – 29,257 км. Жұмыс әлі аяқталған жоқ.

         Құрылысы жүріп жатқан нысандар:

  1. «Щапов а/о Жаңатаң ауылындағы су құбырының құрылысы». Келісімшартқа сәйкес құны – 155,6 млн.теңге. 2023 жылға 36,81 млн.теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 118,79 млн.теңге (78%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 8,039 км құрайды.
  2. «Көшім а/о Өркен ауылындағы су құбырының құрылысы». Келісімшартқа сәйкес құны – 364,9 млн.теңге. Бүгінгі таңда 227,33 млн.теңге (62%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 14,314 км құрайды.
  3. «Мичурин а/о Зеленый ауылындағы су құбырының құрылысы». Келісім шартқа сәйкес жалпы құны – 322,6 млн.теңгені құрады. Бүгінгі таңда 206,220 млн.теңге (64%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 9,58 км құрайды.
  4. Володар ауылында су құбырының құрылысы.

Жалпы құны 277,3 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 196,743 млн.теңге (71 %) игерілді.. Жалпы ұзындығы 15,669 км құрайды.

  1. Чиров ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 289,84 млн.теңге.Келісім-шартқа сәйкес құны – 278,030 млн.теңге. Бүгінгі таңда 216,154 млн.теңге (75%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 10,108 км құрайды.
  2. Раздольное ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 509,14 млн теңге.Келісім-шартқа сәйкес құны – 364,9 млн.теңге. Бүгінгі таңда 352,214 млн.теңге (70%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 24,19 км құрайды.
  3. Құрманғазы ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 271,00 млн теңге. Бүгінгі таңда 108,125 млн.теңге (40%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 9,468 км құрайды.
  4. Красноармейское ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 288,32 млн теңге. Бүгінгі таңда 95,741 млн.теңге (33%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 15,542 км құрайды.
  5. Дариян ауылында мал қорымын салу. Құрылыстың жалпы құны 28,9 млн теңгені құрайды.
  6. Атамекен ауылында мал қорымын салу. Құрылыстың жалпы құны 21,9 млн теңгені құрайды.

Мәдени нысандар:

  1. Щапов ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 618,08 млн теңге.

 

Жобалау-сметалық  құжаттамалар әзірлеу:

  1. Мичурин ауылындағы су құбырын қайта жаңарту.
  2. Макаров а/о Садовый ауылындағы су құбырының құрылысы»
  3. Махамбет ауылындағы Крутенькая өзеніне бөгет салу.
  4. Чиров ауылындағы Малая Быковка өзенінің бөгетін қайта жаңарту».
  5. Чувашин ауылында су құбырын салу.
  6. Жалын ауылында су құбырын салу.
  7. Ақсу ауылында су құбырын салу (Владимировка)
  8. Кіші Шаған ауылында су құбырын салу.
  9. Озерный ауылында су құбырын салу, Дариян а/о.

10.Чинарев ауылында су құбырын салу.

  1. Сырым батыр (Котельниково) ауылында су құбырын салу.
  2. Кирсанов ауылында су құбырын салу.
  3. Раздольный ауылына жеткізуші газ құбырын салу.
  4. Спартак ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  5. Забродин ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  6. Богатск ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  7. Переметный ауылында мұрағат ғимаратының құрылысы (Конкурс жарияланды).
  8. Махамбет ауылында мал қорымының құрылысы.
  9. Январцев ауылында мал қорымының құрылысы.

 

         Сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттамалар бар (жалпы сомасы – 3 010,3 млн. теңге).

  1. «Дариян ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы». Құрылыстың жалпы құны 954,14 млн теңгені құрайды.

         2.Переметный ауылдық округіндегі Деркөл өзеніне бөгет салу.» Құрылыстың жалпы құны 221,42 млн.теңге.

  1. Достық ауылында ауылдық клуб құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 625,24 млн теңге.
  2. Көшім ауылында ауылдық клуб құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 585,54 млн теңгені құрайды.
  3. Макаров ауылында ауылдық клуб құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 623,90 млн теңгені құрайды.
  4. Атамекен ауылындағы клубты қайта жаңарту» Құрылыстың жалпы құны 588,373 млн теңгені құрайды.
  5. Трекин ауылындағы ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4 кВ электр желілері мен құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 1 191,8 млн теңгені құрайды.
  6. Трекин ауылындағы электр желілері мен 35/10 қосалқы станциясының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 454,6 млн теңгені құрайды.

 

         Білім беру

Бәйтерек ауданы бойынша  46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп, 8 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы,1 колледж (309 оқушы),  2 саз мектебі (341 оқушы), 1 спорттық мектеп (470 оқушы), 1 тәрбие жұмысы орталығы  (1206 оқушы) және 1 жасөспірім балалардың туризм станциясы (790) жұмыс істейді.

            Аудан мектептерінде 9987  оқушы білім алады. Оның ішінде 2023 -2024 оқу жылы бірінші сыныпқа 977 бала қабылданды.

 Жыл басынан 39 мұғалім көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Мектептерде барлығы 1775 педагог жұмыс жасайды.

Мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:

Чувашин мектебі  күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылдың 1 қыркүйек айында ашылды. Қазіргі таңда сыртқы жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр.

Раздольный мектебіне 311,2 млн. теңгеге ЖСҚ жасақталып, түзету жұмыстары аяқталды. 2023 жылдың 31 қазан айында бітіру жоспарлануда.

Жаңа мектептер құрылысы бойынша:

Қазіргі таңда Жалын ауылында 54 орындық мектеп құрылысы аяқталып, ашылды. Жайық ауылында 108 орындық, Садовое ауылында 108 орындық және Өркен ауылында 60 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.

2023-2024 оқу жылы «Жайлы мектеп» пилоттық  жобасымен Достық елді мекенінде апатты жағдайдың алдында тұрған мектептің орнына жаңа 1200 орындық мектебінің құрылысы басталды.

2023 жылы Трекин ауылында 600 орындық, 2024 жылы Володар  ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда.

 

          Мәдениет саласы бойынша

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 33 мәдениет ошағы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 51 кітапхана, 1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 22 ауылдық округте 175 спорттық құрылым, соның ішінде: 48 спорт зал, 126 жазық ғимараттар (спортық алаңдар, алаңқайлар), мен 2 ату тирі (Володар, Батурин мектептерінде) бар.

Тұрғындар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін «Бәйтерек» спорт клубының 16 ауылдық округінде спорт нұсқаушылары  (Егіндібұлақ, Зеленый, Переметный, Атамекен, Белес, Янайкин, Көшім, Трекин, Дариян, Рубежин, Январцев, Достық, Махамбет, Мичурин, Раздольный, Бейбітшілік) жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда, Володар, Трекин, Январцев ауылдық клубтарын күрделі жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өткізіліп отыр. Достық, Көшім, Макаров ауылдарында клуб салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Қаражат бөлінуіне байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Щапов ауылдық округі Щапов ауылдық клубының құрылысы басталды.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесіне 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 35 медициналық пункт кіреді. Денсаулық сақтау саласында барлығы 91 дәрігер  және 337 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерлік персонал арасында кадр тапшылығы бар: 1 онколог-дәрігер, 1 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 кардиолог.

Қазіргі таңда Асан ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстары жүргізілуде. Қайнар ауылында медпункт құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр.

 

Жастармен жұмыс

Ауданда 4 жастар қоғамдық білестігі тіркелген. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жұмыс жасауда.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жастар ресурстық орталығының жоспарына сәйкес акция, форум, кездесулер, танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Әлеуметтік акциялар бойынша «Ардагерлерді ардақтайық!»жобасы жүзеге асырылды. «Жастарға жұмыс!» оқу-семинары барлық ауылдық округте өтіп, белсенді жастармен қатар «Neet» санатындағы жастар да қатысты. Жастарды жұмыспен қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жастар көп шоғырланған орындарда «Жастарға кеңес!» жобасын, «Жас маман ауылға» жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

«Болашағың өз қолыңда» жобасы аясында жастар көп шоғырланатын аймақтарда ақпараттық парақшалар таратылды.«Жастарға кеңес» жобасы аясында теологиялық, заңгерлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жұмыспен қамту, білім беру, қаржы сауаттылығы, отбасылық құндылық, психологиялық сұрақтар бойынша көшпелі кеңестер өткізілді.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Аудандағы жалпы криминогендік жағдайға тоқталатын болсақ, есептік мезгілде Бәйтерек ауданы бойынша 159 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 138 қылмыс, 21 теріс қылық тіркелді (2022 ж. – 318). Яғни, есептік мезгілде аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылық тіркелуі 159 фактіге едәуір төмендеді.

Есептік мезгілде өндірістен 128 қылмыстық іс тергеліп, аяқталды. Оның ішінде 73 сот органдарына жолданса, 55 ақталмаған негіздемемен қысқартылды. 30 тергеу мерзімі үзілді. (Өткен жылы 171 іс аяқталды, 57 тоқтатылды).

Өткізіліп отырған алдын алу және профилакитикалық іс-шаралардын арқасында аудан көлемінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері азайды (93-тен 45-ке), олар: кісі өлтіру 3 (2022 ж. - 2) ашылды, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері 5 (2022 ж - 6);

Ауыр санаты бойынша (90-нан 42-ге) дейін төмендеді, ашылуы 78,6 құрады (2022 ж. 65,1%);

Ауырлығы орташа санаты бойынша (126-дан 66-ға) дейін төмендеді, ашылуы 74,2 құрады (2022 ж. 72,4%).

Қылмыс түрлерінің кеңінен тараған жеке мүлікке қол сұғушылық,  есептік кезеңде ұрлық, оның ішінде ауыр санаттындағылары (70-тен 25-ке) азайды.

Ұрлық 2023 жылғы 8 ай қорытындысымен олардың саны 62 құрады, өндірістен 53 қылмыс аяқталып отыр, оны ашылуы 85,1 % (2022 ж. – 137, 79,7%), ауыр санаты бойынша (70-тен 25-ке) ашылуы 59,1 % (2022 ж. – 58,5%).

- пәтер ұрлығы барлығы 21 қылмыс тіркелді өндірістен 23 қылмыс аяқталып отыр, тіркелуі 17 фактіге төмендеді, ашылу пайызы 100,0 құрады (2022 ж. – 38, 94,7%).

- мал ұрлығы барлығы 7 қылмыс тіркелді өндірістен 7 қылмыс аяқталып отыр, тіркелуі 5 фактіге төмендеді, оның ашылуы 33,3 % (2022 ж. – 12, ашылуы 80,0%)  осы қылмыс түрлерінің басты себептерінің бірі, ол мал иелерінің мал бағымын қаматамсыз етпеудің салдарынан болып келеді.

- ұялы телефондар ұрлығы бойынша тіркелуі (24-тен 10-ға) ашылу пайызы 100,0 % ал ауыр санатының тіркелуі 4 факті (2022 ж. – 3).

Алаяқтық қылмысы (31-ден 13-ке) азайды, ашылуы 45,5% (2022 ж. – 21,1%)  құрады, өндірістен 5 қылмыс аяқталып, 2-уі сотқа жолданды.

Автокөліктерді заңсыз иемдену (3-тен 8-ге) өсіңкі, ал ашылуы 88,9% құрады. (2022 ж. – 100,0%).

Полиция көрсеткіштері

Жасалған қылмыстар

2022 ж

2023 ж

+/-%

Бұрын сотталғандармен

48

39

-37,5

Кәмелетке толмағандармен

2

3

50,0

Мас күйде

50

40

-20,0

Топтасып жасалған

7

4

-42,9

Қоғамдық орындарда

15

15

 

Көшелерде

8

10

25,0

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында

2

4

2 есе

 

Талдау кезеңінде Бәйтерек АПб қызметкерлері тарапынан барлығы 2869 (Орталық Пб-1280, Приурал Пб-1589) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда (2022 жылы – 2717 (Орталық Пб-1108, Приурал Пб-1609). 152 хаттамаға жоғарлады.

Соның ішінде 1533 құқық бұзушыға 21 млн. 086 мың 291 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 16 млн. 072 мың 656 теңгесі өндірілді. Жалпы айыппұл өндіру көрсеткіші 76,2 пайызды  құрады. 

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Доклад

Сейчас читают

16 октября 2026
Информационное сообщение Территориальной избирательной комиссии Западно-Казахстанской области
16 октября 2026
Инфографика о выборах депутатов маслихатов в Казахстане: дата 29 ноября, сроки полномочий и система голосования.
13 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы