Меню

Страницы

Статья

Отчетный доклад акима района М. Токжанова о социально-экономическом развитии района Бәйтерек, август 2024 года.

Бәйтерек ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы аудан әкімі

М.Тоқжановтың

есептік баяндамасы

тамыз, 2024 жыл

 

Құрметті Нариман Төреғалиұлы, құрметті жерлестер !

                                                                                                       

Бүгін өздеріңізге Бәйтерек ауданының 2024 жылғы 8 ай қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

2023 жылғы ақпан айында өткен есептік кездесуде көтерілген 9 сұрақтың 2-і ( 22%) шешімін тапты, 5-і (56%) орындалу барысында және 2 (22 %) мәселе ұзақ мерзімді бақылауда тұр.

 

          2024 жылғы 1 тамызға  аудан бюджеті :

Бір жылға бекітілген бюджет – 7,8 млрд.тг.

Бір жылға түзетілген бюджет –10,9 млрд.тг.

РБ және ОБ трансферттерінің түсімі 2024 жылғы 1 тамызға – 3,8 млрд.тг.

(ДОНОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР):

2021 жыл - 745 431,2 мың.тг.

2022 жыл - 1 758 643,4 мың тг.

2023 жыл -1 767 000 мың.тг.

2024 жылғы 1 тамызға 949 856,7 мың теңгені құрап отыр.

Жалпы 5 млрд. 220,9 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешен экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жолындағы негізгі бағытымыздың бірі ретінде айқындалған. Бірінші кезекте  -  астық өндірісін дамыту, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру, жылыжай шаруашылықтары мен көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын іске қосу, асылды тұқымды мал сатып алу, кооперативтер құру.

 

2024 жылғы көктемгі далалық  жұмыстары.

Ауданда ауыл шаруашылық өндірістік кешенін (АӨК) дамытудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының барлығы –                             263,078 мың га, құрайды, оның ішінде:

- күздік дақылдар алқабы        - 57,901 мың га.,

- жаздық дәнді дақылдар         - 112,803 мың га.,

- майлы дақылдар                    - 48,705 мың га.,

- мал азығы  дақылдары          - 41,700 мың га.,

- Картоп                                     - 1,127 мың га.

- Көкөніс                                     - 0,748 мың га.

- Бақша                                       - 0,094 мың га.

2025 жылғы егіске  55 000 га күзді дақылдар егу жоспарланып тұр.

Күздік және жаздық  егін жинау жұмыстары.

          Бүгінгі  таңда  дәнді дақылдар  барлығы – 81 101,1 гектар  жиналды, соның ішінде;

күздік  бидай – 53 643,4 га., орташа өнімділігі - 10,8  ц/га өнімі – 57 294,4 тн.,

қара  бидай – 2 126,8 га.  орташа өнімділігі  - 11,4 ц/га.,   өнімі – 2 410,9 тн., тритикале  –  393,0 га.,  орташа өнімділігі  - 11,1  ц/га., өнімі – 434,4 тн., жаздық бидай – 15 761,0 га.,  орташа өнімділігі- 5,6  ц/га., өнімі – 8 896,8 тн.,

арпа  – 7 240,0 га.,   өнімділігі - 10,2  ц/га  өнімі – 7 366,4 тн.,                            ноқат – 200,0 га.,    өнімділігі - 11,0  ц/га  өнімі – 210,0 тн.,                          жасымық – 2 482,9 га., өнімділігі – 8,2  ц/га  өнімі – 2 044,3 тн.,                           Көкөніс   –  211 га.,  орташа  өнімділігі  - 153,6  ц/га  өнімі – 3 241,3 тн.,            Бақша – 43,0 га.,  орташа өнімділігі – 180 ц/га   –  774,0 тонна  құрады.

 

Жанар-жағар май қамтылуы.

      Барлық егін жинау жұмыстарына бүгінгі күнге ауданға арзандатылған 3 897,1  тонна жанар – жағар майға өтініш берілді.

      Қазіргі таңда барлық шаруашылықтар ЖЖМ алуына келісім шартқа отыруда. Егін жинау жұмыстарға жанар –жағар майдың алынуы басталды.

 

Техникалық қамтамасыз ету.

         Егіс жинау, күзгі - далалық жұмыстарын жүргізуге ауданда –1 399 бірлік техника қатысады. Соның ішінде: 512 бірлік тракторлар, 445 бірлік   комбайндар (соның ішінде 60 бірлік Джон Дир, Vector – 64, Class – 4,              Нью Холланд – 2, ACROS – 3. Нива Эффект -1, Енисей – 59, Нива NOVA – 245. Дон 1200 – 6.  Loval – 1) және  385 трактор арбалар, 57 - жинақтаушы бункер.

Өткен жылы аудан шаруашылықтары бұрынғы техникаларға қосымша 328 әр түрлі жаңа техникаларды 5,688 млрд.теңгеге алған болатын.

 

2024 жылғы 1  тамыз  мал және құс саны.

ІҚМ - 47236 бас (01.08.2023 жыл – 43350 бас) – 109,0%

с.і. сиыр- 23304 бас (01.08.2023 жыл – 21667 бас) – 107,6%

Қой мен ешкі - 62328 бас (01.08.2023 жыл - 61532 бас) – 101,2%

Жылқы - 6872 бас (01.08.2023 жыл – 6982 бас) – 98,4%

Шошқа - 10283 бас (01.08 .2023 жыл - 9367 бас) – 109,8%

Түйе - 7 бас (01.08.2023 жыл - 10 бас) – 70,0%

құс -  613522 дана (01.08.2023 жыл - 805864 бас) - 76,1%.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.

Ет – 9859,1 тонна (104,2%)

Сүт – 31556,9 тонна (100,2%)

Жұмыртқа – 12264,6 мың дана (55,4%)

Аудан және облыс тұрғындары "Агрофирма Ақас" ЖШС құс фабрикасының тауық жұмыртқасымен және "Жайық Ет" ЖШС құс фабрикасының тауық етімен қамтылады. Сондай-ақ ауданда "Щапово" ШҚ шошқа кешені жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі.

2024 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 28,4 млрд.теңгені немесе НКИ (Нақты көлем индексі) – 106,7 % құрайды.

 

Ауданда 43 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- Ет бағытындағы 34 асыл тұқымды шаруашылық ("Қазақ ақбас", "Абердин-Ангус" және "Герефорд"тұқымдары);

- Сүт бағыты бойынша 5 асыл тұқымды шаруашылық;

- 1 жылқы өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық;

- 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы.

Асыл тұқымды мал саны барлығы.

Ірі қара - 5887 бас, (39 ш/қ)

сүтті ірі қара малы 829 бас (7 ш/қ)

Жылқы - 37 бас, (1 ш/қ)

Қой - 1429 бас (3 ш/қ)

 

2023 жылы бір жылдың өзінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 920 бас сүтті ірі қара малы алынып, қарапайым тұрғындарға кәсіп ашуға мөмкіндік берген болса, сол малдардың 394 басы басқа облыстардан келген, асыл тұқымды сүтті малдар екендігінде атап өткім келеді.

          Бұл ауданымыздың сүтті малдар генофонды «Голштейн», «Қара ала», «Симментал», қырдың қызыл сиыры сияқты тұқымдарымен толықтырды, сонымен қатар жыл соңына дейін «Жанасай» шаруа қожалағы 300 бас асыл тұқымды ангус ірі қара малдарын әкелуге жұмыстар атқаруда.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында сатып алынған асыл тұқымды мал саны.

Герефорд - 81 бас

Қазақтың ақбас сиыры - 494 бас

Голштейн тұқымды сүтті сиыры -99 бас

Барлығы 674 асыл тұқымды мал басы сатып алынды.

Облысымызда  Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін  іске асыру мақсатында Белес  ауылдық округінде «Арыстанов» шаруа қожалығы  1,3 миллиард тенгеге Германия  мемлекетінен 400 бас асыл тұқымды  сүтті малдарға тапсырыс беріліп, сүт кешені құрылысын жасақтау үстінде. Күні бүгінге 99 бас мал әкелініп, құрылыс жұмыстары аяқталу қарсаңында.

Сүт өндіру және сүт өнімдерін өңдеу.

Ауданда сүт сатып алу - сату бойынша 4 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі тіркелген.

"Батыс сүт" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, тұрғындардан сүт қабылдауды жүзеге асырады және май, ірімшік, чечел өндіреді. 9 ауылдан 6 тоннаға дейін (жазда 8-9 тонна) сүт қабылдайды.13,0 млн.тенге субсидия алынды.

"Зеленов сүт" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, Зеленый ауылы тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, "Каверин" ЖК-ге тапсырады. 2023 жылы 312 тонна сүт жинады. 2024 жылғы 1 қантарға           6,25 млн. тенге субсидия алынды.

"Аманат-2022" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Макаров а/о тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, күніне 930 л жуық сүт қабылданады және "Жастық" ЖШС-не өңдеуге тапсырады. 6,7 млн.тенге субсидия алынды.

"Колесово" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Ақсу ауылы және жақын орналасқан ауылдардан сүт және сүт өнімдерін қабылдайды. «Жайық» ЖШС –мен (Орал қаласы) ынтымақтастық мәселесі іске асырылуда

 

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру.

Аудан бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дерекқорында     38 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген, оның ішінде   2023 жылы құрылған 11 кооператив бар.

Мал азығын дайындау.

Өткен жылы мал азығы мол дайындалды. Ауданда 101 қыстақ ұйымдастырылды. 2024-2025 жылдарға мал қыстағына 106,9 мың тонна шөп дайындау қажеттілігі жоспарланып, қазіргі уақытта 101,6 мың га алқаптан  60,5 мың тонна шөп шабылып, яғни 68,1% құрап отыр.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

            2024 жылдың 1 тамызға ауданда 3462 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, 2023 жылмен салыстырғанда 101,0%-ға өскен. (3391 субъект). Оның ішінде жұмыс жасайтындар – 3122 субъект немесе тіркелгендердің 92% құрайды. (269 субъекті өз қызметін әр түрлі себептер мен уақытша тоқтатқан).

            Шағын орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 7386 адамды құрап отыр.

 

Шағын цехтар.

Ауданда 30 шағын цех тіркелген, оның ішінде 252 адам жұмыс істейді. Шағын цехтармен өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі             884,0 млн.теңгені құрайды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 5457,1 млн.теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,0% өсіп отыр.

 

Іске асырылатын инвестициялық жобалар:

Бәйтерек ауданының  2024 жылға аудан бойынша негізгі капиталға 37,3 млрд.теңгеден астам жеке инвестиция тартылады деп жоспарлануда, бұл келесі  нысандар:

- "Жайык Мұнай" ЖШС жабдықтар сатып алады – 6500,0 млн.тенге.(5900,0 млн. тенге игерілді)

- "Орал Ойл энд Газ" ЖШС-кен орындарын игеру – 16400,0 млн.тенге. .(3400,0 млн. тенге игерілді)

- "Байстон" ЖШС тұрғын үй құрылысы жобасы – Көтерме – тарату орталығының құрылысы – 1200,0 млн..(420,0 млн. тенге игерілді)

- "BR and G Сомраnі" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы – 900,0 млн. теңге. .(450,0 млн. тенге игерілді)

- "Арыстанов" ш/қ – сүт-тауар фермасы– 1313,0 млн. теңге (бүгінгі күні 150 бас сиыр сатып алынды). (900,0 млн. тенге игерілді)

- "Орал Жан ойл" ЖШС – жанар жағармай бекеті Махамбет а/о – 450 млн.тг. .(300,0 млн. тенге игерілді)

- СПК "Аманат-22"– құс фабрикасы құрылысы, Макаров а/о 150 млн.тг.

- "Имангалиев" жк – асхана құрылысы, Бейбітшілік а/о. 44,0 млн.тг. .(20,0 млн. тенге игерілді)

- "Кулагина" жк – Мичурин а/о, сервис станциясының құрылысы - 30,0 млн.тг. (12,0 млн. тенге игерілді)

- "Ержікенов " жк – дүкен құрылысы, Махамбет а/о - 20,0 млн.тг. (14,0 млн. тенге игерілді)

- "Капезова Б.Ж." жк – супермаркет құрылысы, Мичурин а/о - 15,0 млн.тг. (4,0 млн. тенге игерілді)

- "Колодий В.А" жк – дүкен құрылысы, Мичурин а/о - 15,0 млн.тг. (11,0 млн. тенге игерілді)

- "ТАИР" жк – автокөлік жөндеу бекетінің құрылысы, Көшім а/о - 15,0 млн.тг. .(10,0 млн. тенге игерілді)

- "Абдрахманова" ЖШС – дүкен құрылысы, Мичурин а/о - 5,5 млн.тг. .(4,0 млн. тенге игерілді)

- "Қуан" ЖШС – дүкен құрылысы, Мичурин а/о - 6 млн.тг. .(5,0 млн. тенге игерілді)

- "Парфенов" шқ – ірі қара малға арналған қора құрылысы, Зеленый а/о –   6,2 млн.тг.

- "Зеленева" жк – сервис станциясының, Зеленый а/о –   3,1 млн.тг.

Ауыл шаруашылығы техника сатып алу – 5770,0 млн.тг. .(850,0 млн. тенге игерілді)

- Асыл тұқымды мал сатып алу – 1239,0 млн.тг.

- бюджеттік инвестиция – 3400 млн.тенге.

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ауданда ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау, ауылдық тауар өндірушілерін аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған                     «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бағытында тұрғындарымен 60-қа тарта кездесу өткізіліп, кездесу барысында  ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдар туралы ақпарат берілді.                                                 Өткен жылы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 9 ауылдық округ анықталып, аудан бойынша 135 несие алушы 983,1 млн. тенгеге несиелендірілген болатын. Соның ішінде:

4 жоба өсімдік шаруашылығы жалпы соммасы – 27,7 млн.теңге;

8 жоба құс шаруашылығы жалпы соммасы – 39,2 млн.теңге;

99 жоба мал шаруашылығы жалпы соммасы – 761,8 млн.теңге, соның ішінде;

11 жоба АШӨК(кооператив) мал шаруашылығын  дамыту, жалпы соммасы 240,1 млн.теңге;

24 жоба шағын бизнесті дамыту, жалпы соммасы 154,4 млн.теңге игерілді.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде Макаров, Дариян, Көшім, Зеленый ауылдық округтерінде ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірікті.

Өткен жылдың нәтижесін ескере отырып, 2024 жылға барлық ауылдық округтерді қосуға шешім қабылданып, барлық округтерден де өтінімдер түсе бастады.

Нақты бүгінге 584 млн теңгеге 70 өтінім мақұлданып отыр.

Жоба шеңберінде өз кірістерін арттыру мақсатында жылдық                    2,5% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген шағын несие алу үшін жоспарға сай 155 жоба 1 млрд. 308 млн. теңгеге несие алуға ниет білдірушілер анықталатын болады.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Соңғы 3 жыл ішінде  аудан бойынша қайтарымсыз негізінде 400 айлық есептік көрсеткіш көліменде 127 адам грант алып өз істерін ашып, салық басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жаңа жұмыс орындарын құрып өз жұмыстарын дөңгелетіп отыр.  Ағымдағы жылы 24 адамға грант берілді.

Сонымен қатар, соңғы 2 жыл ішінде аудан бойынша  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алушылар қатарынан қайтарымсыз грант және «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алушылардың саны артуына байланысты әлеуметтік көмек алушылар саны 22 отбасы (115 адамға) азайды. (2023 жылы 66 отбасы 349 адам). (01.08.2024 жылға 44 отбасы 224 адам).

2023 жылы әлеуметтік көмекті 5 ауылдық округ бойынша мүлдем  алмаған болса, биылғы жылдың 1 тамызына 6 ауылдық округ бойынша АӘК алмайды. (Бейбітшілік, Сұлу көл, Раздольный, Чиров, Құрманғазы және Шалғай ауылдық округтері).

 

Жұмыспен қамту.

Ауданның экономикалық белсенді халық 32872 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 53,4% құрайды (61533 адам);

- әр түрлі қызмет саласында 31863 адам жұмыс істейді.

Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,5 %, бұл өз кезегінде облыстық деңгейден 2,3 % төмен. (облыстық деңгей 4,8 %).

2024 жылдың 1 тамызына аудан бойынша 945 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 99 % орындалып отыр. (жоспар 954 жұмыс орны).

Жұмыспен қамту органдары арқылы 807 адам жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылдың осы есепті кезеңмен салыстырылғанда 10 % жоғары.

 Соның ішінде:

Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 218 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне – 62 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 52 адам жолданды.

Алғашқы жұмыс орнына –18 адам жолданды.

 

Көктемгі су тасқыны салдарын жою

Көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы төлемдер (100 АЕК) 423 адамға                 156,1  млн.теңгені құрады.

101 үй мен саяжайларды жөндеуге төлем 177,5 млн.теңге.

307 мүліктік шығындарды өтеу төлемі (150 АЕК) 71 029,4 мың теңге.

Ауыл шаруашылығы жануарларына өтемақы 6921,6 мың.теңге төлемдер жүргізілді.

Сонымен қатар, Махамбет ауылында 6 тұрғын үй салынып және                 6 тұрғын үй сатып алынып табысталды.

 

Жер қатынасы.

Бәйтерек ауданының аумағы 742 133 га. құрайды, соның ішінде 2022 жылғы жер балансы есебіне сай елді мекен жерлері – 98 090 га., орман қорларының жерлері – 35163 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жерлер – 8 558 га., су қорының жерлері – 7354 га., запастағы жерлер – 69 187 га., ерекше қорғалатын аймақтар – 150 га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің көлемі 524 905 га., соның ішінде: егістік – 267 105 га., жайылымдық жерлер – 133 663 га., көпжылдық екпелер – 372 га., тыңайған жерлер – 103 238 га., шабындық-17 285 га., басқа жерлер – 3 242 га. құрайды. Аудан аумағынан тыс жерлерде қолданылатын жерлер – 2489 га. және басқа аудандар пайдаланатын жерлер – 1215 га.

2024 жылдың 6 айында коммерциялық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер телімін жалға беру бойынша gosreestr.kz мемлекеттік электрондық сауда порталы арқылы 4 аукцион ұйымдастырылып, нәтежиесінде құны 7 804 998 теңге құрайтын коммерциялық мақсаттағы  жер учаскелері жалға берілді.

Тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелері бойынша: Аудан бойынша 21 000 азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Белесте – 26, Дариянда – 38 жер телімі тұрғын үй құрылысы үшін жалға берілсе, 2023 - 2024 жылы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмеді.

 

Газдандыру.

Бүгінде халықтың 99,5% газбен қамтылған. (Ауданда 68 елді мекеннің 60-ы немесе 88,2% газбен қамтамасыз етілген).

Мичурин ауылдық округінің Зеленое ауылындағы (көпір ауданын) тұрғын аймақты газбен жабдықтау нысаны тамыз айында аяқталатын болады. Аудандық бюджеттен 12 млн.тг қаражат бөлінді.

 

Сумен жабдықтау және жарықтандыру.

Ауданда орталықтандырылған сумен 68 елді мекеннің 39-і қамтамасыз етілген. Халық санының қамтамасыз етілуі 88,14%. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ елді мекендер саны 29.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 894 адам тұр, оның ішінде:

-Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 184

-Халықтың әлеуметтік осал топтары – 341

-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар – 158

-ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 24

-Көпбалалы отбасылар – 187

Бүгінгі күні аудан бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары - 81, оның ішінде ОСИ - 1, ПТ - 80 құрылды.

 

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.

Аудан бойынша 868,6 шқ. жол бар, оның ішінде 400,4 шқ кіреберіс жолдар және 468,2 шқ. ауылішілік жолдар. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 6,4 млрд.теңге сомасына 112 шқ. жолға жөндеу жүргізілді. Осылайша, жақсы жағдайдағы кіреберіс жолдардың үлесі 64,2%, сондай-ақ ауылішілік жолдардың үлесі 24,4% құрады.  

2024 жылы Бәйтерек ауданы бойынша 2,5 млрд.теңге сомасына 33 шқ жолға жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 1,3 млрд.теңге игерілді, оның ішінде 0,6 млрд.теңге алғытөлем төленді. Жыл соңына дейін                     1,3 млрд.теңгені игеру жоспарлануда.

Байқоныс және Достық ауылдарындағы ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары басталды, сондай-ақ Володар ауылындағы ауылішілік жолдарын жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Калинин және Көшім ауылдарындағы ауылішілік жолдарды реконструкциялауға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

«Озерный ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу»         2,0 шқ. (нысанды қабылдау күтілуде);

«Красноармейск ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» 1,7 шқ. (асфальтбетон қоспасы төселді);

«Сырым Батыр ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу» 3,6 шқ. (асфальтбетон қоспасы төселді);

«Егіндібұлақ ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу» 2,3 шқ. (нысынды қабылдау күтілуде);

«Болашақ ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу»         4,9 шқ. (асфальтбетон қоспасын төсеу күтілуде);

«Рубежин ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу» 8,1 шқ (4 шқ. асфальтбетон қоспасы төселді);

«Переметный-Шалғай кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу ұзындығы 5,7 шқ. (5,7 шқ асфальтбетон қоспасы төселді);

«Мичурин 1 ауылындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» 5,9 шқ. (ресайклерлеу жұмыстары жүргізілуде, 5,4 шқ. асфальт төселді);

«Байқоныс а/о, Новенький ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу» жобасы бойынша 1,5 шқ. (жаңа жер төсемін орнату жұмыстары және 600 м тротуар орнату жұмыстары жүргізілуде, 1 шқ асфальт төселді).

«Достық ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу»         8,2 шқ. (3,5 шқ. асфальтбетон қоспасы төселді);

«Байқоныс ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту»   6,4 шқ. (1,0 шқ. асфальтбетон қоспасы төселді);

Бүгінгі таңда ұзындығы 50,2 шқ. ауылішілік жолдарды жөндеуге                    6 406,0 млн.теңге сомасына 9 ЖСҚ және ұзындығы 17,2 шқ кіреберіс автомобиль жолдарын жөндеуге 1 458,8 млн. теңге сомасына 5 ЖСҚ бар.

 

Құрылыс.

2024 жылы құрылыс-монтажтау жұмыстарына 1 285,7 млн.тг бөлінді.

1.Красноармейское ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 276,00 млн теңге. Бүгінгі таңда 273 млн.теңге (98%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 9,468 км құрайды.

2.Құрманғазы ауылында су құбырының құрылысы. Жалпы құны 271,00 млн теңге. Бүгінгі таңда 247,4 млн.теңге (95%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 9,468 км құрайды.

3.«Щапов а/о Жаңатаң ауылындағы су құбырының құрылысы». Келісімшартқа сәйкес құны – 155,6 млн.теңге. Бүгінгі таңда 134,1 млн.теңге (90%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 8,039 км құрайды

4.«Январцев ауылындағы су құбыры» нысанының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 407,8 млн.теңге. Бүгінгі таңда 373,3 млн.теңге (95%) игерілді. Ұзындығы – 19,92 км.

5.«Көшім а/о Өркен ауылындағы су құбырының құрылысы». Келісімшартқа сәйкес құны – 364,9 млн.теңге. Бүгінгі таңда 347,1 млн.теңге (98%) игерілді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 14,314 км құрайды.                    Барлық су нысандарын жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда.

 

 

Мәдениет нысандары құрылысы.

  1. Щапов ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 618,08 млн теңге. Шарттық құны - 562 млн теңгені құрайды. Игерілген қаражат - Мердігер «СКФ ОТДЕЛ СТРОЙ» ЖШС-і. Бүгінгі таңда клуб шатырын орнату, сырты және ішкі инженерлік желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  2. Макаров ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 623,90 млн теңге.
  3. Көшім ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 585,54 млн теңге.

Құрылысы енді басталатын нысандар.

1.Байқоныс ауылындағы электр желілері мен 35/10 қосалқы станциясының  құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 454,6 млн теңгені құрайды.

2.Махамбет ауылында мал қорымының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 33,7 млн теңгені құрайды.

3.Январцев ауылында мал қорымының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 34,7 млн теңгені құрайды.

 

Жаңа мектептер құрылысы.

Қазіргі таңда 2023-2024 оқу жылы «Жайлы мектеп» пилоттық  жобасымен Достық елді мекенінде жаңа 1200 орындық мектебі, Байқоныс ауылында 600 орындық мектебінің құрылысы жүргізілуде.

2025 жылға Володар ауылында 300 орындық, Озерный ауылына           108 орындық мектеп құрылысы, 2026 жылы Жаңатан ауылында 60 орындық құрылысы жоспарлануда.

 

Дайын пәтерлер сатып алу.

2024 жылы ЖАО кезегінде тұрған әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға 54 пәтер құрылысы 8 ауылда (Чиров, Раздольный, Кұрманғазы, Сұлукөл, Красноармейск, Кирсанов, Шалғай, Егіндібұлақ) жүргізілуде.

 

Сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттамалар (жалпы сомасы – 7 999,87 млн. теңге).

«Дариян ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы». Құрылыстың жалпы құны 954,14 млн теңгені құрайды. (КПО б.в.)

Переметный ауылында мұрағат ғимаратының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 585,2 млн теңгені құрайды. (КПО б.в.)

Достық ауылында ауылдық клуб құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 625,24 млн теңге. (КПО б.в.)

Озерный ауылында 108 орындық мектебінің құрылысы (КПО б.в.).

Атамекен ауылындағы клубты қайта жаңарту»  Құрылыстың жалпы құны 588,37 млн теңгені құрайды.

Трекин ауылындағы ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4 кВ  электр желілері мен құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 1 191,8 млн теңгені құрайды.

Макаров а/о Садовый ауылындағы су құбырының құрылысы». Құрылыстың жалпы құны 685,3 млн теңгені құрайды.

Чиров ауылындағы Малая Быковка өзенінің бөгетін қайта жаңарту». Құрылыстың жалпы құны 178,4 млн теңгені құрайды.

Чувашин ауылында су құбырын салу. Құрылыстың жалпы құны 981,9 млн теңгені құрайды.

Жалын ауылында су құбырын салу. Құрылыстың жалпы құны 941,7 млн теңгені құрайды.

Ақсу ауылында су құбырын салу (Владимировка). Құрылыстың жалпы құны 396,7 млн теңгені құрайды.

Кіші Шаған ауылында су құбырын салу. Құрылыстың жалпы құны 133,4 млн теңгені құрайды.

Озерный ауылында су құбырын салу, Дариян а/о. Құрылыстың жалпы құны 485,3 млн теңгені құрайды.

Көшім ауылында мал қорымының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 31 млн теңгені құрайды.

Жобалау-сметалық  құжаттамалар әзірлеу үстінде (жыл соңына дейін).

  1. Махамбет ауылындағы Крутенькая өзеніне бөгет салу.
  2. Раздольный ауылындағы бөгетін қайта жаңарту.
  3. Чинарев ауылында су құбырын салу.
  4. Сырым батыр ауылында су құбырын салу.
  5. Кирсанов ауылында су құбырын салу.
  6. Раздольный ауылына жеткізуші газ құбырын салу.
  7. Спартак ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  8. Забродин ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  9. Богатск ауылын газбен жабдықтау желілерін салу.
  10. Мичурин ауылында электр беру желілерін қайта жаңарту.

 

Білім беру.

Бәйтерек ауданы бойынша 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп,                          8 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы, 2 саз мектебі                         (371 оқушы), 1 тәрбие жұмысы орталығы (1278 оқушы) және 1 жасөспірім балалардың туризм станциясы (821 оқушы) жұмыс істейді.

          Биыл мектеп аяқтаған 467 түлектердің ішінен 24-і «Алтын белгі» иегерлері атанып, грант иеленді. Түлектер ішінен 328-і ҰБТ тапсырды, оның 206-ы Қазақстан Республикасының, 11 шетелдік оқу орындарының грантын ұтып алды.

2024 - 2025 оқу жылы аудан мектептерінде  жаңа оқу жылында              9759 оқушы білім алады.  Бірінші сыныпқа 1010 бала қабылдау жоспарлануда.

Жыл басынан 65 мұғалім «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақымен, ал тұрғын үймен 11 мұғалім қамтамасыз етілді. Мектептерде барлығы 1724 педагог жұмыс жасайды.

Жазғы демалыспен барлық білім беру ұйымдарында мектепішілік және Дариян ауылында «Достық» лагерімен аз қамтылған, көпбалалы, жетім және қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылып, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына саяхаттап келді. Сонымен қатар облыс орталығындағы «Атамекен», «Самал» лагерлерінде демалып қайтты.

 

 

Мәдениет саласы бойынша.

Бүгінгі таңда ауданда 33 мәдениет ошағы мен 51 кітапхана,                             1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 22 ауылдық округте              175 спорттық құрылым, соның ішінде: 48 спорт зал, 127 жазық ғимараттар (спортық алаңдар, алаңқайлар) бар.

Тұрғындар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін «Бәйтерек» спорт клубында 2023 жылы 16 спорттық нұсқаушы болса, 2024 жылы ауданның барлық 22 ауылдық округінде спорт нұсқаушылар жұмыс істеуде.

Володар, Байқоныс, Январцев ауылдық клубтарын күрделі жөндеу және Атамекен ауылдық клубын реконструкциядан өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өткізілген. Достық, Көшім, Макаров ауылдарында клуб салу үшін конкурс өткізіліп, мердігер айқындалды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады.

Ағымдағы жылы Щапов ауылында 200 орындық ауылдық клубының құрылысы басталды. Аталған клубта кітапханамен қоса спорт зал қарастырылыған. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы жоспарлануда. Сондай-ақ, ангар типтегі спорт зал құрылысы үшін Махамбет және Байқоныс ауылдарында жер телімдері рәсімделді.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе елімізде алғаш рет «ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында ауданның (Переметный ауылындағы аудандық кітапхана, Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы, Үлкен Шаған, Щапов, Рубежин ауылдық кітапханалары) 5 ауылдық кітапханасына қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

 

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау жүйесіне 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 медициналық пункт кіреді. Денсаулық сақтау саласында барлығы 75 дәрігер  және 352 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерлік персонал арасында кадр тапшылығы бар: 2 онколог-дәрігер, 3 жалпы тәжірибелік дәрігер, 2 кардиолог, 1 хирург.

Қазіргі таңда Өркен МП, Янайкин ФАП, Скворкино МП, Озерный МП, Красноармейск МП, Жайық МП, Садовый МП, Новенький ФАП құрылысы жүргізіліп жатыр.

 

Жастармен жұмыс.

Ауданда 16554 жас бар. Олар жұмысқа орналастыру, ақпараттандыру, бос уақытын тиімді өткізу, спорттық қызуғушылықтарын арттыру және интелектуалдық даму секілді бағыттағы іс-шараларға тартылған.

Жыл басынан жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандарымен 2144 жасқа әр түрлі бағыттағы кеңестер берілсе («Жастарға кеңес» жобасы аясында теологиялық, денсаулық сақтау, тұрғын үй, білім беру, қаржы сауаттылығы, отбасылық құндылық, психологиялық сұрақтар), жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 67 жас орталыққа жүгінген. Биыл аудан бойынша жазғы маусымдық жұмысқа 100 жас тартылды.

Аудан намысын қорғап, биік белестерді бағындырып жүрген жастарымыз аз емес. Атап айтар болсақ, Айсұлу Сарсенова – Самбодан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Карина Сисенова – ережесіз жекпе-жек спорт түрінен әлем чемпионы, Мұғал Назерке есімді қарындасымыз ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан ел біріншілігін жеңіп алды, командалық спорт түрі баскетболдан ауданымыздың жас қыздар командасы екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпиондары, ал Сартаев Айдар есімді батыр баламыз, «Begenit» халықаралық әлеуметтік жобасының жеңімпазы атанды.

Өнерлі жастардың да бәсі биік. Мысалы, қазіргі кездегі хит әндердің орындаушысы Жасдаурен есімді батыр, біздің жерлесіміз, ал Мейірбек Жанболат есімді жас әнші «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының қатысушысы атанып, жоғары өнер көрсетті.

Кеше ғана жастар күніне орай өткізілген «Жайық жастары-2024» фестивалінде жүлделі 3 орынды иеленді. Біздің жастарымыз 13 сайысты қамтитын фестивальге барлығы 67 жас қатысуға мүмкіндік алды.

 

Ұялы байланыс және интернетпен қамту.

Аудандағы 68 елді мекеннің бүгінгі күні 54-і мобильді интернетпен толықтай қамтамасыз етілді.

2024 жылы Жайық, Мирное, Павлов, Алмалы ауылдарына байланыс мұнарасы (вышка) орнатылып, ұялы байланыс және интернетпен толықтай қамтамасыз етілді. Павлов ауылына қойылған байланыс мұнарасы екі елді мекенді Билайн операторының байланысымен қамтып отыр (Павлов Горбуново).

 

Қоғамдық қауіпсіздік.

2024 жылдың 7 ай қорытындысымен Бәйтерек ауданы бойынша                              88 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. (2023 ж.–143). Яғни, есептік мезгілде аудан бойынша қылмыстық  құқық бұзушылық тіркелуі  57  фактіге – төмендеді .

Өткізіліп отырған алдын алу және профилактикалық шаралар  арқасында ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері азайды (61-ден 41-ге), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері (5-тен 4-ке) түсті.

Қылмыс түрлерінің кеңінен тараған жеке мүлікке қол сұғушылық,  есептік кезеңде ұрлық, оның ішінде ауыр санатындағылары ( 58-ден 25-ке) төмендеді.

-пәтер ұрлығы барлығы 12 қылмыс тіркелді, өндірістен 12 қылмыс аяқталып отыр, тіркелуі 5 фактіге азайды, ашылу пайызы 100 % құрады (2023ж.–22, 100%).

- мал ұрлығы  қылмысы  7-дан  1-ге түсті.

- ұялы телефондар ұрлығы бойынша тіркелуі (11-ден 5-ке), оның ашылу пайызы 100,0%, ал ауыр санатының тіркелуі 1 факті (2023 ж. – 1), ал ашылуы  100,0% құрап отыр.

- Алаяқтық қылмысы (9-дан 12-ге) өсті, ашылуы 57,1% (2023 ж. – 42,9%) құрады.

Талдау кезеңінде Бәйтерек АПб қызметкерлері тарапынан барлығы 2531 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда (2023 жылы – 2440) 91 хаттамаға жоғарлады.

Биыл қаңтар-ақпан айларында барлық 22 ауылдық округ халқымен кездестім. Тұрғындар ауылішілік және кіреберіс жолдардың жөнделуі, әлеуметтік нысандар салу (мектеп, клуб, ойын алаңдары) және күрделі жөндеу, мобильді байланыс нашарлығы, су тарту, электр желілері мен бағандарының тозғандығы, өзге де әлеуметтік маңызды мәселелер көтерді. Әр ауылда жасалатын инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы жоғарыда баяндадым.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Доклад

Сейчас читают

16 октября 2026
Информационное сообщение Территориальной избирательной комиссии Западно-Казахстанской области
16 октября 2026
Инфографика о выборах депутатов маслихатов в Казахстане: дата 29 ноября, сроки полномочий и система голосования.
13 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы