Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі М.Тоқжановтың есептік баяндамасы қараша, 2025 жыл

Бәйтерек ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы аудан әкімі

М.Тоқжановтың

есептік баяндамасы

қараша, 2025 жыл

 

Қайырлы күн құрметті брифингке қатысушылар, телекөрермендер !

 

Бүгін өздеріңізге Бәйтерек ауданының 2025 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бәйтерек ауданында 22 ауылдық округ және 68 елді мекен бар. Статистика бойынша халық саны 61355 адамды құрайды.

          2025 жылғы 1 қазанға арналған аудан бюджеті :

Бір жылға бекітілген бюджет – 8,6 млрд.тг.

Бір жылға түзетілген бюджет –12,3 млрд.тг.

РБ және ОБ трансферттерінің түсімі 2025 жылғы 1 қазанға – 4,5 млрд.тг.

(ДОНОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР):

2021 жыл - 745 431,2 мың.тг.

2022 жыл - 1 758 643,4 мың тг.

2023 жыл -1 767 000 мың.тг.

2024 жыл -1 881 177,8 мың тг.

2025 жылғы 1 қазанға - 1 120 958,8 мың теңгені құрап отыр.

Жалпы 7 млрд. 273,2 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешені - экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жолындағы негізгі бағытымыздың бірі ретінде айқындалған. Бірінші кезекте - астық өндірісін дамыту, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру, жылыжай шаруашылықтары мен көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын іске қосу, асыл тұқымды мал сатып алу, кооперативтер құру.

2025 жылғы көктемгі далалық  жұмыстары.

Ауданда ауыл шаруашылық өндірістік кешенін (АӨК) дамытудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының барлығы                              265,134 мың га, құрайды, оның ішінде:

- күздік дақылдар алқабы        - 58,934 мың га.,

- жаздық дәнді дақылдар         - 98,024 мың га.,

- майлы дақылдар                    - 67,730 мың га.,

- мал азығы  дақылдары          - 38,330 мың га.,

- картоп                                     - 1,192 мың га.

- көкөніс                                     - 0,805 мың га.

- бақша                                       - 0,119 мың га.

2026 жылға күздік дақылдардың егіс жоспары -55000 га (100 % орындалды).

         

Егін жинау жұмыстары:

1) Дәнді дақылдар барлығы – 156958 га, орташа өнімділігі -14,3 ц/га жалпы 329920 тонна өнім жиналды, соның ішінде:

-күздік дәнді дақылдар – 58934 га, орташа өнімділігі – 21,1 ц/га,                  жиналған өнім – 120469 тонна.

    - жаздық дәнді дақылдар – 98024 га орташа өнімділігі - 10,3 ц/га., жиналған өнім – 101291,5 тонн.

2) Майлы дақылдар барлығы 67730 га, орташа өнімділігі - 9,4 ц/га. Барлығы - 62787 тонна өнім жиналды.

3) Картоп - 1192 га,орташа өнімділігі-250,0 ц/га, 29800,0 тонна өнім жиналды;

4) Көкөніс – 805 га, орташа өнімділігі - 170 ц/га өнімі – 13073,0 тонна,          

5) Бақша – 119 га, орташа өнімділігі – 210 ц/га – 2499,0 тонна құрады.

 

Жанар-жағар май қамтылуы.

      Барлық егін жинау жұмыстарына бүгінгі күнге ауданға арзандатылған      5788  тонна жанар – жағар майға өтініш берілді.

      Қазіргі таңда барлық шаруашылықтар ЖЖМ алуына келісім шартқа отырды.

 

Техникалық қамтамасыз ету.

         Егіс жинау, күзгі - далалық жұмыстарын жүргізуге ауданда –1 399 бірлік техника қатысады. Соның ішінде: 512 бірлік тракторлар, 445 бірлік   комбайндар (60 бірлік Джон Дир, Vector – 64, Class – 4, Нью Холланд – 2, ACROS – 3. Нива Эффект -1, Енисей – 59, Нива NOVA – 245. Дон 1200 – 6.  Loval – 1) және 385 трактор арбалар, 57 - жинақтаушы бункер.

2025 жылы аудан шаруашылықтары бұрынғы техникаларға қосымша 130 әр түрлі жаңа техникаларды 3,5 млрд.теңгеге алған болатын.

 

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 61734,8 млн.теңгені құрады (2024 ж. салыстырғанда өсім 114,8%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері 29253,0 млн.теңге, мал шаруашылығы өнімдері 32481,8 млн. теңге.

Ет өндірісі 2024 жылмен салыстырғанда 15974,8 т. немесе (110,1%), сүт – 49741,2 т. (101,9%), жұмыртқа – 8218,3 мың дана (44,8%).

Ірі қара мал саны 51,5 мың бас немесе 112,5 % құрады (оның ішінде сиыр –      23,5 мың бас 

қой – 55,6 мың бас 

ешкі – 5,9 мың бас 

жылқы – 7,7 мың бас 

шошқа –8,7 мың бас 

түйе – 15 бас 

құс – 539,6 мың бас

Ауданда 43 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- Ет бағытындағы 34 асыл тұқымды шаруашылық ("Қазақ ақбас", "Абердин-Ангус" және "Герефорд" тұқымдары);

- Сүт бағыты бойынша 5 асыл тұқымды шаруашылық;

- 1 жылқы өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық;

- 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы.

Асыл тұқымды мал саны барлығы:

Ірі қара - 5887 бас, (39 ш/қ)

сүтті ірі қара малы 829 бас (7 ш/қ)

Жылқы - 37 бас, (1 ш/қ)

Қой - 1429 бас (3 ш/қ)

01.10.2025 жылы сатып алынған асыл тұқымды мал саны:

Герефорд – 12 бас;

Қазақтың ақбас сиыры – 25 бас;

"Абердин-Ангус" - 6 бас.

Барлығы 43 асыл тұқымды мал басы сатып алынды.

Сүт өндіру және сүт өнімдерін өңдеу.

Ауданда сүт сатып алу - сату бойынша 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс жасап тұр.

"Батыс сүт" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, тұрғындардан сүт қабылдауды жүзеге асырады және май, ірімшік, чечел өндіреді. 9 ауылдан 6 т. дейін (жазда 8-9 т.) сүт қабылдайды. 13,0 млн.тенге субсидия алынды.

"Аманат-2022" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Макаров а/о тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, күніне 930 л. жуық сүт қабылданады және "Жастық" ЖШС-не өңдеуге тапсырады. 2024 жылы 4,5 млн.тенге субсидия алынды және бағдарлама шеңберінде 26,4 млн. теңге несие қаражатына ауыл шаруашылық техника алды. Сонымен қатар 52,7 млн. теңге лизинг қаражатына құс фабрикасына жабдықтар алынып, қазіргі таңда құс фабрикасы іске қосылып жұмыс жасауда, фермада 10 мың тауық бар, күніне 5,0 мың жұмыртқа алады, 9 адам жұмыс жасайды.

"Колесово" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Ақсу ауылы және жақын орналасқан ауылдардан сүт және сүт өнімдерін қабылдайды. «Жайық» ЖШС – мен (Орал қаласы) ынтымақтастық мәселесі іске асырылуда. Техника – 9 бірлік                 (+ лизингке 3 бірлік трактор және 1 бірлік тырма (3 м.) сатып алды).

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

            2025 жылдың 1 қазанға ауданда 3700 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  105,7 %-ға артық. Шағын орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 7397 адамға жетіп отыр.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 11751,8 млн.теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,7% өсіп отыр.

 

Шағын цехтар.

Ауданда 37 шағын цех тіркелген, оларда 252 адам жұмыс істейді. Шағын цехтармен өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі       1595,6 млн.теңгені құрайды.

 

Күтілетін инвестициялық жобалар:

Бәйтерек ауданы бойынша 2025 жылға жеке инвестиция             53800,0 млн.тенге тартылады деп жоспарланды, соның ішінде: өнеркәсіп саласындағы инвест жобалар бойынша жоспар – 39144,0 млн. тенге; ауыл шаруашылығы саласы бойынша –5329,0 млн.тенге; қосымша техника сатып алу – 3453,0 млн. тенге; сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар – 5874,0 млн. теңгені құрап отыр.

2025 жылдың 1 қазанға Бәйтерек ауданында негізгі капиталға тартылган инвестиция көлемі 30402,8 млн теңгені құрады. (111,3% құрады, өткен жылы 25445,1 млн.тенге болған).

Өнеркәсіп саласындағы жобалар

- «Жайык Мұнай» ЖШС Январцев а/о, өнім өндіру және жабдықтар сатып алу –         15,4 млрд.теңге.

- "Орал Ойл энд Газ" ЖШС Январцев а/о өнім өндіру және жабдықтар сатып алу –       3,0 млрд.теңге.

- «Zhaik Petroleum» ЖШС - сұйық метанол өндіретін зауыт салу, Белес а/о. (жобаның жалпы құны 77,0 млрд теңге, 2025 жылы 19,2 млрд.теңгені игеру жоспарлануда).

- «BR and G Сомрапі» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы – 1,5 млрд. теңге, Байконыс а/о.

Барлығы 39144,0 млн.теңге

Ауыл шаруашылығы бойынша жобалар.

"Арыстанов" ш/қ – сүт-тауар фермасы (жалпы құны-2,3 млрд.)– 435,0 млн. теңге, бүгінгі күні 99 бас сиыр сатып алынды.

«Ет Өнімі» ЖШС – 600 га суармалы егіс -1200,0 млн.теңге.

«Терра Акжайык» ЖШС – бордақылау алаңын қалпына келтіру, жалпы құны –        1200,0 млн.теңге, Янайкин а/о.

-«Авангард» ЖШС – 3000 тоннага бидай қоймасын салу – 122 млн.тенге, Атамекен а/о.

«Каверин» жк – сүт зауытын ұлғайту – 100,0 млн.теңге, Дариян а/о.

«Орал Агро» ЖШС көкөніс қоймасы - 900,0 млн.теңге, Мичурин а/о.

«Дос Жаса» ЖШС суармалы егіс - 180,0 млн.теңге, Зеленов а/о.

«Авангард» ЖШС суармалы егіс 400 га - 700,0 млн.теңге, Атамекен а/о.

«Жанасай» ш/қ сүт тауар фермасының құрылысы - 150,0 млн. теңге (Қазіргі таңда 55 бас сүтті бағыттағы сиыр сатып алынды).

«Август» шқ - картоп және көкөністі жуу және қаптау құрылғысын алу, жалпы құны -27 млн.теңге.

Толецкий Олег Владимирович- бидай қоймасын салу. Құны- 100 млн теңге.

«Руф» Жылы жай кешені. Құны-42 млн. теңге.

«Жасыл 2» ЖШС –2 бидай қоймасының құрылысы. Құны-173 млн. теңге.

Барлығы 5 329,0 млн.теңге. (қосымша техника сатып алу – 3,5 млн)

Барлығы-8 800,0 млн теңге.

Сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар

«Батыс строй монтаж» ЖШС -"Грин Парк" демалыс орнын күрделі жөңдеу және кеңейту. Құны - 500 млн. теңге.                                                                                                   

«Русские Бани» ЖШС - Демалыс орнының құрылысы және жөндеу жұмыстары. Құны- 822,0 млн. теңге.

«Ставкина М.П.» ЖК- «LAFA» отбасылық демалыс базасының құрылысы. Құны -      250 млн. теңге.

«Asset Ventures» ЖШС - Демалыс орнының құрылысы және жөндеу жұмыстары. Құны- 200 млн. теңге.

«Жеңіс» ЖК- Супермаркет құрылысы. Құны- 120 млн. теңге.

«Айджанов» ЖК- Дүкен құрылысы. Құны- 150 млн. теңге.

«Мазанкина Н.С.» ЖК- Автосервис құрылысы. Құны- 200 млн. теңге.

«Агаев» Агаев ЖК- «Усадьба Эльвина» мейрамханасының құрылысы.

Құны- 100 млн. теңге.

«Дудин А.М.» ЖК- «Ананас» көлік жуу сервисі. Құны- 90 млн. теңге.

«Каримова К.Ж.» ЖК- Мейрамхана құрылысы. Құны- 80 млн. теңге.

«Татаринова И.А.» ЖК- «Зелёновский» шағынмаркет. Құны- 15 млн. теңге.

«Story service group» ЖШС- Көлік салоны құрлысы. Құны-150 млн. теңге.

«Баянов» ЖК- автомобиль жолдарына арналған құрылыс мателиалдарын шығаратын зауыт. Құны- 257 млн. теңге.

Мусин Ершат Куанович- шынжырлы қоршаулар шығаратын цех құрылысы. Құны -      90 млн. теңге.

Сариев Тимур Сабитович- Жанар-жағар май станциясы құрылысы. Құны - 200 млн. теңге.

Алимбетов Армат- Кемпинг құрылыс. Құны-100 млн. теңге.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.Г» КПО - Дене шынықтыру және сауықтыру орталығы. Құны - 950 млн. теңге.

Барлығы 4274,0 млн.тенге (+ қосымша құрылыс техникаларын және өнідіріс құрал жабдықтар сатып алу – 1600,0 млн.тг ) барлығы - 5874,0 млн тенге.

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ауданда ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау, ауылдық тауар өндірушілерін аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.

2025  жылы облыстық жобалық офистің тапсырмасына сәйкес жан жақты зерделеніп, 8 ауылдық округ таңдалынып алынды. (Олар: Дариян, Январцев, Рубежин, Байқоныс, Щапов, Белес, Көшім, Макаров ауылдық окрутері). Қазіргі таңда 1 несие алушының құжаттары тапсырылып қаралуда (8,5 млн тг), 10 несие алушының құжаттары мақұлданды (142,5 млн тг), 5 адамға несие берілді (35,1 млн тг).

Бүгінгі күні 500,0 млн теңгеге өтініштер келіп түсті. Оның ішінде:

  • Құс шаруашылығына – 69,4 млн.теңге
  • Мал шаруашылығына – 289,6 млн.теңге
  • Өсімдік шаруашылығына – 4,8 млн.теңге
  • Ауыл шаруашылығы техникасына – 34,0 млн.теңге
  • Көкөніс шаруашылығына – 9,8 млн.теңге
  • Шығын бизнес – 92,4 млн.теңге

«Тауарлық несие»

Бәйтерек ауданы бойынша 2024 жылы 8 ауылдық округте 10 отбасы әлеуметтік осал топ өкілдеріне 8 250 000 теңгеге 21 бас ірі қара мал, 20 бас қой малы 1 200 000 тг, 1 жылқы малы 500 000 тг аудан шаруашылықтармен келісім-шартпен тауарлы несиелер беріліп, үлкен көмек жасалды. Бұл бағытта да жұмыстарымызды жалғастырамыз.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша қайтарымсыз негізде 400 айлық есептік көрсеткіш көліменде 106 адам грант алып, салық басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыстарын бастады. 2025 жылы 41 адамға грант берілді.

Сонымен қатар, соңғы 2 жыл ішінде аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алушылар қатарынан қайтарымсыз грант және «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алушылардың саны артуына байланысты әлеуметтік көмек алушылар саны 9 отбасы (38 адамға) азайды. (2024 жылдың 01 қазанына 48 отбасы 258 адам, 2025 жылға 39 отбасы 220 адам).

2024 жылы әлеуметтік көмекті 6 ауылдық округ бойынша мүлдем  алмаған болса, 2025 жылдың 1 қазанына 11 ауылдық округ бойынша АӘК алмайды. (Бейбітшілік, Сұлу көл, Чиров, Құрманғазы, Шалғай, Рубежин, Янайкин, Макаров, Январцев, Көшім, Дариян ауылдық округтері).

 

Жұмыспен қамту.

Ауданның экономикалық белсенді халық 35271 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 57,5% құрайды (61355 адам). Әр түрлі қызмет саласында 33240 адам жұмыс істейді.

Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,7 %, бұл өз кезегінде облыстық деңгейден 2,2 % төмен. (облыстық деңгейі 4,9 %).

2025 жылдың 1 қазанға аудан бойынша 1125 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 117,1 % орындалып отыр. (жоспар 961 жұмыс орны). Мансап орталығы арқылы 1276 адам жұмыспен қамтылды.

 

Жер қатынасы.

Бәйтерек ауданының аумағы 742 133 га. құрайды. 2025 жылдың           9 айында коммерциялық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер телімін жалға беру бойынша gosreestr.kz мемлекеттік электрондық сауда порталы арқылы 27 аукцион ұйымдастырылып, нәтежиесінде құны 50 257 963 теңге құрайтын коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері жалға берілді. Бәйтерек ауданы жер қатынастары бөлімімен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін табыстау бойынша бір конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 1178 га құрайтын 4 жер учаскесі 10 жылға ұзақ мерзімге жалға берілді.

2025 жылға игерілмей жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бойынша БҚО жер ресурстарын басқару департаментімен берілген жоспар 10 000 га құрайды. Бүгінгі таңда 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша игерілмей жатырған көлемі        11 445 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. (2024 жылы       2500 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, яғни жоспардан 100%).

 

Газдандыру.

Бүгінде халықтың 99,5% газбен қамтылған. (Ауданда 68 елді мекеннің 60-ы немесе 88,2% газбен қамтамасыз етілген).

Мичурин ауылдық округінің Зеленый ауылындағы (көпір ауданын) тұрғын аймақты газбен жабдықтау нысаны 2024 ж. қыркүйек айында аяқталды. Аудандық бюджеттен 12 млн.тг. қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 2025 жылы Спартак ауылына жеке демеушілік есебінен 49,2 млн.тг соммасына газ құбыры тартылды.

 

Сумен жабдықтау және жарықтандыру.

Мемлект басшысының 2025 жылдың сонына дейін халықтын таза ауыз суға қол жетімділігін 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Бәйтерек ауданында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда орталықтандырылған сумен халық санының қамтамасыз етілуі 88,14% (68 елді мекеннің 39-і қамтамасыз етілген).

Қазіргі таңда, жалпы соммасы 4 088,3 млн. теңгеге, адам саны 2687 тұратын 7 ауылға (Аксу, Жалын, Кирсанов, Кіші Шаған, Озерное, Садовое, Чувашинское) ауыз су құбырының құрылысы жүргізілуде. Барлық нысандардың құрылысың 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

 

Анықтама:

  1. Аксу ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 1 сәуірде басталды. Жоба құны 373 775 млн теңге. Мердігер компания «ПМК-117» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 9 ай.
  2. Жалын ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 1 сәуірде басталды. Жоба құны 884 703 млн теңге. Мердігер компания «Батысгазстрой» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 7 ай.
  3. Кирсанов ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы 2025 жылғы 20 маусымда басталды. Жоба құны 649 519 млн теңге. Мердігер компания «Уральскводстрой» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 10,5 ай.
  4. Кіші Шаған ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 2025 жылғы 20 маусымда басталды. Жоба құны 119 371 млн теңге. Мердігер компания «Уральскводстрой» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 6 ай.
  5. Озерный ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 1 сәуірде басталды. Жоба құны 455 416 млн теңге. Мердігер компания «ПМК-117» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 9 ай.
  6. Садовый ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 1 сәуірде басталды. Жоба құны 655 110 млн теңге. Мердігер компания «ПМК-117» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 9 ай.
  7. Чувашин ауылында ауыз су құбырының құрылысы ағымдағы жылдын 15 мамырдаң басталды. Жоба құны 925 470 млн теңге. Мердігер компания «Батысгазстрой» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 6 ай.

Қазіргі таңда 517 адам тұратын 6 ауылға КБМ қондырғысын орнатылды (Богатск, Скворкин, Спартак, Ақбибай, Горбунов, Сырым батыр).

 Жоғарыда көрсетілген жобаларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, жоспар орындалған жағдайда тұрғындарды сумен қамтамасыз ету 99,9 % көрсеткішке жетеді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1546 адам тұр, оның ішінде:

-Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 173

-Халықтың әлеуметтік осал топтары – 306

-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар – 137

-ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 24

-Көпбалалы отбасылар – 181.

-Санаты анықталмаған-725

Абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 323 925,6 мың теңге бөлінді.(Анықтама: Ауылдық округтерге трансформатор сатып алу 9 дана. Достық және Щапов ауылдық округтеріне кәріз-сорғы станциясына сорғы сатып алынды.Ағымдағы жөндеу және қосымша көше шамдарын орнату.Жаяу жүргіншілер жолы мен брусчатка төсеу. Суару арықтарын орнату.7 ауылдық округте балалар және спорт алаңдарын абаттандыру. Мачта орнату. Саябақтарды абаттандыру).

 

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.

Аудан бойынша 868,6 км жол бар, оның ішінде 400,4 км кіреберіс жолдар және 468,2 км ауылішілік жолдар. 2024 жылы Бәйтерек ауданы бойынша 3,1 млрд.теңге сомасына 39,5 км жолға жөндеу жүргізілді, соның ішінде: 12,1 км – кіреберіс жолдар және 27,4 км – ауылішілік жолдар.

Ағымдағы жылы Макаров а/о Мирный және Жалын ауылдарына(инерттік материалдар әкелінді), Переметный а/о Қаражар, Поливной (асфальтбетон төселді 3 км), Балабанов ауылдарына кіреберіс автомобиль жолдарын күрделі жөндеу басталды (ШГС төселді) және Сұлу көл ауылындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу жүргізілуде (инерттік материал әкелінді, ресайклирование асфальтбетон төсеу күтілуде).

Сондай-ақ Аманат, Ақбидай, Жаңатан ауылдарындағы кіреберіс автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Дариян және Балабанов ауылына кіреберіс жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланды.

Бүгінгі күні жақсы жағдайдағы кіреберіс жолдардың үлесі 73,0%,  ауылішілік жолдардың үлесі 27,0% құрады.

Аяқталған жобалар:

  1. «Достық ауылдың ішкі жолдарын күрделі жөндеу». Ұзындығы 8,2 км.

2.«Байқоныс ауылдың ішкі жолдарын қайта жаңарту».Ұзындығы 6,4 км.

  1. «Рубежин ауылдың ішкі жолдарын күрделі жөндеу» 8,1 км.
  2. «Раздольный ауылдың ішкі жолдарын күрделі жөндеу» 3,9 км.

 

2026 жылға ауыспалы жобалар:

  1. «Сұлукөл ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу» 5,0 км (инерттік материал жеткізілді, жол бетін қайта өңдеу аяқталды, асфальт-бетон төсеу жұмыстары күтілуде);
  2. «Макаров ауылдық округінің Мирный және Жалын ауылдарына кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу» 8,5 км (инерттік материал жеткізілді).

 

Құрылыс

2025 жылы жалпы аудан бойынша құрылыс-монтажтау жұмыстарына 7 424, 7 млн.тг бөлінді.

Мәдениет нысандары құрылысы.

  1. Щапов ауылдық клубтың құрылысы. Жоба құны - 562 млн. теңгені құрайды. Мердігер «СКФ ОТДЕЛ СТРОЙ» ЖШС-і. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды.
  2. Макаров ауылдық клубтың құрылысы. Жоба құны 850 млн теңге. Мердігер «Жиенбай» ЖШС. Бүгінгі күні қабырғаларды қалау, инженерлік желісі, сыртқы жұмыстары жүргізілуде.
  3. Көшім ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 772,2 млн теңге. Мердігер «Жайык сити» ЖШС. Бүгінгі күні қабырғаларды қалау инженерлік желісі, сыртқы жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауылшаруашылық нысандары

  1. Махамбет ауылында мал қорымының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 28,3 млн. теңгені құрайды. 2024 жылға 17 млн.тг (100%) бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталды.
  2. Январцев ауылында мал қорымының құрылысы. Құрылыстың жалпы құны 29,8 млн теңгені құрайды. 2024 жылға 33,7 млн.тг (80%) бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталды.

Басқа да құрылыс нысандары.

  1. «Чиров ауылындағы Малая Быковка өзенінің бөгетін қайта жаңарту». Құрылыстың жалпы құны 178,4 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталды.
  2. Переметный а/о, Калинин ауылында сот ғимаратынның құрылысы. Жоба құны 403,5 млн теңге. Мердігер компания «Альтаир» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 6 ай. Құрылыс жұмыстары 90% аяқталды. 2025 жылдың қараша айында құрылыс жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда.
  3. Дариян ауылынды блокты-модульді КНС салу (кәріз-тазарту ғимараттар). Жоба құны 207,5 млн. теңге. Мердігер компания «Батыс Құрылыс Қызмет» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 2 ай. Жер жұмыстары аяқталды. Қоршау, жабдықтар орнатылып, электр желілері жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
  4. Дариян ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Мердігер компания «Энергострой» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 6 ай. (КПО б.в. қаражат есебінен).
  5. Достық ауылдық клубтың құрылысы. Мердігер компания «Энергострой» ЖШС. (КПО б.в. қаражат есебінен).

 

Жаңа мектептер құрылысы.

Қазіргі таңда «Келешек мектеп» пилоттық жобасымен Байқоныс ауылында 600 орындық, Достық ауылында жаңа 1200 орындық мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Үлкен Шаған, Володар ауылдарында мектеп құрылысына конкурс өткізіліп, мердігерлер анықталды. («Болашақ-Т» ЖШС, «Альтаир» ЖШС ).

КПО б.в. қаражаты есебінен Озерный ауылында мектеп салу жоспарлануда, бүгінгі таңда конкурстық (тендерлік) рәсімдер жүргізілуде.

 

Дайын пәтерлер сатып алу.

2025 жылы ЖАО кезегінде тұрған әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға 62 пәтер құрылысы 8 ауылда (Белес, Егіндібұлақ, Зеленый, Красноармейск, Кұрманғазы, Сұлукөл, Чиров және Шалғай) аяқталып, сатып алу процессі жүргізілуде. Қазіргі таңда 38 пәтер 701,5 млн.теңге жалпы соммаға сатып алынды.

Пәтерлер алаңы 70-80 м2, ішкі әрлеумен, ішкі-сыртқы инженерлік желілермен, қоршауымен және жер телімімен қарастырылған. (2024 жылы ЖАО кезегінде тұрған әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға 8 ауылда (Чиров, Раздольный, Кұрманғазы, Сұлукөл, Красноармейск, Кирсанов, Шалғай, Егіндібұлақ)       54 пәтер берілді).

 

Білім беру.

Бәйтерек ауданы бойынша 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп,                          8 мемлекеттік балабақша, 18 жеке балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы, 2 саз мектебі (351 оқушы), 1 тәрбие жұмысы орталығы (1245 оқушы) және 1 жас туристер станциясы (1080 оқушы) жұмыс істейді. Биылғы жылы «Алтын белгі» иегерлері 31 (2024 ж -24).

2025 жылы қазан айында Мичурин ауылында 150 орындық бөбекжай кешені ашылып, желтоқсан айында Жайық ауылында 200 орындық  жеке балабақша ашылу жоспарлануда.

Сонымен қатар сәуір айынан бастап «Белес «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

 

Мәдениет саласы бойынша.

Бүгінгі таңда ауданда 33 мәдениет ошағы мен 51 кітапхана,                             1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 22 ауылдық округте              175 спорттық құрылым, оның ішінде: 48 спорт зал, 127 спорт алаңдары бар.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе елімізде              алғаш рет «Ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында ауданның 4 ауылдық кітапханасы қайта жаңғыртылып, ашылды. (Аудандық кітапхана-Переметный ауылы, Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы, Үлкен Шаған ауылдық кітапханасы, Рубежин ауылдық кітапханасы) .

Сонымен қатар, ағымдағы жылы басталған Щапов ауылдық клубының құрылысы бүгінде толығымен аяқталды. Алдағы уақытта модернизациядан өткізілген ауыл кітапханасын пайдалануға беру күтілуде. Жобаның жалпы құны 125,2 млн. теңге.

 

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау жүйесіне 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт,       34 медициналық пункт кіреді.

Өткен жылы аудан бойынша 8 медициналық нысандардың (Өркен МП, Скворкин МП, Болашақ МП, Красноармейск МП, Жайық МП, Садовый МП, Новенький ФАП, Мирный МП), биылғы жылы 4 нысандардың құрылысы (Зеленый МП, Қаражар МП, Янайкин ДА, Атамекен ДА) аяқталып, пайдалануға берілді. Барлығы 12 нысан.

 

 

Жастармен жұмыс.

Ауданда 16554 жас бар. Жыл басынан бері 235 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыссыз жастар саны – 339. Олар жұмысқа орналастыру, ақпараттандыру, бос уақытын тиімді өткізу, спорттық қызығушылықтарын арттыру және интелектуалдық даму секілді бағыттағы іс-шараларға тартылған. Жыл басынан бері NEET санатындағы 66 жас жұмысқа орналасты, орталыққа келіп және көшпелі кеңес бойынша барлығы          1548 жасқа кеңес берілді. Оның ішінде 54 психологиялық, 1255 теологиялық, 309 тұрғын үй бойынша кеңес берілді.

Жастар тәжірибесі бойынша – 209 жас кеңес алып, 149 жас жұмысқа орналасты. 

Алғашқы жұмыс орны бойынша – 92 жас кеңес алып, 21 жас жұмысқа орналасты.

 

 

 

Ұялы байланыс және интернетпен қамту.

Аудандағы 68 елді мекеннің бүгінгі күні 56-і мобильді интернетпен толықтай қамтамасыз етілді.

2024 жылы Жайық, Мирный, Павлов, Алмалы, ауылдарына байланыс мұнарасы (вышка) орнатылып, ұялы байланыс және интернетпен толықтай қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылда Чинарев, Бейбітшілік ауылдарында мұнара құрылысы аяқталып, қазіргі таңда толығымен жұмыс істеп тұр.

 

Қоғамдық қауіпсіздік.

2025 жылдың 9 ай қорытындысымен Бәйтерек ауданы бойынша                              120 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. (2024 ж.–126) яғни, есептік мезгілде аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 6 фактіге төмендеді.

Оның ішінде атап өтетін ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері 40-тан 42-ге өсті, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері 2-ден 6 фактіге өсті.

Қылмыс түрлерінің кеңінен тараған жеке мүлікке қол сұғушылық, есептік кезеңде ұрлық, оның ішінде ауыр санатындағылары 14-тен 17-ге өсті.

-пәтер ұрлығы барлығы 12 қылмыс тіркелді, 1 фактіге азайды, ашылу пайызы 100 % құрады (2024ж.–13, 100%).

- мал ұрлығы 2 қылмыс тіркелді (2024 ж.–3, 100%).

- ұялы телефондар ұрлығы бойынша тіркелуі 6-дан 4-ке, оның ашылу пайызы 100,0%, ал ауыр санатының тіркелу фактісі болмады. (2024 ж. –2).

- Алаяқтық қылмысы 21-ден 22-ге өсті, ашылуы 21,1% (2024 ж. – 30,8%) құрады.

Талдау кезеңінде Бәйтерек АПб қызметкерлері тарапынан барлығы 4082 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда (2024 жылы – 3967) 115 хаттамаға өсті.

Биыл мамыр айында барлық 22 ауылдық округ халқымен кездестім. Тұрғындар ауылішілік және кіреберіс жолдардың жөнделуі, әлеуметтік нысандар салу (мектеп, клуб, ойын алаңдары) және күрделі жөндеу, су тарту, электр желілері мен бағандарының тозғандығы, өзге де әлеуметтік маңызды мәселелер көтерді. Әр ауылда жасалатын инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы жоғарыда баяндадым.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы