Меню

Страницы

Статья

Бәйтерек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі М.Тоқжановтың есептік баяндамасы сәуір, 2026 жыл

Бәйтерек ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы аудан әкімі

М.Тоқжановтың

есептік баяндамасы

сәуір, 2026 жыл

 

Қайырлы күн құрметті аудан тұрғындары!

Бәйтерек ауданында 22 ауылдық округ және 68 елді мекен бар. Статистика бойынша халық саны 63074 адамды құрайды.

          2026 жылғы 1 сәуірге арналған аудан бюджеті :

Бір жылға бекітілген бюджет – 11,1 млрд.тг.

Бір жылға түзетілген бюджет –11,1 млрд.тг.

РБ және ОБ трансферттерінің түсімі 2026 жылғы 1 сәуірге – 0,9 млрд.тг.

(ДОНОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР):

2021 жыл - 745 431,2 мың.тг.

2022 жыл - 1 758 643,4 мың тг.

2023 жыл -1 767 000 мың.тг.

2024 жыл -1 881 177,8 мың тг.

2025 жылғы - 1 476 316,8 мың теңгені құрады.

2026 жылғы 1 сәуірге – 597 705,0 мың теңгені құрап отыр.

Жалпы 8 млрд. 226,3 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешені - экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жолындағы негізгі бағытымыздың бірі ретінде айқындалған. Бірінші кезекте - астық өндірісін дамыту, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру, жылыжай шаруашылықтары мен көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын іске қосу, асыл тұқымды мал сатып алу, кооперативтер құру.

 

Өткен 2025 жылғы  атқарылған  жұмыстарға қысқаша тоқталсақ.

Ауданда ауыл шаруашылық өндірістік кешенін (АӨК) дамытудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының барлығы – 265,1 мың га. құрады, оның ішінде:

- Күздік дақылдар алқабы       - 54,6 мың га,

- Жаздық дәнді дақылдар        - 98,0 мың га,

- Майлы дақылдар                   - 67,7  мың га,

- Мал азығы  дақылдары         - 42,7  мың га,

- Картоп                                    - 1192 га,

- Көкөніс                                   - 769 га,

- Бақша                                     - 119 га,

Жалпы аудан бойынша 319,919 тонна өнім жиналды.

Биылғы жылы аудан диханшылары егіс көлемін 267,110 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.

  • Күздік дақылдар – жоспар - 51 200 га, орындалуы - 53 393 га, орындалуы -104 %;
  • Жаздық дақылдар, жоспар – 108 612 га, (жаздық бидай, арпа, тары, жасымық, дәнді құмай);
  • Майлы дақылдар, жоспар – 59 300 га, (күнбағыс, мақсары, зығыр, соя);
  • Мал азықтық дақылдар, жоспар – 43 600 га, соның ішінде 27 900 га, өткен жылдардағы (житняк, эспарцет, люцерна);
  • Картоп, жоспар – 1 290 га;
  • Көкөніс, жоспар – 800 га;
  • Бау-бақша, жоспар – 75 га;

 

Техникалық қамтамасыз ету

Тәжірибе көрсеткендей, жаңа техникалар мен технологияларды қолдану арқылы ылғал үнемдеу, жұмыс процесстерін оңтайландыру, егіс жұмыстарын тиімді жүргізудің басты факторлары болып табылады.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынының артуы – бірнеше маңызды факторлардың нәтижесі.

Біріншіден, мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар шаруашылықтарға жаңа техника сатып алуды әлде қайда қолжетімді етті. Бұл әсіресе шағын және орта шаруашылықтар үшін үлкен қолдау болды.

Екіншіден, ҚазАгроҚаржы сияқты лизингтік компаниялардың рөлі өте маңызды. Олар фермерлерге техниканы бірден толық төлемей, ұзақ мерзімге бөліп төлеу арқылы алуға мүмкіндік береді. Бұл шаруашылықтардың қаржылық жүктемесін жеңілдетеді.

Нәтижесінде ескі техниканың саны азаяды, еңбек өнімділігі артады, агротехникалық жұмыстардың сапасы жақсарып, жанармай мен уақыт үнемделеді.

Жалпы алғанда, машина-трактор паркін жаңарту ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін маңызды факторға айналып отыр.

2025 жылы  5,0 млрд.теңгеден астам қаражатқа - 152 бірлік (JOHN Deere W 430 комбайн, RSM 2400, LOVOL TB604, Беларус 8527, YTO - X трактор) ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды, сондай-ақ аудан шаруашылықтары бұл мақсатқа  1,144 млн.теңге субсидия алды.

 

Жанар-жағар маймен қамтылуы

Егіс жұмыстары жүргізілуіне үкімет тарапынан көрсетілетін ауқымды қолдаулардың бірі арзандатылған жанар-жағар май бөлінуі.

Ағымдағы жылы көктемгі далалық жұмыстарға  жанар-жағар май жеткізуші болып конкурс қорытындысымен ауданымызға «Нефтэк» ЖШС операторы анықталып жанар-жағар майдың бағасы бір литрге –                     270,0 теңгеден босатылуда.

 

 

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі.

2026 жылдың 1 сәуірге ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7692,3 млн.теңгені құрады (2025 ж. салыстырғанда өсім 125,9%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері 1101,3 млн.теңге, мал шаруашылығы өнімдері 6591,0 млн.теңге.

Ет өндірісі 2025 жылмен салыстырғанда 4336 тонна немесе (142,6%), сүт – 4150,6 тонна (102,6%), жұмыртқа – 1189,2 мың дана (240%).

Ірі қара мал саны 54,5 мың бас немесе 107,1 % құрады (оның ішінде сиыр –                         24,4 мың бас): 

қой – 62,3 мың бас; 

ешкі – 7,7 мың бас; 

жылқы – 7,8 мың бас; 

шошқа –8,9 мың бас; 

түйе – 11 бас; 

құс – 535,6 мың бас;

Ауданда 43 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- Ет бағытындағы 34 асыл тұқымды шаруашылық ("Қазақ ақбас", "Абердин-Ангус" және "Герефорд" тұқымдары);

- Сүт бағыты бойынша 5 асыл тұқымды шаруашылық;

- 1 жылқы өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық;

- 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы.

Асыл тұқымды мал саны барлығы:

  • ірі қара - 5887 бас, (39 ш/қ);
  • сүтті ірі қара малы 829 бас (7 ш/қ);
  • жылқы - 37 бас, (1 ш/қ);

-   қой - 1429 бас (3 ш/қ).

01.01.2026 жылы сатып алынған асыл тұқымды мал саны:

- Герефорд – 12 бас;

- Қазақтың ақбас сиыры – 25 бас;

- "Абердин-Ангус" - 6 бас.

Барлығы 43 асыл тұқымды мал басы сатып алынды.

 

Сүт өндіру және сүт өнімдерін өңдеу.

Ауданда сүт сатып алу - сату бойынша 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс жасап тұр.

"Батыс сүт" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, тұрғындардан сүт қабылдауды жүзеге асырады және май, ірімшік, чечел өндіреді. 9 ауылдан 6 тоннаға дейін (жазда 8-9 т.) сүт қабылдайды. 13,0 млн.теңге субсидия алынды.

"Аманат-2022" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Макаров а/о тұрғындарынан сүт қабылдауды жүзеге асырады, күніне 930 л. жуық сүт қабылданады және "Жастық" ЖШС-не өңдеуге тапсырады. 2024 жылы 4,5 млн.теңге субсидия алып, бағдарлама шеңберінде 26,4 млн.теңге несие қаражатына ауыл шаруашылық техникасын сатып алды (трактор - кун, шөп жинағыш, шөп шапқыш). Сонымен қатар 52,7 млн.теңге лизинг қаражатына құс фабрикасына жабдықтар алынып, қазіргі таңда құс фабрикасы іске қосылып жұмыс жасауда, құс фермасында 10 мың тауық бар, күніне 5,0 мың жұмыртқа алады, 9 адам жұмыс жасайды.

"Колесово" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Ақсу ауылы және жақын орналасқан ауылдардан сүт және сүт өнімдерін қабылдайды. «Жайық» ЖШС – мен (Орал қаласы) ынтымақтастық мәселесі іске асырылуда. Техника – 9 бірлік (+ лизингке 3 бірлік трактор және 1 бірлік тырма (3 м.) сатып алды).

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

            2026 жылдың 1 сәуірге ауданда 3582 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  102,4 %-ға артық. Шағын орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 8274 адамға жетіп отыр.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2269,6 млн.теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109% өсіп отыр.

 

Шағын цехтар.

Ауданда 37 шағын цех тіркелген, оларда 252 адам жұмыс істейді. Шағын цехтармен өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі                                         445,6 млн.теңгені құрайды.

 

Күтілетін инвестициялық жобалар:

2025 жылы тартылған инвестиция көлемі 91,6 млрд. теңге болса, (бюджеттік инвестиция 19,7 млрд.теңге және жеке инвестиция                                     71,9 млрд.теңге) биылғы жылы күтілетін жеке инвестиция барлығы                            112,7 млрд.теңге тартылады деп жоспарланып отыр, соның ішінде:

Өнеркәсіп саласындағы инвест жобалар бойынша жоспар –                          85527,7 млн.теңге, ауыл шаруашылығы саласы бойынша –                                    17042,0 млн.теңге,  сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар – 7245,5 млн.теңге, бюджеттік жобалар  – 2895,7 млн.теңгені құрап отыр. 

 

 Өнеркәсіп саласындағы жобалар:

  • «Zhaik Petroleum» ЖШС - сұйық метанол өндіретін зауыт салу, Белес а/о, (жобаның жалпы құны 77,0 млрд.теңге, 2026 жылы                        47,0 млрд.теңгені игеру жоспарлануда).
  • «Батыс Пауэр» ЖШС – электростанцияны ұлғайту – 17,0 млрд.теңге.
  • «Жайык Мұнай» ЖШС Январцев а/о, өнім өндіру және жабдықтар сатып алу – 12,5  млрд.теңге.
  • «Ирменов» ЖШС - фармацевтік зауытының құрылысы – 3,1 млрд.теңге.
  • «Орал Ойл энд Газ» ЖШС - Январцев а/о, өнім өндіру және жабдықтар сатып алу – 1,2 млрд.теңге.
  • «BR and G Сомраnі» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы – 1,5 млрд.теңге, Байконыс а/о.
  • Бәйтерек ауданының Озерный ауылында 108 оқушыға арналған шағын жинақты мектептің құрылысы – 1737,7 млн.теңге.
  • «Мичуринская ГРЭС» - электростанцияны жөндеу – 500,0 млн.теңге.
  • «Киламбеков» ЖК - ет өнімін өндеу цех салу – 500,0 млн.теңге.
  • «Лакрица Приуралья» ЖШС - (солодковый корень) тамырын өндейтін зауыт салу – 400,0 млн.теңге.

Барлығы 85527,7 млн.теңге

 

Ауыл шаруашылығы бойынша жобалар.

  • «Жайык Ет» ЖШС – құс фабрикасын ұлғайту – 4,0 млрд.теңге.
  • «Арыстанов» Ш/Қ – сүт-тауар фермасының салу – 2,5 млрд.теңге.
  • «Орал Агро» ЖШС көкөніс қоймасы - 2,0 млрд.теңге, Мичурин а/о.
  • «Ирменов» Ш/Қ, мал бордақылау алаңын салу -1,5 млрд.теңге.
  • «Байтерек Агро» ЖШС суармалу жер 600 га – 900,0 млн.теңге Көшім а/о.
  • «Терра Акжайык» ЖШС – суармалы егіс 800 га, құны– 1,2 млрд.теңге.
  • «Лакрица Приуралья» ЖШС - сүт фермасын салу – 400,0 млн.теңге Дариян а/о.
  • «Авангард» ЖШС – 3000 тонна бидай қоймасын салу – 122 млн.теңге Атамекен а/о.
  • «Байтерек Агро» ЖШС - суармалы егіс, жалпы құны– 900,0 млн.теңге Махамбет а/о.
  • «Лакрица Приуралья» ЖШС Дариян а/о сүт фермасын салу – 400,0 млн.теңге.
  • «Руслан» Ш/Қ суармалу жер 200 га – 350,0 млн.теңге Макаров а/о.
  • «Умбеткалиев» ЖК (СПК"Рубежинское") көкөніс қоймасын салу – 200,0 млн.теңге.
  • СПК "Рубежинское", құс фабрикасын салу– 100,0 млн.теңге.
  • «Ayla Enviro» Ш/Қ, сүт өндеу цех салу – 150,0 млн.теңге.
  • «Нұртарғын» ЖШС сою бекетін салу -12,0 млн.теңге.
  • Ауыл шаруашылык техникасы мен мал сатып алу - 3730,0 млн.теңге.

Барлығы 17042,0 млн.теңге.

 

Сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар

  • «Батыс строй монтаж» ЖШС -"Грин Парк" демалыс орнын күрделі жөңдеу және кеңейту. Құны - 500 млн.теңге.​
  • «BAVARO» ЖШС - демалыс орнының құрылысы және жөндеу жұмыстары. Құны- 100 млн.теңге.
  • «Айджанов» ЖК - Махамбет а/о, дүкеннің құрылысы - 150 млн.теңге.
  • «Ижанова» ЖК - Переметный а/о, супермаркет салу – 130,0 млн.теңге.
  • «Утемисова» ЖК - Достық а/о, балабақша салу – 110,0 млн.теңге.
  • «Галиева» ЖК - Переметный а/о, балабақша салу – 110,0 млн.теңге.
  • «Алимбетов А» ЖК - Щапов а/о, кемпинг құрылысы - 100,0 млн.теңге.
  • «Айсултан» ЖК - Достык а/о, футбол алаңын салу – 30,0 млн.теңге.
  • «Сакпиреев А.» ЖК – Переметный а/о, пластик терезелер шығаратын цех салу – 30,0 млн.теңге.
  • «Ашимов» ЖК - Щапов а/о, дүкен салу – 16,0 млн.теңге.
  • «Бауыржан» ЖК - Көшім а/о, шиномонтаж салу – 15,0 млн.теңге.
  • «Алимбетов» ЖК - Щапов а/о, газозаправка салу -15,0 млн.теңге.
  • «Кулагин А.Б.» ЖК - Переметный а/о, спорт алаңына арналған құралдар цехын салу – 15,0 млн.теңге.
  • «Джубандыкова» ЖК, демалыс саябағын жөндеу – 10,0 млн.теңге.
  • Жылжымайтын мүлікпен жұмыстану – 2,5 млрд.теңге.
  • Сауда, өнер ойын-сауық, ақпарат және байланыс қызметтері – 3,5 млрд теңге басқа шағын нысандар.

Барлығы 7245,5 млн.теңге

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ауданда ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау, ауылдық тауар өндірушілерін аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған                          «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 2026 жылға  жалпы сомасы                      1 040,5 млн.теңгеге 77 өтініш келіп түсті. Бұл өтініштер келесі бағыттар бойынша бөлінеді:

  • құс шаруашылығы – 8 жоба (81,2 млн.теңге);
  • мүйізді ірі қара мал шаруашылығы – 42 жоба (431,8 млн.теңге);
  • ұсақ мал шаруашылығы – 6 жоба (57,0 млн.теңге);
  • өсімдік шаруашылығы – 2 жоба (28,8 млн.теңге);
  • ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу – 3 жоба (79,4 млн.теңге);
  • шағын бизнес жобалары – 13 жоба (140,4 млн.теңге);
  • қайта өңдеу саласы – 2 жоба (21,6 млн.теңге);
  • лизинг бағыты – 1 жоба (200,0 млн.теңге).

 

 

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 774,1 млн.теңгені құрайтын 58 жоба «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылып, оның ішінде 33 азаматқа жалпы сомасы 429,1 млн.теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар 8 жоба 148,7 млн.теңгеге мақұлданып, 17 жоба                                 196,2 млн.теңге көлемінде қаралу үстінде.

 «Тауарлық несие»

Бәйтерек ауданы бойынша 2024 жылы 8 ауылдық округте 10 отбасы әлеуметтік осал топ өкілдеріне 8 250 000 теңгеге 21 бас ірі қара мал, 20 бас қой малы 1 200 000 тг, 1 жылқы малы 500 000 тг аудан шаруашылықтармен келісім-шартпен тауарлы несиелер беріліп, үлкен көмек жасалды. Бұл бағытта да жұмыстарымызды жалғастырамыз.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша қайтарымсыз негізде 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 106 адам грант алып, салық басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыстарын бастады. 2025 жылы 41 адамға грант берілді.

Сонымен қатар, соңғы 2 жыл ішінде аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алушылар қатарынан қайтарымсыз грант және «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алушылардың саны артуына байланысты әлеуметтік көмек алушылар саны 7 отбасы (46 адамға) азайды. (2025 жылдың 01 сәуіріне 29 отбасы 162 адам, 2026 жылға 22 отбасы 116 адам).

2025 жылы әлеуметтік көмекті 11 ауылдық округ бойынша мүлдем  алмаған болса, 2026 жылдың 1 сәуіріне  10 ауылдық округ бойынша АӘК алмайды. (Бейбітшілік, Сұлу көл, Чиров, Құрманғазы, Шалғай, Рубежин,  Макаров, Январцев, Көшім, Щапов ауылдық округтері).

 

Жұмыспен қамту.

Ауданның экономикалық белсенді халық 35271 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 57,5% құрайды (63074 адам). Әр түрлі қызмет саласында 33240 адам жұмыс істейді.

Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 3,0 %, бұл өз кезегінде облыстық деңгейден 1,9 % төмен. (облыстық деңгейі 4,9 %).

2026 жылдың 1 сәуірге аудан бойынша 375 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 39,0 % орындалып отыр. (жоспар 961 жұмыс орны). Мансап орталығы арқылы 267 адам жұмыспен қамтылды.

 

Жер қатынасы.

Бәйтерек ауданының аумағы 742 133 га құрайды. 2025 жылда                              коммерциялық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер телімін жалға беру бойынша gosreestr.kz мемлекеттік электрондық сауда порталы арқылы                   27 аукцион ұйымдастырылып, нәтижесінде құны 50 257 963 теңге құрайтын коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері жалға берілді. Бәйтерек ауданы жер қатынастары бөлімімен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін табыстау бойынша бір конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 1178 га құрайтын 4 жер учаскесі 10 жылға ұзақ мерзімге жалға берілді.

2025 жылға игерілмей жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бойынша БҚО жер ресурстарын басқару департаментімен берілген жоспар 10 000 га болса, игерілмей жатырған көлемі 11 445 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2026 жылы Бәйтерек ауданы жер қатынастары бөлімімен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін табыстау бойынша екі конкурс жоспарлануда.

Ағымдағы жылы игерілмей жатырған көлемі  695,56 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспар 5000 га).

 

Газдандыру, сумен жабдықтау.

Бүгінде халықтың 99,5% газбен қамтылған. (Ауданда 68 елді мекеннің 60-ы немесе 88,2% газбен қамтамасыз етілген).

Мемлекет басшысының 2025 жылдың сонына дейін халықтың таза ауыз суға қол жетімділігін 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Бәйтерек ауданында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда орталықтандырылған сумен халық санының қамтамасыз етілуі 99,9 % көрсеткішке жетті (68 елді мекеннің 46-і қамтамасыз етілген).

2025 жылы жалпы соммасы 4 088,3 млн. теңгеге, адам саны                            2687 тұратын 7 ауылда, (Аксу, Жалын, Кирсанов, Кіші Шаған, Озерный, Садовый, Чувашка) ауыз су құбырының құрылысы аяқталды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1546 адам тұр, оның ішінде:

-Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 173

-Халықтың әлеуметтік осал топтары – 306

-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар – 137

-ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 24

-Көпбалалы отбасылар – 181.

-Санаты анықталмаған-725.

 

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.

Аудан бойынша 868,6 км жол бар, оның ішінде 400,4 км кіреберіс жолдар және 468,2 км ауыл ішілік жолдар.

Бүгінгі күні жақсы жағдайдағы кіреберіс жолдардың үлесі 73,0%,  ауыл ішілік жолдардың үлесі 27,0% құрады.

Аяқталған жобалар:

1.«Достық ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу»  8,2 км.

2.«Байқоныс ауылының ішкі жолдарын қайта жаңарту»  6,4 км.

3.«Рубежин ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу»  8,1 км.

4.«Раздольный ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу» 3,9 км.

5.«Аманат ауылының кіреберіс автомобиль жолын ағымды жөндеу»                   2,7 км.

  1. «Ақбидай, ауылының кіреберіс автомобиль жолын ағымды жөндеу» 1,5 км.
  2. «Жаңатан, ауылының кіреберіс автомобиль жолын ағымды жөндеу» 0,7 км.
  3. «Балабанов ауылының кіреберіс автомобиль жолын ағымды жөндеу» 5,6 км.
  4. «Дариян ауылының кіреберіс автомобиль жолын ағымды жөндеу» 0,5 км.

2026 жылға ауыспалы жобалар:

  1. «Сұлу көл ауылының ішкі жолын күрделі жөндеу» 5,0 км (инерттік материал жеткізілді, жол бетін қайта өңдеу аяқталды, асфальт-бетон төсеу жұмыстары күтілуде);
  2. «Макаров ауылдық округінің Мирный және Жалын ауылдарына кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу» 8,5 км (инерттік материал жеткізілді).
  3. «Переметный ауылдық округінің Қаражар және Поливной ауылдарына кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу» 7,3 км (инерттік материал жеткізілді, 3,0 шқ асфальт жабыны төселді).

 

Құрылыс.

2025 жылы Переметный а/о, Калинин ауылында сот ғимараты ашылып пайдалануға берілді. Жоба құны 403,5 млн теңге. Мердігер компания «Альтаир» ЖШС.

Сонымен қатар, былтыр Дариян ауылында кәріз суларын тазартатын блокты-модульді кешені салынып пайдалануға берілді (кәріз-тазарту құрылғысы). Жоба құны 207,5 млн. теңге. Мердігер компания «Батыс Құрылыс Қызмет» ЖШС.

Қазіргі таңда КПО б.в. қаражаты есебінен Озерный ауылында 108 орындық мектеп салу жұмыстары басталып кетті,  бүгінгі таңда  мектептің іргетастары құйылды, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы 6 ауылдық округте ветеринариялық пунктер салыну жоспарлануда. (Атамекен, Белес, Зеленый, Көшім, Шалғай және Янайкин).

 

Дайын пәтерлер сатып алу.

2026 жылы ЖАО кезегінде тұрған әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға 60 пәтер сатып алыну жоспарлануда.

 

Білім беру.

Бәйтерек ауданы бойынша 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп,                          8 мемлекеттік балабақша, 19 жеке балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы, атап айтсақ, 2 балалар музыка мектебі (351 оқушы), 1 тәрбие жұмысы орталығы (831 оқушы) және 1 жас туристер станциясы (1080 оқушы) жұмыс істейді.

2026 жылдың  сәуір айынан бастап Макаров, Январцев ЖОББМ және Сұлу көл негізгі мектебі  күрделі жөндеуден  өткізу жөнінде конкурс жарияланды. Сонымен қатар, Чиров негізгі мектебіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

 

 

Мәдениет саласы бойынша.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 33 мәдениет ошағы, 51 кітапхана және                1 «Бәйтерек» спорт клубы халыққа қызмет көрсетуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданның 22 ауылдық округінде барлығы 140 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 48 спорт залы, 89 спорт алаңы, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1 тир бар.

2025 жылы Дариян ауылында дене шынықтыру - сауықтыру кешені ашылып пайдалануға берілді, мердігер «Energostroy» ЖШС.

Аталған бағыттағы жұмыстар аясында Достық ауылдық клубының құрылысы жүргізілуде, қазіргі уақытта аяқталу кезеңіне жақындады. Нысанды алдағы уақытта пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, Көшім және Макаров ауылдарында клуб ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарлар аясында жүзеге асырылуда.

  1. Көшім ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы құны 772,2 млн теңге. Мердігер «Жайык сити» ЖШС.
  2. Макаров ауылдық клубтың құрылысы. Жоба құны 850 млн теңге. Мердігер «Жиенбай» ЖШС.

 

Жастармен жұмыс.

Ауданда 16748 жастар бар. Жыл басынан бері 122 жастар тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз жастар саны – 326. Олар жұмысқа орналастыру, ақпараттандыру, бос уақытын тиімді өткізу, спорттық қызығушылықтарын арттыру және интелектуалдық даму бағыттағы іс-шараларға тартылған.  

Жастар тәжірибесі бойынша 24 жас кеңес алып, 8 жас жұмысқа орналасты.

 

Ұялы байланыс және интернетпен қамту.

Аудандағы 68 елді мекеннің бүгінгі күні 64-і мобильді интернетпен толықтай қамтамасыз етілді

2025 жылы Чинарев, Красноармейск, Жайық және Сырым Батыр ауылдарында байланыс мұнаралары орнатылып, ұялы байланыс және интернетпен толықтай қамтамасыз етілді. Красный Урал ауылында байланыс мұнарасы мен қажетті байланыс құрылғылары орнатылып, қазіргі таңда электр энергиясына қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Макаров, Янайкин және Көшім ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде ұялы байланыс пен интернетке арналған мұнараларды орнату жоспарлануда. Аталған жұмыстар толық жүзеге асырылған жағдайда, аудан аумағында байланыс және интернет мәселесі толық шешімін табады.

 

Қоғамдық қауіпсіздік.

2026 жылдың 3 ай қорытындысымен Бәйтерек ауданы бойынша                              48 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. (2025 ж.– 53) яғни, есептік мезгілде аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 5 фактіге төмендеді.

Оның ішінде атап өтетін ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері 23-тен                18-ге төмендеді, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері 0-ден                   2 фактіге өсті.

Қылмыс түрлерінің кеңінен тараған жеке мүлікке қол сұғушылық, есептік кезеңде ұрлық 21-ден 12-ге төмендеді.

-пәтер ұрлығы қылмысы тіркелген жоқ, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 фактіге азайды.

- мал ұрлығы 1 қылмыс тіркелді (2025 ж.-1, өзгеріссіз).

- ұялы телефондар ұрлығы бойынша тіркелуі 0-ден 4-ке өсті, ал ауыр санатының тіркелу фактісі болмады.

- алаяқтық қылмысы 9-дан 4-ке төмендеді.

Талдау кезеңінде Бәйтерек АПб қызметкерлері тарапынан барлығы 1320 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда (2025 жылы – 1229) 91 хаттамаға өсті.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы