Өткен 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында біршама жұмыстар атқарылып - 135 несие алушыға бір миллиардқа жақын қаражат тиімді игеріліп өндірістік кооперативтермен жеке кәсіпкерлерді қосқанда барлығы - 195 адам жұмыспен қамтылды, сонымен қатар аданымызға - 920 бас сүтті ірі қара малы алынып қарапайым тұрғындарға өз кәсіптерін ашып отбасы жағдайын жақсартуға мол мүмкіндіктер берілген болатын.
24 жоба шағын бизнесті дамыту, жалпы соммасы -154,4 млн.теңге игеріліп, төмендегідей нысандар ашылған болатын;
Бәйтерек ауданы бойынша нақты кәзіргі күнге атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ.
1. СПК Батыс сүт облыстық Ақжайық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы - 120 миллион теңге айналымдық қаражатпен қаржыландырылып, кәзіргі уақытта мүшелері саны 380 – ге толып сүт өндірумен айналысып отыр.
2. Макаров СПК «Аманат 2022» өндірістік кооперативі лизингтік қаржымен 26 миллион тенгеге қаржыландырылып оған Беларус -920 тракторы, қосымша кун,косилка, тырма, рулон пресс, сеялка, соқасымен сатып алынып кәзіргі уақытта жұмыстарын бастады сонымен қатар 10 000 басқа арналған тауық фермасы құрлысын бастап керекті жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында СПК «Ақжайық» арқылы тағы - 52 миллион тенгеге қаржыландырылып, шет елдерге тапсырыс беріліп жуық арада келеді деп күтілуде, Бұның сыртында өсімдік бақша егумен айналысатын шаруашылықтарды біріктіріп жұмыс жасау схемасы талқылануда, қызығушылық бар, Макаров ауылдық округі бойынша - 15 көкөніс бақша егетін шаруашылықтың 8-шаруашылығы СПК мүшесі болып тіркеліп мүшелері саны 96-ға жетті.
3. Кушум ауылдық округі бойынша «Колесово» өндірстік кооперативі құрылып күні бүгінге сүтті мал шаруашылығына - 20 миллион теңгеге қаржыландырылып -28 бас мал алған болса, қосымша лизингтік техника алу үшін - 60 миллион теңге бөлініп оған zoomlion тракторларының үш түрін қосымша кун, косилка, тырма, рулон пресс, қосып сатып алып СПК мүшелері жемісін көруде, бұл СПК-ға 4-шаруа қожалығы қосылып жалпы мүшелері саны -139 адамды құрап отыр.
4. «Зеленов сүт» ауыл шаруашылығы кооперативінде мүшелер саны 71- гежетіп сүт өндірін өткізумен жұмыстанып отыр.
2024 жылы 606,5 млн теңге 72 өтінім мақұлданды, бөліп қарайтын болсақ:
Мал шаруашылығына - 40 өтініш - 281 330 млн теңге
Өсімдік шаруашылығы - 2 өтініш 18 211млн теңге
Құс шаруашылығы – 7 өтініш 58 657 млн теңге
Техника сатып алу -13 өтініш 152 185 млн теңге
Басқа бағыттар кәсіпкерлік -10 өтініш 96 119 млн теңге
2. Биылғы Президентіміздің жолдауындағы Ақтөбе, Жамбыл облыстарының тәжірбиесімен тауарлы несиелер арқылы әлеуметтік әлжуаз топтарға қолдау көрсету керектігін атап өтті, тауарлы несие беру, бүгінгі күнге аудан көлемінде біркелкі атқарылуда, казіргі уақытта аудан көлемінде сегіз ауылдық округ бойынша 10 тауарлық несие беріліп отыр.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, жұмыс орындарын көбейту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және ет, сүт өнімдерін көбейту.
«Ауыл аманаты» бағдарламасына үлкен мән берілуіне байланысты үлкен жұмыстарды атқару керектігін баса айтқым келеді.
Басқа аудандарға қарағанда мол тәжірибие жинақтадық, бір бірімізден үйренеріміз көп. бірге жұмыс жасауға шақырамын.
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!