Меню

Страницы

Статья

Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды!

Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Парламенттің кезекті сессияның ашылуында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетіндігін жариялады. Сол күні Қазақстан Республикасының Президенті «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» № 636 Жарлығына қол қойды. Жарлықтың негізінде 2024 жылдың 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегінегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №38/42 Қаулысын қабылдады. Өз кезегінде Бәйтерек ауданының аумақтық референдум комиссиясы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №1 Қаулысын қабылдаған болатын. Республикалық референдумда аудан бойынша 7 комиссия мүшесі бар 1 аудандық аумақтық және 318 комиссия мүшесі бар 54 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жасайтын болады. Учаскелік референдум комиссияларының жұмысы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен басталды. Аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №37 санында аудандық аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары мен референдум учаскелерінің шекаралары жарияланды. Сондай-ақ, бұл ақпараттар Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына да салынды. Ауданымыздың азаматтары 2024 жылдың 20 қыркүйегінен өздерінің тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерімен танысуға болады. Сонымен қатар, аудан тұрғындары өздерінің азаматтар тізіміне енген-енбегенін және дауыс беретін участігін анықтау үшін аудан әкімдігінің call-орталық телефоны 8(71130)23-490 қоңырау соғып, референдумға дейін де тексеруге мүмкіндіктері бар. Учаскелік референдум комиссиялары референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға шақыру парақтарын жеткізеді. Ағымдағы жылдың 6 қазан дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру бойынша 10 онлайн-сервистері (Переметный, Мичурин, Көшім, Дариян, Байқоныс, Достық, Рубежин, Үлкен Шаған, Махамбет, Белес) референдум учаскелерінде жасайтын болады. Бүгінгі күні аудандық аумақтық референдум комиссиясы 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық негіздері бойынша қашықтықтан оқыту мен тестілеуден 100% өтіп, сертификат алса, учаскелік референдум комиссиялары да оқыту мен тестілеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, учаскелік референдум комиссияларын топ-топтап көшпелі оқыту семинарларын өткізу де жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, аудан бойынша Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 41104 адамды құрап отыр. Ауданымыздың әр учаскелік референдум комиссиялары референдумның маңыздылығына жауапкершілікпен қарайды. Ал біз өз кезегінде ауданымыздың әр азаматы референдумның маңыздылығын түсініп, өзінің құқығын пайдалана отырып, 6 қазан күні еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасауға шақырамыз.

 

Р.Ихласов,

 Бәйтерек ауданының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
19 сентября 2024
Дата обновления
19 сентября 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

16 октября 2026
Информационное сообщение Территориальной избирательной комиссии Западно-Казахстанской области
16 октября 2026
Инфографика о выборах депутатов маслихатов в Казахстане: дата 29 ноября, сроки полномочий и система голосования.
13 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы