Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысында өңірлік кадр резерві қалыптастырылды

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы жылдың ақпан айында бастама алған өңірлік кадрлық резервке іріктеу нәтижелерін қорытындылады. Іріктеу өңірлік деңгейде жас басқарушылардың пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында өткізілді.
           Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға мүмкіндік алды.
Биыл өңірлік кадрлық резерв жобасына Батыс Қазақстан облысында 423 өтінім түсті, оның ішінде қойылатын талаптарға сәйкес келген
273 үміткер жобаға одан әрі қатысу үшін іріктеп алынды.
          Іріктеу бірнеше кезеңдерден өтті, оның ішінде кәсіби дағдыларды, білім деңгейін, сондай-ақ кандидаттардың жеке қасиеттері мен мотивациясын бағалау болды (заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат).
          Іріктеудің негізгі критерийлері көшбасшылық қасиеттер, аналитикалық ойлау, командада жұмыс істеу қабілеті және үнемі кәсіби дамуға деген ұмтылыс болды.
         Нәтижесінде, өңірлік кадрлық комиссиясының шешімімен 7 сала бойынша (индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуемттік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология) өңірлік кадр резервіне қойылатын 30 үміткер анықталды.
         Соның ішінде:

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша Өңірлік кадр резервіне алынған тұлғалар:

 

  1. БИКЕЕВА АЙНУРА ЕДИКОВНА-Бәйтерек ауданының экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік жоспарлау және бюджеттік есепті жүргізу секторының меңгерушісі;

 

  1. ДЖАРЫЛГАСОВ АЛИХАН ТЕМИРБОЛАТОВИЧ-Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

 

  1. КОНАШЕВА ВИКТОРИЯ АНДРЕЕВНА- Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері;

 

  1. САРСЕНГАЛИЕВ ЕРБУЛАТ КАЙРГАЛИЕВИЧ-Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің кадр жөніндегі әдіскері.
Дата публикации
04 сентября 2024
Дата обновления
04 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы