Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету

                                    Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бәйтерек  аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді.

       Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері:

  1. «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру».
  2. «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру».

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық  және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі:

1) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш;

2)  Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы кұжаттар.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

 Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады. 

«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»- Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ресімделеді .

      Карантиндік сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куаландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

        «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» -  Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз түрінде ресімделеді.

Фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасы карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі.    

 

                                                                                    

                                                                                                      ҚР АШМ АӨК МИК

                                                                                                      Бәйтерек аудандық аумақтық    

                                                                                                      инспекциясының бас маман - 

                                                                                                      өсімдіктер карантині жөніндегі                  

                                                                                                      мемлекеттік   инспекторы

                                                                                                      Н. Убаева 

Дата публикации
08 августа 2024
Дата обновления
08 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы