2024 жылғы 7 сәуірде Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Егіндібұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 323 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде - 249 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Искендиров Р.М. –186 (78,8%);
Коняева Б.Ж. – 37 (15,7%);
Молтуғанов Т.С. – 13 (5,5%).
Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып Искендиров Ринат Маратұлы сайланды, 1987 жылы туған, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.