Аудандағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2022 жылы 28 комиссия отырысы өткізіліп (оның ішінде 9 көшпелі отырыс), кәмелет жасына толмаған балаларға, ата-аналарға қатысты 13 шешім қабылданды. Оның ішінде 2 шешім кәмелетке толмағандарды арнайы оқу орындарына жолдау туралы, 3 шешім құқықбұзушылық жасаған кәмелет жасына толмаған балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы, 1 шешім төлқұжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету, 1 шешім кәмелет жасына толмаған балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу туралы, 1 шешім кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия жұмысының кемшілектерін жою туралы, 2 шешім кәмелет жасына толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы, 1 шешім мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту туралы, 1 шешім заңды өкілдерді алкогольден мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы, 1 шешім балардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру туралы. Жалпы 28 отырысында 42 мәселе: оның ішінде 12 отбасы (15 бала) қаралды, жұмыс жоспарына сәйкес комиссия мүшелерінің 19 баяндама тыңдалды.
2023 жылы 1 тоқсанында 6 комиссия отырысы өткізіліп, балалардың ата-аналарына қатысты 6 қаулы қабылданды. Отырыс барысында 12 мәселе: оның ішінде 4 отбасы (5 бала) қаралды, жұмыс жоспарына сәйкес комиссия мүшелерінің 5 есеп тыңдалды.