Меню

Страницы

Статья

Шалғын көбелегі

Шалғын көбелегі (Loxostege sticticalis) – қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол кең тараған көпкоректі зиянкес. Көбелектер негізінен мемлекеттік қордағы жерлердің арамшөптерінде сондай ақ, дәнді және майлы дақылдар егістігінде және бау бақшаларда байқалады.

Шалғын көбелегінің құрттары көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге (бұршақ, жонышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері және жусан) көп зиян келтіреді. Шалғын көбелегі желдің ағысы арқылы ұзақ жерлерге қоныс аудара алады және ол жерлерде тіршілігін жалғастырып дақылдарды зақымдайды.

Біздің аймақта екі ұрпақ береді. Ауа-райы қолайлы болған жағдайда үшінші ұрпақ беруі мүмкін. Ең қауіптісі зиянкестің бірінші ұрпағы, себебі ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуінің алғашқы кезеңіне тұспа тұс келеді, ал бұл кезде дақыл зиянкес зақымдауларына төзімсіз келеді.

Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр-маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15-20 күнге созылады. Шалғын көбелегінің ұршағысы 600 дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың дамуы 3-10 күн. Құрттары 2-4 аптада, 5 жасқа дейін өсіп дамиды.

Шалғын көбелегіне қарсы химиялық өндеу жүргізуге мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Себебі ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдың 19 наурызындағы № 100 бұйрығымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесіне өзгеріс енгізіліп шалғын көбелегі құртын міндетті улауға жататын зиянкестер қатарынан алынып тасталған. Сондықтан зиянкестің бұл түрін ауылшаруашылығы құрылымдары өз қаражаты есебінен улауы керек.

Ал мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін жұмсалған химиялық препараттарға (пестицидтер) кеткен шығынның 50 пайыз өтейді, яғни субсидия төлнйді. Субсидияны алу үшін шаруалар тұрғылықты жеріндегі ауыл шаруашылығы бөліміне өтінім беріп, тиісті құжаттарды тапсырады.

Осыған орай бюджет есебінен ауылшаруашылық тауарөндірушілерге химиялық өндеу жұмыстары жүргізілмейтінін ескертеміз және пестицидтерді сатып алу, арнайы өндейтін техникаларды жалдауды және химиялық өндеу жұмыстарын өз қаражаттары есебінен жүргізу қажет екендігін, сонымен қатар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жанынан субсидия бөлінетіндігін  қаперіне саламыз.

Фитосанитариялық іс шараларды жүргізу ережелеріне жаппай өршуі болған жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражат есебінен өңдеу жұмыстары жүргізілуі туралы өзгерістер еңгізілуде, бүгінгі таңда аталған өзгерістердің күшіне енуі күтілуде.

Пестицидтармен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтар мемлекеттік тіркеуден өтеді және қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізіміне енгізіледі. Пестицидтерді қолдану санитарлық нормалар мен ереже талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

Аудан  саябақтарын, гүлбақтарды, көшелерді пестицидтермен өндеу кешкі, түнгі және таңғы сағаттарда пестицидтердің ең төмен жұмсау нормасымен жүргізеді. Тұрғын үйлерге дейінгі санитарлық қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі (50 метрден кем емес). Пестицидтерді шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің аймағында қолдануға жол бермеіді. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпты пестицидтерді пайдалануға тыйым салынады. Пестицидтармен жұмыс істеген кезде қорғаныс киімдерін (комбинезон, халат, қалын орамал немесе бас киім), қолғап, көзді қорғайтын көзілдірік, ауыз бен мұрынға респиратор кию керек. Пестицидтармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, шылым шегуге болмайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы киімдерді тазалап, арнайы бөлінген жерлерде сақтау керек. Пестицидтермен жұмыс істеп болғаннан кейін бетті, қолды жуу керек. Уланған жағдайда жедел жәрдем шақыру керек. Уланған жерлерге малдарды 20-25 күн өткеннен кейін жіберуге болады.

Шалғын көбелегіне қарсы қолданылатын пестицидтер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген болуы және пестицидтердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс, яғни санитарлық нормалар мен ереже талаптарын естен шығармаған жөн.

Пестицидтерді облысымыздағы төмендегі мекемелерден алуға болады:             «Alem Agro Holding» ЖШС (Предбайло Александр тел 8-701-780-10-21)                 «Alem Agro Holding» ЖШС (Жумин Берик тел 8-777-088-72-52)

Батыс Қазақстан облысында химиялық өндеу жұмыстарымен айналасатын арнайы мекемеле:

  1. «Фитосанитария» РМК
  2. «Магтоксин» ЖШС

 

ҚР АШМ АӨК МИК

Бәйтерек аудандық аумақтық

инспекциясының басшысы

Б.Гимединов

 

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
28 марта 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

16 октября 2026
Информационное сообщение Территориальной избирательной комиссии Западно-Казахстанской области
16 октября 2026
Инфографика о выборах депутатов маслихатов в Казахстане: дата 29 ноября, сроки полномочий и система голосования.
13 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы