Меню

Страницы

Статья

Ауылдық ҮЕҰ-ға арналған шағын гранттар байқауы туралы хабарландыру

«Жайық таңы» ҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында  ауылдық ҮЕҰ және бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар байқауының өтетінін хабарлайды.

 

Конкурс мақсаты:

Әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік саласында жұмыс істеу дағдыларын арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету.

 

Конкурс міндеттері:

- ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың қызметін насихаттау;

- ауылдық жерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру;

- әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың кәсіби және жеке дамуына жәрдемдесу;

- ауылдық жерлерді дамыту бойынша әлеуметтік жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту;

- ауылдық жерлердің проблемаларын шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту.

 

Гранттардың болжамды тақырыбы:

Дайындалған жобалар төменде көрсетілген тақырыптық бағыттарды қамтуы, бірақ олармен шектелмеуі мүмкін:

  • гендерлік теңдік, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқығы, қоршаған ортаны қорғау, жергілікті және ұлттық деңгейлерде мемлекеттік органдармен құрылымды сұхбат жүргізу арқылы жастардың, балалардың, егде адамдардың және т.б. осал топтардың мүдделерін қолдау және құқықтарын қорғау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдардың күштерін біріктіру және олардың хабардарлығын арттыру;
  • әкімшілік кедергілерді төмендету және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және олардың қолжетімдігін арттыру және т.б.;
  • азаматтардың денсаулығын қорғау және алдын ала емдеу, салауатты өмір сүру салтын насихаттау, азаматтардың моральдік-психологиялық жағдайларын жақсарту;
  • ақысыз негізде азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықты құқықтық сауаттандыру және еңбек құқықтарын қорғау;
  • өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу;
  • ауылдық аймақтың мәдени ортасын дамыту.

 

Шағын-гранттар конкурсына қатысуға тиісті өңірдің ауылдық үкіметтік емес ұйымдары, ауылдық бастамашыл топтарына қатысуға жол беріледі.

 

Конкурс аясында 10 жеңімпаз анықталады, олар тиісті өңірде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.

 

Өтінімдерді беру:

Өтінімдерді қабылдауды бастау күні:    15 мамыр 2020 ж.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні:    14 маусым 2020 ж.

Грантты іске асыру мерзімі:                   маусым – қыркүйек 2020 ж.

 

Конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес рәсімделген және  pdf форматында болуы тиіс.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

- конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну туралы қол қойылған ілеспе хат: бастамашыл топтар үшін – еркін нысанда, заңды тұлғалар үшін-ұйымның ресми бланкісінде мөр басылған;

- ұсыным хаттар (бар болған жағдайда);

- жобаны таныстыру, жоба туралы бейне (бар болған жағдайда).

 

Конкурстық комиссия келесі бағалау өлшеміне сәйкес жобаларды іріктейді:

 

Бағалау өлшемі

Бағалау салмағы, %

1.

Халықтың ауылдық жердің проблемаларын шешуге қатысуы

30

2.

Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және ауылдық жердің міндеттерін шешудегі тиімділігі

30

3.

Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі

20

4.

Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы

10

5.

Бюджеттің парасаттылығы мен негізділігі

10

 

Барлығы:

100

 

Өтінімдер талап етілген қосымшалармен және өтінімге тікелей қатысы бар қосымша материалдармен oo_zhaiyktany@mail.ru электрондық поштасы арқылы 2020 ж. 14 маусым 18.00-ге дейін қабылданады. 

 

Байқауға қатысты мәселелер бойынша 87710381082, 87016265445  телефондарына хабарласу қажет. 

 

Шағын гранттар байқауын өткізу туралы ереже

«Батыс Қазақстан облысының ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» гранттық жобалары шеңберінде шағын гранттар конкурсын өткізу туралы ереже

 

Қосымша 1

Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға:

Заңды мәртебесін көрсете отырып, ұйымның толық атауы қазақ және орыс тілдерінде

 

Заңды тіркеу күні

 

Ұйымның заңды мекен-жайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

Ұйымның нақты мекенжайы

(пошталық индекс, облыс, елді мекен, көше, үй, кеңсе)

 

Ұйымның байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, ЖСК, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Ұйымның бірінші басшының аты-жөні

 

Басшы лауазымының атауы

 

Басшының байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Ұйым бухгалтерінің аты-жөні

 

Бухгалтердің байланыстары

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

 

Ұйымның құрылтайшылары туралы мәліметтер

(Құрылтайшылардың аты-жөні / құрылтайшы ұйымдардың атауы)

 

Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның қызметі, штаттық қызметкерлер саны

 

ҮЕҰ дерекқорында болу туралы ақпарат

 

Мақсатты аудитория/мекенжай тобы (егер қолданылса)

 

Бастамашыл топтарға:

Елді мекен (міндетті түрде көрсету керек)

 

Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер:

Аты-жөні (толық)

 

Туған күні

 

Білімі (білім беру мекемесінің атауын және мамандығын көрсету қажет)

 

Жұмыс орны (ұйымның атауы және лауазымы)

 

Марапаттар, сертификаттар, курстар (сіздің біліктіліктеріңізді және кәсібилігіңізді растайтын деректер болған жағдайда көрсету)

 

Ұялы телефон (аталған телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)

 

Байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда). Адамның атын және оның сізбен қарым-қатынас дәрежесін көрсету: дос, ана және т. б.)

 

Электронный адрес

 

Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз)

 

Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша, Конкурстық комиссия білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да мәліметтер)

 

Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер:

1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады)

Аты-жөні (толық)

 

Туған күні

 

Ұялы телефон (аталған телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады)

 

Электрондық мекен-жай

 

Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз)

 

2 қатысушы

3 қатысушы және т.б.

 

2. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер (бастамашылық топтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін)

№

Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны

Жүзеге асыру мерзімі

Қол жеткізілген нәтижелер

Жұмсалған ресурстар (қаржылық, материалдық, адами және т. б.)

1.      

 

 

 

 

2.      

 

 

 

 

 

3. Жоба туралы ақпарат

1.       

Жобаның атауы

Жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз

 

2.       

Жобаның мақсаты

Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Сіздің елді мекеніңіздің қандай әлеуметтік мәселелерін шешеді?

 

3.       

Жобаны жүзеге асыоу аймағы

 

4.       

Жобаның мақсатты тобы

Сіздің жобаңыздан кім пайда алады?

 

5.       

Мақсатты топтың жоспарлы сандық қамтылуы

Сіздің жобаңыздан қанша адам пайда алады? Нақты санды көрсетіңіз

 

6.       

Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс-шаралар тізбесі

Сіз жобаны іске асыру үшін не істейсіз? Сіз мұны қалай жасай аласыз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?

 

7.       

Жоба бойынша серіктестер

Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кімді тарту керек? Сіз серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? (Серіктестердің атауын көрсетіңіз)

 

8.       

Күтілетін нәтижелер және жобаның әлеуметтік әсері

Нәтижесінде не аласыз? Жергілікті халық үшін сіздің жобаңыз қандай пайда әкеледі? Жоба жүргізілгеннен кейін сіздің жеріңізде қандай өзгерістер болады?

 

9.       

Жобаның жалпы құны (теңгемен)

Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат қажет?

 

10.   

Жобаның тұрақтылығы

Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Жобаны қалай жалғастыруды жоспарлайсыз?

 

11.   

Жұртшылықты ақпараттандыру

Адамдар сіздің жоба туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? (Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз).

 

12.   

Әлеуметтік жобаның тәуекелдері

Жобаның барысы мен нәтижесіне қандай тәуекелдер әсер етуі мүмкін? Сіз тәуекелді және мұндай салдарларды азайту ықтималдыығын қалай жоспарлайсыз?

 

13.   

Жобаны іске асыру жоспары

 

№

Іс-әрекет / іс-шара

Жоспарланған мерзім

Қатысушылар

Топтың жауапты мүшесі

 

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

15.

Жоба бюджеті

 

№

Шығын бабы

Саны бірл.

Бағасы

Сомасы

 

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 мая 2020
Дата обновления
27 мая 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы