Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
облыстық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы
№4 округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №4 округтік сайлау комиссиясы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркелгенін хабарлайды:
- Залмұқанов Тілек Дүйсенұлы –1973 жылы туылған, «Дүйсен» шаруа қожалығының басшысы, Бәйтерек ауданының Скворкин ауылында тұрады.
- Қайырғалиев Айбек Айғалиұлы – 1996 жылы туылған, «ZIGMUND» және «СРБ-А» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерінің директоры, Бәйтерек ауданының Мичурин ауылында тұрады.
- Насыров Еркін Мақсотұлы – 1975 жылы туылған, «Алтын болашақ» шаруа қожалығының басшысы, Бәйтерек ауданының Махамбет ауылында тұрады.
- Сүндетов Есен Оразғалиұлы – 1976 жылы туылған, «Сундетов» шаруа қожалығының басшысы, Бәйтерек ауданының Янайкин ауылында тұрады.